Қазақстанды Ресейдің отарлауы– 1731 жылы Кіші ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды.1731-1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді.Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы,1822 жылы Орта жүзде,1824 жылы Кіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды (қ. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан Хиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар Қоқан Бұхар,Хиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді.[1]
3. Тұтас алғанда, Қазақстандаңғы 1916 жылғы көтерілістің отаршылдыққа қарсы және феодализмге қарсы сипаты болды, оның негізгі қорғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болған еді.
Ресейдің отаршыл патшалық үкіметінің қарсы қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көпшілікке белгісіз, тарихи ақтаңдақтардың бірі-патшаның «25 маусым жарлығы» бойынша жасы 19 бен 31 жас аралығындағы «соғыс жүріп жатқан жерлердегі майданның қара жұмыстарына» барған қазақ жігіттерінің тағдыры, олардың елден тыс алыста қандай жұмыстар істегені, майдан шебіндегі қандай жерлерінде болғандығы туралы белгісіз деректер болып табылады.
Ресей патшасы II Николай Министірлер Советінің ұсынысымен 1916 жылы маусымда бұратына халықтардың ер адамдарын бекініс құрылыстарын және байланыс жолдарын салу үшін майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарады. Осы жарлық бойынша, 19 бен 43 жас аралығындағы бұрын әскер міндетін атқармаған Астрахань, Сібір, Сырдария, Орал, Торғай және Закаспий облыстарының, Кавказдың Тер және Кубань облыстарының халықтары реквезицияға ұшырады.
Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді. Патша жарлығы бойынша «соғысып жатған армиялар қатынастар орнату» жөніндегі жұмыстар үшін Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
Соның ішінде Түркістан бойынша: Сырдария облысы-87 мың адам, Жетісу облысы-60мың адам, Ферғана облысы-50 мың, Самарқанд облысы-38 мың адам, Закаспий облысы-15 мың. Ақмола облысы-48316 адам, Семей облысы-85479 адам, Орал облысы-50270 адам, Торғай облысы-49489 адам.
1916 жылғы көтеріс кең байтақ өлкенің барлық аймықтарын қамтып, бүкіл қазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік халық жат саясатқа қарсы бағытта өрбіді», — деп тұжырым жасайды.[3] Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалыстарын шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.
Алайда 1916 жылғы көтерілісі жеңіліске ұшырады. Себебі ол алдын-ала жоспарланған бас көтеру емес еді, көтерілістің жеңілуі заңды құбылыс еді. Оның негізгі себебі, көтерілістің-елдің ең сапалы құбылысы еді. Бастауыш тобы ұлт зиялыларының қолдауына ие болмады. Қазақ интеллигенйиясы орыс империясының өзінің отаршылдық саясатын жүзеге жолында халықты қару күшімен аяусыз басып-жаншу әрекеті қолданатынын түсініп, елді бүлікшіліктен сақтандырды, көтерілістен бас тартуға шақырды. Бұл кезде елді тәуелсіздікке бастап егемендік мақсат-мұратқа жеткізетін саяси күш әлі де толық қалыптаспады. Сондықтан көтерілісшілер тарихи дәстүрмен хандықтар мен хандарды қайта құру әдісімен отаршылдыққа қарсы күресті. Бірақ бұл әдіс тарихтың жаңа мақсаттары мен мұраттарын іске асырмады.
Достарыңызбен бөлісу: |