Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату


Компьютерді дұрыс қосу және өшіру жолдары



бет3/3
Дата09.12.2023
өлшемі416,75 Kb.
#196008
1   2   3
Байланысты:
1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Компьютерді дұрыс қосу және өшіру жолдары
Компьютерді алғаш қосар алдында желідегі кернеу компьютер талап ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер кіретін кернеудің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компьютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс қалыпқа келтіру керек.
Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген жағдайда компьютермен бірге электр қуатының жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын (UPS) қолданған орынды.
Windows XP амалдық жүйесінде жұмыс істеген кезде компьютерді өшіру үшін:
· жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды аяқтау;
· Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда болған сұратудан – Өшіру батырмасын немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батыр-масын басу қажет емес);
· басып шығарғышты және компьютерге қосылған өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы модем,мәтіналғы және т.б.) өшіру;
· компьютердің мониторын өшіру;
· егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге қорек беру режімін өшіру қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты өшіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет