Конкурстық саралау шарты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Магистратураға түсу типтік ережесі негізінде және



бет1/14
Дата16.11.2022
өлшемі53,7 Kb.
#158566
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Конкурсты саралау шарты л-Фараби атында ы аз У-ні Магистрату


«6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА


МАЗМҰНЫ



  1. Мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері



«6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсу сынағы ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүргізіледі.
Конкурстық саралау шарты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Магистратураға түсу типтік ережесі негізінде және «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде құрастырылды.
Мақсаты – бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама талапкерлердің оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін және негізгі психологиялық-педагогикалық талдау әдістерін педагогикалық теориялық қолданбалы тапсырмаларды шешуде қолдану қабілетін игерту болып табылады.
Міндеттері:

  • тұтас білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін және оның ішінде педагогика ғылымы туралы білім деңгейін және оқу жетістіктерін анықтау;

  • оқыту және тәрбиелеу теориясының іргелі ұғымдары мен қағидалары туралы білімдерін айқындау;

  • психологиялық білім деңгейін және құзыреттерін айқындау;

  • педагогикалық іс-әрекет әдістерін меңгеру дәрежесін анықтау;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолданудағы білік деңгейлерін анықтау;

  • іс-әрекет етудің, қарым-қатынастың және т.б. психологиялық-педагогикалық технологияларды меңгеру дәрежесін анықтау.



2. «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсетін тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


«6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсетіндер келесі құзыреттіліктерді меңгеруі тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет