Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет128/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ордаңызға қайтсаңыз, біз сіздің айтқаныңызға көніп, айдауыңызға шыдар едік» 
деген. Сөйтіп Әбілқайыр хан Самарқант әмірлігін бәлендей қан жоса етіп 
бүлдірмей, көп олжамен ұлы қаланы оп-оңай өзіне қаратып, Ордасына қайтқан. 
Осының бәрі Оспан-Қожа дәйекшінің дер кезінде хабарландыруынан еді. 
Осы күннен бастап Әбілқайыр Самарқант, Бұқар әмірліктерінің ісіне жиі кірісіп 
тұратын болған. Өзіне ұнамаған әмір, сұлтандардың билігін тартып алып, басқаға 
беру Әбілқайырға үйреншікті әдетке айналған. Бұл істерде Оспан-Қожаның 
қолқабысы аз тимеген. Жалғыз жақсылығы бұл ғана ма? 
Бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы, Хаджри есебі ойынша сегіз жүз елу 
бесінші жылы Самарқанттың әмірі, өз әкесі ұлы дана Ұлықбекті өлтірген әбді 
Латиф мырзаның өзі де алты ай өтпей қастарынан қаза тапқан. Бұл кезде Ақсақ 
Темірдің екінші ұлы Махамедтен туған Мираншах мырзаның баласы әбусейіт 
қуғында жүрген. Осындай жағдайда Бұқар, Мерв, Үргеніш әмірі Шахрухтың 
баласы Ирбагимнен туған әбділлах мырза Самарқантқа ие болған. 
Әбусейіт осы мезгілде бүлік шығарып Бұқарды алды. Бірақ Бұқар уәлиеті оған 
аз көрініп, Самарқантты да өзіне бағындырмақ болды. Әбілқайырға Оспан-Қожа 
мұндағы жағдайды тағы хабарлады. Әбділлахтан көрі, Көк Ордаға әбусейіттің 
тиімді екенін айтты. 
Көп кешікпей әбусейіт әбділлахқа қарсы соғыс ашты. Бірақ жеңіліп қалды. 
Мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылған тоқал ешкідей Самарқантты жаулап
аламын деп жүріп, Бұқарынан айрылды. Енді ол қалған қолымен Түркістанға 
қашады. Мұнда да тыныш жүрмей Ақсақ Темірдің тұқымы екенін пайдаланып
Түркістанға әмір болады. Содан кейін барып, әбділлахқа өзінің күшінің 
жетпейтініне көзі жетіп, көп сыйлықпен Әбілқайырға келіп бас иеді. Самар- 
қантты әбділлахтан тартып әперсең, өле-өлгенше құлыңыз болып өтемін деп ант 
етеді. Әбілқайыр бұған өзінің бір қызын береді. Көп қолмен Самарқантқа Бақтияр 
сұлтанды аттандырады. Әскер соңынан көп кешікпей өзі де жолға шығады. 
Хаджридың сегіз жүз елу бесінші жылы, яғни жаңаша бір мың төрт жүз қырық 


137 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет