Конкурстық саралау шарты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Магистратураға түсу типтік ережесі негізінде және



бет3/14
Дата16.11.2022
өлшемі53,7 Kb.
#158566
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Конкурсты саралау шарты л-Фараби атында ы аз У-ні Магистрату

4. Емтихан тақырыптарының тізімі


Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.


Ped 1304 Педагогика 1,2-бөлім – 3 кредит


1-тақырып: Педагогика ғылым ретінде
Педагогика ғылымы туралы жалпы таныстыру. Педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы. Педагогика ғылымының нысаны, пәні, қызметтері мен міндеттері. Педагогика ғылымының қайнар көзі.
2-тақырып: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика адам туралы ғылыдардың жалпы жүйесінде. Педагогика және философия. Педагогика және психология. Педагогика және әлеуметтану. Педагогика және биологиялық ғылымдар. Педагогика және экономика.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының формалары. Педагогика саласындағы ғылыми білімдердің дифференциациясы мен интеграциясының диалектикалық сипаты
3-тақырып: Тұлғаның әлеуметтенуі
Әлеуметтену педагогика және психологияның категориясы ретінде: оның мәні, кезеңдері. Әлеуметтенудің міндеттері. Педагогика ғылымындағы оқыту мен дамытудың арақатынасының мәселелері. Тұлғаны әлеуметтендіру мен қалыптастырудың факторлары.
4-тақырып: «Педагогика ғылымының әдіснамасы» ұғымы. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.
Әдіснама деңгейлері: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми, технологиялық.
Педагогиканың әдіснамалық қағидалары: жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтық), мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, антропологиялық тұғырлар педагогиканы әдіснамасының негіздері ретінде, олардың қысқаша сипаттамалары.
Педагогикадағы жүйелілік тұғыр әдіснамасының дамуы. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.
5-тақырып: Педагогикадағы ғылыми зерттеулер, оның негізгі сипаттамалары.
Ғылыми зерттеу танымның ерекше формасы ретінде. Педагогикалық зерттеу. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы. Педагогикалық зерттеудің негізгі элементтері және логикасы. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет