Әлеуметтану



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі122,57 Kb.
#82012
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану срс

Әлеуметтану

Тарихы

  • Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет