Конкурс туралы хабарландыру (Жалғасы. Басы 222-нөмірде)


Қамысты аудандық аумақтық инспекциясының бас ма­ман-мемлекеттік астық инспекторы, С-R-4 санаты, 1 бірлік



бет9/9
Дата25.01.2017
өлшемі1,36 Mb.
#7629
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Қамысты аудандық аумақтық инспекциясының бас ма­ман-мемлекеттік астық инспекторы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: астықтың сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады; астықты экспорттаушылардың қызметін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылауды жүзеге асырады; астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысады; Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқама береді; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары, технология ғылымдары және технология (агрономия, агроинженерия, астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы) саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер; практикалық тәжірибесі: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

6. Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз-шағым­дарды қарастыру; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын құрастыру, жеке құжаттаманы жүргізу; даулы мәселелер туа қалған жағдайда сарапшы болу. Ішкі сауда нысандарында шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс ресімделуін қарайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өкілеттіктерді және басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині) саласында. Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік ќызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Практикалық тәжірибесі: міндетті емес.

7. Қостанай қалалық аумақтық инспекциясының жетекші маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз-шағым­дарды қарастыру; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын құрастыру, жеке құжаттаманы жүргізу; даулы мәселелер туа қалған жағдайда сарапшы болу. Ішкі сауда нысандарында шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс ресімделуін қарайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өкілеттіктерді және басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині) саласында. Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Практикалық тәжірибесі: міндетті емес.

XV. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі, 160011, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, 87, анықтама үшін телефоны: (8 7252) 99-75-43, ішкі (0201, 0203), (8 7252) 99-75-42 электронды пошта: 725-0202@sud.kz; 725-0201@sud.kz, «Б» корпусындағы бос мем­лекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті соттары бойын­ша:

1. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, С-R-4 санаты, 14 бірлік: Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты – 2 бірлік; Шымкент қаласының Абай аудандық соты – 3 бірлік (оның ішінде 2 бірлік уақытша, негізгі қызметкерлердің 04.11.2015-16.11.2016 жылдар аралығында және 29.09.2015-01.06.2016 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалыс­тары кезеңіне); Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 09.06.2015-01.06.2017 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Мақтаарал ауданы №2 аудандық соты – 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің 04.03.2015-04.03.2016 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Мақтаарал ауданы №3 аудандық соты-1 бірлік; Созақ аудандық соты – 2 бірлік (уақытша, негізгі қызметкерлердің 22.09.2015-22.09.2016 жылдар аралығында және 18.09.2015-18.09.2016 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалыстары кезеңіне); Кентау қалалық соты – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 13.08.2015-13.08.2016 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Ордабасы аудандық соты – 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің 02.10.2015-02.10.2016 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: сот отырысының хаттамаларын жүргізу, қаралған істерді ресімдеу, сот қаулыларын орындау құжаттарын дайындау және жолдау, т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

2. Бас маман, С-R-4 санаты, 3 бірлік: Шымкент қала­сының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бірлік; Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 27.02.2015-27.02.2016 жылдар аралы­ғында балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Мақтаарал ауданы №3 аудандық соты – 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: кіріс құжаттарын тіркеп, тапсырмалардың уақтылы орындалу мерзімінің сақталуын қадағалау, сот тәжірибесін талдау мен қорыту, заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарауға қатысу, сот мамандарына заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды хабардар ету, т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

3. Аға сот приставы, С-R-4 санаты, 2 бірлік: Мақтаарал ауданы №2 аудандық соты – 1 бірлік; Бәйдібек аудандық соты – 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: сот процесіне қатысқан судьяларды және де басқа азаматтарды қорғау, ғимараттағы тәртіпті қадағалау, сот приставтарының жұмысына есеп жасау, істердің қаралу кезінде залдағы тәртіпті бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

4. Сот приставы, С-R-5 санаты, 2 бірлік: Шымкент қала­сының Әл-Фараби аудандық соты - 1 бірлік; Шымкент қаласының Абай аудандық соты-1 бірлік.

Функционалды міндеттері: сот процесіне қатысқан судьяларды және де басқа азаматтарды қорғау, ғимараттағы тәртіпті қадағалау, сот приставтарының жұмысына есеп жасау, істердің қаралу кезінде залдағы тәртіпті бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

5. Жетекші маман, С-R-5 санаты, 4 бірлік: Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 19.10.2015-19.10.2016 жылдар аралығында балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Шымкент қаласының Абай аудандық соты – 1 бірлік; Кентау қалалық соты – 1 бірлік; Арыс аудандық соты – 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: тарату журналын жүргізу, сот кеңсесінен барлық шығыс қағаздарын, хаттарын уақтылы тарату, кіріс, шығыс құжаттарды журналдарға тіркеу, т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу, т.б.

XVI. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) «Қостанай облыстық сотының кеңсесі» ММ, 110000, Қостанай қаласы, Пушкин к-сі, 100/1, анықтама үшін телефоны: (7142) 99-00-55, 99-00-54, 99-00-78, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 16.04.2016 ж. дейін).

Функционалды міндеттері: Қостанай облыстық соты кеңсесінің, аудандық және оған теңестірілген соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу бойынша айлық есепті мерзімінде ұсыну, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты бюджеттік тапсырыс­тарды дайындау, қоршаған ортаның ластануы бойынша есеп құрастыру, коммуналдық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасау. Келісімшарттар жасау, мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттарды заң жүзінде бағалау, коммуналдық қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес (бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы және кредит, экономика, менеджмент) саласында жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес (бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы және кредит, экономика, менеджмент) саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Қаржы бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ұйым кассасындағы қолма қол ақша-қаражаттарын және олардың қозғалысының есебін жүргізеді, кассалық кітапшадағы кассалық операцияларды есепке алу, шығындық кассалық ордерлерді мақсатты пайдалану бойынша қолма-қол ақша қаражатын беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес (бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы және кредит, экономика, менеджмент) саласында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда әлеуметтік-экономика ғылымдары және бизнес (бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы және кредит, экономика, менеджмент) саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу бөлімінің сот приставы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: сот процесіне қатысушы судьялардың және басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атқарушылық іс шараларды орындауға қатысу, сотқа келуден бас тартқан тұлғаны мәжбүрлетіп алып келуді іске асыру, сотта қарастыру кезінде судьяның тапсырысы бойынша қылмыстық істі және заттық дәлелдемелерді алып келу және сақтау, сот ғимаратында тәртіпті қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (заңтану), педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық ғылым және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару), ортадан кейінгі білім: құқық (заңтану), педагогика, әлеуметтік-экономика ғылым және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалды көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнез­демелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсе­тілген құжаттарды электронды пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бай­қаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгей­дегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттiк органның басшысының (жауапты хатшысының) келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

С-2, С-3, C-О-3, C-R-1 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік ресімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

С-4, С-5, С-О-4, C-O-5, С-О-6, C-R-3, С-R-4, cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік ресімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

C-R-5 cанаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.anticorruption.gov.kz
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет