Конституция Республики Казахстан



бет4/32
Дата13.12.2021
өлшемі58,79 Kb.
#125277
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
10 тест
7-Лекция АП, 1451965141219, д, д, гулбаршын апай (копия) (копия)
На казахском языке:

  1. Қазақстан Республикасының Президентi туралы заңға сәйкес Қазақстан Президенті — … халық пен мемлекеттiк билiк бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi

  2. Халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы кімге берiледi? Қазақстан Республикасының Президентiне

  3. Республика Президентiн сайлау қандай актіге сәйкес жүзеге асырылады? конституциялық заңға сәйкес

  4. Республика Президенті қызметіне кірісер алдында халыққа қандай ант береді? «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн»

  5. Ант беру салтанатты жағдайда … қатысуымен өткiзiледi? Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң

  6. Кім Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және «Алтын қыран» орденiн тапсырады? Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

  7. Республика Президентінің халыққа ант беруі қай уақытта өткiзiледi? қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде

  8. Қазақстан Республикасының Президенті қандай мерзімге сайланады? 5 жыл

  9. Республика Президентiнiң … хақы жоқ. өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға

  10. Қандай шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына қолданылмайды? Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды

  11. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентiнiң өкiлеттiгi … жүзеге асырылады. кезектен тыс сайлаудан кейiн бес жылдан соң өткiзiлуге тиiс кезектi сайлауда сайланған Республика Президентi лауазымына кiрiскен

  12. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қандай айырым белгiлерi бар? Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы

  13. Республика Президенті ненің сипаттамасын анықтайды? байрақтың

  14. Республика Президенті белгілейді: Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн

  15. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын кім анықтайды? Орталық сайлау комиссиясы

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет