Коммерциялық


Өлшеу құралдарының виртуалды моделдерін сипаттау



бет17/21
Дата14.04.2023
өлшемі1,98 Mb.
#174468
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лабы все каз МССУК
Ссылки на опросника-4261000225376E7765241AC (1) 1649337057.3696556 (1), Пищевая химия, Возражение нотариусу образец-1

Өлшеу құралдарының виртуалды моделдерін сипаттау


Виртуалды зертханалық стенд дербес компьютердің жұмыс үстелінде орнатылған Labview-де өңделген компьютерлік модель болып табылады. Стендте келесідей өлшеу құралдарының моделдері бар: магнитэлектрлік вольтамперметрдің моделі; электронды аналогты милливольтметрдің моделі; цифрлік мультиметрдің моделі; универсалды көректену көзінің моделі; ауыспалы токтың көректену көзінің моделі; гальваникалық элементтің моделі; кернеу бөлгішінің моделі; коммутациялық құрылғының моделі.



      1. Магнитэлектрлік вольтамперметрдің моделі.

Тұрақты кернеу мен тұрақты токтың күшін тікелей бағалау әдісімен тура өлшеу процесін моделдеуге магнитэлектрлік вольтамперметрдің моделі қолданылады.
Магнитэлектрлік вольтамперметрдің осы моделімен өндірілетін техникалық сипаттамалары келесі:

        • тұрақты кернеуді өлшеу режимінде өлшеу шектері 0,075 В -тен 600 В- ке дейін таңдалынуы мүмкін;

        • тұрақты токты өлшеу режимінде өлшеу шектері 0,075 мА-ден 3 А-ге дейін таңдалынуы мүмкін;

        • келтірілген қателік үшін дәлдік класы нормаланған және 0,5 тең.

7.1 сурет –Магнитэлектрлік вольтамперметрдің бет панелі

      1. Электронды аналогты милливольтметрдің моделі.

Синустік және бұрмаланған түрі бар ауыспалы ток тізбектерінде кернеудің ортаквадрат мәндерін тікелей бағалау әдісімен тура өлшеулер процесін моделдеуге электронды аналогты милливольтметрдің моделі қолданылады.
Электронды аналогты милливольтметрдің осы моделімен өндірілетін техникалық сипаттамалары келесі:

  • ауыспалы кернеуді өлшеу режимінде өлшеу шектері 0,1 мВ-тен 300 В- ке дейін таңдалынуы мүмкін;

  • жұмыс жиіліктерінің диапазоны 10 Гц-тен 10 МГц-ке дейін;




    1. сурет – Электронды аналогты милливольтметрдің бет панелі




      • жиіліктердің 50 Гц-тен 100 кГц аралығында рұқсат етілген келтірілген негізгі қателік шектері келесі мәндерден аспайды:

  1. 1-3 мВ диапазонында h<=1 %.

  2. 10 мВ-300 В диапазонында h<=0,5 %.




      1. Цифрлік мультиметр моделі.

Цифрлік мультиметр моделі жұмысты орындағанда цифрлік вольтметр міндетін атқарып, тұрақты кернеуді және синустік түрдегі ауыспалы кернеудің ортаквадрат мәндерін тікелей бағалау әдісімен тура өлшеу процесін моделдеуге қолданылады.


    1. сурет – Цифрлік мультиметрдің бет панелі

Цифрлік мультиметрдің осы моделімен жаңадан өндірілетін техникалық сипаттамалары келесі:



  1. Ауыспалы кернеуді өлшеу режимінде өлшеу шектері 1,0 мВ-тен 300 В-ке дейін таңдалынуы мүмкін.

  2. Кернеуді өлшеу кезінде келесідей ішкі диапазондар орнатылуы мүмкін: 0,0 мВ-тен 199,9 мВ-ке дейін; 0,00 В-тен 19,99 В-ке дейін; 0,0 В-тен 199,9 В-ке дейін; 0 В-тен 1999 В-ке дейін.

  3. Кернеуді өлшеген кезде негізгі салыстырмалы қателіктің рұқсат етілген мәндер шектері келесі болады:

- тұрақты кернеуді өлшеген кезде

  [0,1  0,02(U k
U
1)]% ;

- жиіліктер диапазонының барлығында ауыспалы кернеуді өлшеген
кезде


  

0,6 

0,1 Uk


U

1% ,


мұндағы Uk - орнатылған өлшеу шегінің соңғы мәні;
U - мультиметр кірісіндегі өлшенетін кернеудің мәні.

  1. Активті электр кедергіні өлшеген кезде негізгі қателіктің рұқсат етілген мәндерінің шектері келесіге тең

R  [0,6  0,1( Rk
R
1)]% ,

мұнда Rk – орнатылған өлшеу шегінің соңғы мәні;
R – өлшенетін кедергі мәні.



      1. Универсалды көректендіру көзінің моделі.

Универсалды көректендіру көзінің моделі тұрақтанған бірқалыпты кернеудің реттелетін көзінің жұмысын моделдеуге қолданылады.
Универсалды көректендіру көзінің осы моделімен өндірілетін техникалық сипаттамалары келесі:

  • шығудағы кернеуді реттеу диапазоны 0 В-тен 30 В дейін және екі ішкі диапазоны бар: біріншісі – 0 В-тан 15 В-қа дейін, екіншісі – 15 В-тан 30 В-ке дейін.






    1. сурет – Универсалды көректендіру көзінің бет панелі




      1. Ауыспалы токтың көректендіру көзінің моделі.

Жиілігі 50 Гц, әрекет мәні жуықтап 220 В тең және есепке алынбайтындай өте аз ішкі кедергісі бар ауыспалы гармоникалық кернеудің жұмысын ауыспалы токтың көректендіру көзінің моделі моделдейді.



    1. сурет – Ауыспалы токтың көректендіру көзінің моделінің бет панелі




      1. Гальваникалық элементтің моделі.

Электрқозғалтқыш күші жуықтап 1,5В тең және есепке алынбайтындай өте аз ішкі кедергісі бар тұрақты электрқозғалтқыш күш көзінің жұмысын гальваникалық элементтің моделі моделдейді.

    1. сурет – Гальваникалық элемент моделінің бет панелі




      1. Кернеуді бөліктендіру моделі.

Бөлу К коэффициенті 1:10000 тең, дәлдік класы 0,05 тең, кірудегі кедергі 1 Мом кем емес, шығудағы – 1 кОм артық емес болған кездегі
бөліктендірудің жұмысын кернеуді бөліктендіру моделі қолданылады. Бөліктендіруді тұрақты және ауыспалы кернеу мәндері 500 В аспайтындай және жиілігі 20 кГц дейін шарттарда қолдануға болады.

    1. сурет – Кернеуді бөліктендіру моделінің бет панелі




      1. Коммутациялық құрылғының моделі.

Вольтметр кірісін өлшенетін кернеу көзінің шығысына қосуды моделдеуге коммутациялық құрылғының (КҚ) моделі қолданылады. Өлшенетін кернеу көздерінің моделдеріне вольтметрлердің моделдерін қосу келесі жолымен орындалады: жоғарғы ауыстырып–қосқышты өлшенетін көзі қосылатын кіріс нөміріне, ал КҚ төменгі ауыстырып–қосқышын өлшеу аспабы қосылған кіріс нөміріне орнатады. Коммутациялық құрылғының алдыңғы панелінде орнатылған қосу сары бояумен көрсетіледі.
Коммутациялық құрылғының бет панелінде келесілер орнатылған:

  • коммутациялық құрылғыны қосатын «ВКЛ» тумблері;

  • коммутациялық құрылғының кірістері мен шығыстарын өзара бойынша коммутациялаудың әдістерін таңдауға арналған тумблерлер.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет