Даосизм де Кореяда ежелгі заманда пайда болған. Бірақ бұл діни-дүниетанымдық ағым айқын ұйымдастырлып рәсімделген жоқ, сонда да оның әсері күні бүгінге дейін тән мен жанның саулығы, мәңгі өмірге ұмтылыс, ұзақ өмір мен бақыт тілеуде байқалады. Қазақстандағы корей диаспорасының басқа этностардан айырмашылығы өздерінің тарихи отанына көшіп кетушілердің жоқтығы болып табылады. Жас корейліктердің аз бөлігі ғана Корея Республикасына оқуға немес жұмыс істеуге уақытша кетіп жатыр. Ал тұрақты өмір сүруге тек қана бірнеше ондаған адамдар кетіп жатыр.
Корейліктердің дәстүрлі шаруашылығы жер жырту, өңдеу, өсіретін басты дәнді дақылдары-күріш болып табылады. Техникалық мәдени дақылдар- мақта, сора, темекі, женшень, кунжут және т.б. Қауын, қарбыз және т.б жеміс-жидектер өсірген. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласының бірі- жібек өсіру. Жағалауға жақын жерлерде балық аулау, теңіз аңдарын аулау және балдырлар жинау дамыған.
Дәстүрлі қолөнері – қыш өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және т.б жатады.
Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын корейліктердің тұрғын үйі дәстүрлі және ортаазиялық құрылыс элементтерінің жиынтығын көрсетеді. Үйлері көбінесе саз балшықты қабырғалардан немесе саман кірпішінен жасалған қабырғалардан тұрғызылады. Қазақстанға келгенге дейін бұндай үй құрылыстары болған жоқ, себебі, корейлердің дәстүрлі тұрғын үйлері, қаңқа бағаналы құрылыстар жатады. Корейлердің дәстүрлі жылыту жүйесі кудур немесе ондаль ұлттың өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі болды. Оның мәні от жағатын жерден құбырларға өтетін түтін шығару жүйесінде болды.
Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.