Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет120/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   316
Әдеби KZ
 
 
да жадыңа тұт. Бұрын Жәнібек пен Керей ғана Ақжолдың құнын жоқтаса, енді 
бүкіл қазақ жоқтап жүрмесін. Егер бар қазақ Ақжолдың құнын сенен сұрар болса, 
өзің түгіл бүкіл Көк Орданың мал-мүлкі жетпес. Бұны да ұмытпа. Қорытып 
айтарымыз, — Арғын би сәл саябырлады, — айыптысың, бізге ер демейміз. Ал ел 
бірлігін ойласаң ертең біз көшкен күні, сонау Торғайдағы ата мекен қонысыңа сен 
де көшесің. Басымыз жаңа бірігіп келе жатқанда, сөкет үлгі көрсетпе өзге елге. 
Алда-жалда осы айтқанымызды орындамасаң, кінә тақпа. Бар қазақтан бес мың 
сойыл табылар. Онда жауымыз Әбілқайыр емес, өзің боласың. 
— Дұрыс айтасың, Арғын би, — деді отырғандар. 
— Айтарымызды айттық, ендігісін қабырғаңа кеңесіп өзің шеш! — деп Арғын 
би мен топ батыр дәмге қарамай үйден шығып кеткен. 
Ызадан жанып-күйген Қобыланды бір мезет әлгілердің соңынан қуып жетіп, 
жалғыз өзі айқаспақ болған. Бірақ бірте-бірте сабасына түскен. Бүкіл қазақ 
біріккелі жатқанда, үйірден бөлінген саяқ секілді, Қыпшақ руын, Әбілқайырдың 
қасында алып қалуды өзі де жөн көрмеген. 
Халқы ардақтаған аңғал батыр, Әбілқайырдың сөзіне еріп, ашу сезімін билей 
алмай, жұртына қара бет бола бастағанын кеш аңғарған. Өткен ісіне күңірене 
өкініп, енді ел-жұртынан алыс кетпеске бел буған. Бірақ бірден бұл арманын 
орындауға көңілі дауаламаған. Қазақ рулары Моғолстанға бет алғанда, бұның 
Торғай өзенінің бойына қарай көшу себебі осыдан еді. 
Ал, көшкен елдің ең ақырғы қарасы үзілген кезде, Орда-Базардың күнгей 
жағындағы ойпаттан Көксеңгірін сабылтып терлеткен Қобыланды батыр көрінді. 
Хан ақылын алып, өзі жасаған дүрбелеңінің аяғына дейін шыдай алмай, біраз ел 
Әбілқайырдан бөлініп кетіпті дегенді естіп, кеше кешке хан Ордасына қарай 
шапқан. Сол шапқан күйі жеткен беті. Өзен бойында бұрын сыңсып отыратын 
ауылдардың сиреп қалғанынан бұл маңдағы рулардың көшіп кеткенін түсінген. 
Күйік үстінде өзінің не істегенін енді ғана ұққан. Бірақ өкінішін сыртқа шығармады. 
Бір мінезді, қайсар батыр әлденеге үміттене жан-жағына қарады. Төбе басында 


128 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет