Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет60/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Даусын кеңнен алып, тағы да бір шырқап жіберді де «Осы ерлігінің арқасында 
Қыпшақ әлемге аян болды. Батыр жұрт Қоламан 
1
патшаның кезінде Стамбулды 
да жау тырнағынан алып қалды» деп жырын бітірді. 
Қотан мырс етіп езу тартты. 
— Сөйле, жырау, — деді Асан Қайғы Қазтуғанның ағат кеткенін аңғарып
ұнатпай қалғанын жасырмай сәл қабағын түйіп. 
Қотан қарттың күткен кезі осы мезгіл еді. Кәрі қыран енді Қазтуғанның құрыш 
денесіне сояу-сояу тырнақтарын қырш-қырш кіргізді. 
— Орынсыз қан төккізгенді ерлікке кім санаған? — деп бастады ананы әжуа 
ете, қарт жырау. Қазтуған ақын паш еткен Қыпшақтар қатынасқан Стамбул 
оқиғасын Қотан қария жыр еткенде, қобыз үні құдды қан жылағандай аңырай 
шықты. Қарт жыраудың өзінің даусы да дәл бір өксігін баса алмай отырған қаралы 
адамның үніндей. Бұл хикаяны естіген жұрттың екі ұрты суалып, жақ жүндері 
үрпиісіп жүдеп кеткендей. Әбілқайыр хан көз қиығын Қобыланды батырға 
аударып еді, оның да басы төмен салбырай түскен екен. Қарт жыраудың сөзі 
жүректерін тырнап, көздерін жасқа толтыруға таяу тұрса да «Тоқтатыңыз!» деп 
бұйыруға бірде-бір адамның аузы барар емес. Ханның да, батырлардың да 
көмейіне құм құйылған. 
Алтын күмбез мешіті, ақ мрамордан қаланған патша сарайларымен безенген, 
Босфор теңізінің жағасындағы Византия астанасы Стамбулға он бірінші ғасырда 
аса бір сойқан күн туды. 
Еділ, Днепр бойларынан Қыпшақтар қуған торкі елі Дунай өзенінен өтіп 
Византияға жақындады. Византияның солтүстігін бұдан бұрын печенегтер басып 
алып, талан-таражын шығаруда еді. Ал Кіші Азияда Византияның қалаларын 
түрікмен сельджуктары мазалауда болатын. Стамбулдың сау қалуына екіталай күн 
туды. Бұл аздай, енді Стамбулға төртінші қас пайда болды. Ол қас — Дунай 
өзеніне жетіп қалған бөрте жылқы мінген Қыпшақтар еді. 
1
Қ о л а м а н — Комнин — Византия патшасы. 


64 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет