Конкурстық саралау шарты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Магистратураға түсу типтік ережесі негізінде және



бет2/14
Дата16.11.2022
өлшемі53,7 Kb.
#158566
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Конкурсты саралау шарты л-Фараби атында ы аз У-ні Магистрату
daris 9 (1)
Білуі тиіс:

  • педагогика және психология генезисін, оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін, психологилық-педагогикалық білімдердің даму кезеңдері мен маңызды салаларын, негізгі педагогикалық және психологиялық ғылыми мектептерді, тұжырымдамалардың бағыттарын;

  • оқыту теориясы мен тәрбиелеу теориясының негізгі ережелерін, педагогика тарихын, этнопедагогика және этнопсихология, педагогика және психологиялық қарым-қатынасты, қазіргі психология саласындағы тұлғаны дамытудың маңызды тұжырымдамаларын;

  • білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту әдістерін және оны педагогикалық тәжірибеде қолдануды.

Игеруі тиіс:

  • білім беру саласының өзекті мәселелерін психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін; құралдарды меңгеруі, заманауи ақпараттық технологиялар негізінде педагогика және психология саласында зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру әдістерін қолдануды;

  • қазіргі мектептегі оқу сабақтарын және тәрбие жұмыстарын жоспарлауды;

  • педагогикалық үдерісті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және мектептің тәрбие жүйесі аясында психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын.

Жалпы құзыреттер:
құралдық құзыреттер: үдерісте және педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде рефлексияға, өзін-өзі бақылау және түзетуге қабілеттілік, анықталмаған жағдайларда кәсіби-педагогикалық және тұлғалық мәселелерді шешуге дайындығы; оқу орындарында заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып құқық саласындағы біліктері мен дағдылары;
тұлғааралық құзыреттер: оқу және зерттеу іс-әрекетінде басымдықтарды таңдауға қабілеттілік; жеке-тұлғаға бағдарланған білім беру және тәрбиелеу жағдайында субъектілік үштік қарым-қатынасындағы (бала–ата-ана–педагог-психолог) педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру дағдыларын меңгеруі; орын алған педагогикалық жағдаяттарда дұрыс әрекет ету.
жүйелі құзыреттер: тұтас дүниені оның бөліктері мен элементтері негізінде игеру, түсіну және қабылдау қабілеті, білімді логикалық өзара байланысқан ғылыми ұғымдар жүйесі ретінде жаңғырту білігі.
пәндік құзыреттер: нақты тәжірибелік жағдаяттарда құқықтық нормалар мен теорияларды қолдану; педагогикалық зерттеулер әдістері мен техникаларын қолдана отырып білім беру мәселелерін талдауға қабілеттілік; педагогикалық үдерісті басқару, диагностикалау, түзету және педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін болжау; білімділік деңгейін диагностикалау құралдарын меңгеруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет