Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Қазақ әдебиеті» газетінің тақырыптық, мазмұндық өзгешеліктеріне баға беріңіз



бет45/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
«Қазақ әдебиеті» газетінің тақырыптық, мазмұндық өзгешеліктеріне баға беріңіз.

Бұрында Қазақстан Жазушылар Одағының органы болған, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті – «Қазақ әдебиеті» өзінің сексен бес жылдан астам тарихында сан-алуан кезеңді басынан өткере отыра халық көзін ақпаратпен қамтамасыз етіп,ұлт жаршысы болды. Газет беттерінде қазақ ақын жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар мен ойтолғаулар жарияланып тұрады. Сонымен бірге, оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әралуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қолөнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.Газет толықтай әдеби мәселелерді кеңінен қамтиді.Кез- келген тұлға бойынша болсын көптеген ақпараттармен қамтамасыз етілген.Бұдан бөлек осы газетке мақала жариялаймын деуші жандар үшінде мүмкіндіктер қарастырылған.Әдебиеттің теңізінде жүзем дейтін жүйріктер үшін таптырмайтын газет. Қазақ Әдебиеті тек қана ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай,сондай-ақ елдің,әсіресе қазір көзден кеткен тіл мәселелерін шешуде толағайдай еңбек етуде.Материалдарда барынша әдеби көркем тілді қолданғандарынан бөлек тілдің мүдсін қорғауда адал қызмет атқаруда. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндейтін болсақ, «Қазақ Әдебиеті» газеті қазақ халқының әсем,маржанды көркем тілін тұғырдай биікке шығаруда толассыз еңбек етіп отырған ардагер газет.Қаншама жылдық тарихында тілдің мерейін асқақтатып,әдебиетіміздің жолында еңбек етуде әлі де еңбек ете бермек!



  1. «Жұлдыз» журналындағы жастар шығармашылығына көзқарас білдіріңіз.

Шындығына келгенде біз жастар белгілі тұлғалардан бөлек көп ақын – жазушыларлы тани бермейміз. Себебі олардың шығармашылығы бізге жетпей жатыр. Ал «Жұлдыз» журналы олардың еңбектерін оқып, өздерін танып білуімізге таптырмас басылым.
Бүгінгі рухани бай «Жұлдыздың» тыныс – тіршілігі қызу.
Ата-баба мұраларын, халық қаһармандары мен мәдениет, өнер қайраткерлерінің ерен еңбектерін елеп, пір тұта білу үшін де ұлттық тарихты ғана біліп қоймай, бүгіні мен ертеңін таразылай білу қажет. Салт-санамыз бен тілімізді, дінімізді, жерімізді ата бабамыз ұзақ жылдар бойы сақтау жолында қасық қаны қалғанша күрескені - ертеңгі ұрпаққа мұра қалдыруға ниет білдіруі.
Ұрпақтан ұрпаққа жеткен мұраны таза калпында бойымызға дарытумен қатар, ұлтымыздың ұлылылығын мойындай отырып, өзгелерге де мойындату - журналистердің де халық алдындағы биік борышы деп түсінеміз. Бұл журналда көптеген тұлғалар мен ақын-жазушылар жұмыс жасағанымен, жастар шығармашылықтарын да жиі байқаймыз. Оқуға өте ыңғайлы.

24 билеті Қ АИДА





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет