Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық тәжірибесі мен шеберлік мектебі



бет37/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық тәжірибесі мен шеберлік мектебі.

Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылығының ішіндегі кейіпкеріміз – қазақ тележурналистикасының саңлағы – Бейбіт Құсанбек. Небәрі 45 жасында бақилық болды. Оқиға 2007 жылдың 6 ақпанында орын алған. Бейбіттің автокөлігі «КамАЗ» жүк көлігінің табанында тапталды. Ол артында қалған үш ұлын ғана емес, бүкіл елін еңіретіп кетті. Өмірінің соңғы жылдары Бейбіт Құсанбек «Хабар» агенттігі Президент телерадиокешенінің публицистикалық бағдарламалар бөлімінің редакторы қызметін атқарған еді. Мыңдаған көрермен оны «Тіл», «Ел ағалары», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» жобалары арқылы таныды. Оның «Тіл» бағдарламасы 2005 жылдың үздік ток-шоуы деп танылса, 2006 жылы журналиске Елбасымыз алғыс жариялады. Бейбіт – лирик ақын, табиғаты ешкімге ұқсамайтын ғажап сазгер еді. Артында мөлдіреген жырлары, әсем әндері қалды. Күләш Ахметованың сөзіне жазылған Бағдат Сәмединова орындап жүрген «Бегімайдың әні», «Сырғалы сұлу» сынды бірнеше лирикалық ән жазды. Егер журналистика емес, сазгерлікті таңдаған болса, Бейбіт тамаша сазгер ретінде де тарихта қалатын азамат еді. Бірақ, өзгенің бәрінен өзі таңдаған даңғыл жол – журналистикасын жоғары қойды, оған өмірінің соңына дейін адал қызмет етті.

«Бәріміздің баратынымыз – қара жер» Опат боларынан бес күн бұрын Руслан Бөлебай осылай деген екен. Журналист Руслан, әнші Руслан, ақын Руслан, тіпті суретшілік те табылыпты бір бойынан. Апат 2009 жылы шілденің 16-сынан 17-сіне қараған түні орын алған. Дәл сол күні Руслан Анкарада өтетін үлкен концертке қатысуға тиіс болатын. «Ертең Анкараға жеткенше ұшақта ұйықтап үлгерермін. Әлі де біраз уақытымды достарыммен өткізуім керек» деп түн ортасында бір топ жолдасымен «атқа» қонады. Жастардың ойы – шолпан жұлдыз сөнгенше Алматыны шарлау еді. Әнші Нұржан Қалжанның «Тойотасын» таңдайды. Сағат 3.30-да Гагарин көшесімен жоғары көтеріліп келе жатқан автокөлікті Жамбыл көшесінен шыққан «Мерседес» үлкен жылдамдықпен сол жақ бүйірінен соғады. Сағат тілі тұп-тура 7-ні көрсеткенде өнер деп өрекпи соққан от жүрек мәңгіге тоқтайды. Небары 24 жасында құйрықты жұлдыздай ағып түскен талантты журналист санаулы ғұмырында талай биіктерді бағындырды. Руслан тілшілік қызметке 15 жасынан келген. Республикалық және қалалық газеттерде алғашқы тырнақалды мақалалары жарық көреді. Өзі аңсаған ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсті, магистр дәрежесін алып шықты. Білім ала жүріп журналистік қызметпен айналысуға уақыт таба білді. 2003-2004 жылдары «Арай» журналының жауапты редакторы қызметін атқарса, 2004 жылы «Егер мен ВВС басшысы болсам» байқауының жеңімпазы атанып, Ұлыбританияның астанасы Лондонда ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өтті. Телевизиядағы алғашқы қадамын КТК телеарнасының ақпараттар бөлімінен бас-тады. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет