Сын тұрғысынан ойлауды дамыту



Дата27.12.2016
өлшемі126,64 Kb.
#5806
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Еліміздегі экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Осы орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында бастауыш білім беру сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары, оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екенін де жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі,дәл қазіргі уақыта, ең алдымен адамның ақыл ойымен қабілетіне қойылар талапты өте күшейітіп жіберді.
Ендеше бұған шығар қорытынды мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет болды. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» да айқын көрсетілген:

«... Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау...».

Ықылым заманнан бері адам баласы барлық өмір құбылыстарын , өздерін қоршаған ортаны тануға талпынған. Үйрену мен үйретуден тұратын жердің бәрінде ұстаз бен шәкірт болған. Заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай Сорос – Қазақстан қорының демократиялық Білім беру Орталығымен ұйымдастырылған семинарға қатысып қатысушы куәлігін иемдену арқылы оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын өз жұмысында қолдану мүмкіндігіне ие болдым.

Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған көптеген оқыту мәселелеріне көмектесе алды. Бұл сын тұрғысынан ойлау деп аталғаны сын көзқараспен қарау деген мағына емес, талдап, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы. Бұрын да өзіміз білетін әдістерін пайдалану арқылы сабақты жүйелеп өтетінбіз. Дегенмен басты нысана мұғаліммен оқулық болатын.

Оқушы тек қабылдаушы ретінде танылды. Ал қазір тың әдістерді жиі пайдаланып, оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, таным деңгейін кеңейту міндеті тұр. Оушы мұғалімнің сөзін жалпыға еш ұқпай тыңдаушыдан, белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне көтерілуі керек. Сын тұрғысынан ойлау - өте күрделі, маңызды құблыс. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Оқушы әр түрлі ақпарат көздерінен сусындап, өз түйінін айта білу керек. Кез –келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты кздеу керек. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып өткен сабақтардың әсері мол. Сабақта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналар:

Бұл бағдарлама негізінен мұғалімдердің де оқушылардың да алдына міндеттер қояды. Соның бірі өзінің оқыту жүйесінде сын тұрғысынан ойлауды және өз бетімен білім алуға көмектесетін кестені қолдану.



  1. Қызығушылықты ояту (сұрақтар қою). Зерттелетін мәселені түсіндірумен шектеледі.

  2. Мағынаны тану. (жауаптар іздеу, мәселені зерттеу). Оқушылар жұмысты талдайды, берілген сұрақтар бойынша өзіндегі білімдерді еске түсіреді, белсенді түрде жаңа мағұлматтарды іздеуге кіріседі.

  3. Ой толғаныс. (ойлау проценінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау). Шешімі табылған мәселені жалпылау, алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалдарды қайталау жүзеге асырылады.

Енді «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын Ана тілі сабақтарында қолданғаным жөнінде тоқталып өтейін.

2 сыныпта Сағи Жиенбаевтың «Әлия», Сәду Машақовтың «Мәншүк» өлеңдерін оқыған кезде, сабақтың ой толғау кезеңінде Вен диаграммасы стратегиясын қолдандым.





Әлия Мергендер

мектебін бітірген


Балалар үйінде тәрбиеленген
Әлия туралы әнді

Роза Рымбаева шырқайды




Ұқсастығы жас, соғысқа

Сұранып барған, қаза тапқан,

Кейіннен Кеңес одағының батыры

Болған, атында көше бар, олар туралы

Көркем шығарма бар, ескерткіш қойылған.


Мәншүк шын аты Мәнсия, медицина институтынла оқыған, Қызылордада Мәншүк атында қыздар педагогикалық училищесі бар

3 сыныпта «Күз береке бастауы» тарауындағы А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңі мен Міржақып Дулатовтың «Күз » әңгімесін оқыған кезде де Венн диаграмасын қолданып тиісті нәтижеге жеттім деп ойлаймын.




А.Құнанбаев «Күз»

Өлең түрінде жазылған, күзгі

Ауа-райының қалай өзгергенін

суреттейді



Ұқсастығы: Күз мезгілі туралы

Жазылған, күздің ерекшелігі,

күздегі адамдар еңбегі, құстар

тіршілігі туралы айтылған.



М. Дулатов «Күз» әңгіме түрінде жазылған, күздің ерекшелігі, күздегі адамдар еңбегі, құстар тіршілігі туралы айтылған.

Вен диаграммасы – ақпаратты есте сақтауғ таңдау және оқушының деңгейін көрсетеді. Ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу кезінді тақырыпқа тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

Кубизм – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолданады. 3 сыныпта Әдібай Табылдиевтің «Дақылдар әні» өлеңін оқыған кезде, бидай, тары, күріш, сұлы сияқты дақылдармен тереңірек танысу мақсатында осы стратегияны қолдандым.
Суреттеңіз: Бидайдың түсі сары, бір сабақта бірнеше дән болады, өзі кішкентай болғанымен өмір нәрі.
Салыстырыңыз: Бидай тарыға, күрішке,арпаға ұқсас. Моншаққа да ұқсайды.

Байланыстырыңыз: Бір алқапта өскен бидай алқабы бір елді көз алдыңа елестетеді. Бір түп бір жанұя сияқты, сабақта тұрған дәндер ағайынды бауырлар сияқты.


Қолданыңыз: Арпа, бидай ас екен

Алтын, күміс тас екен, - дегендей, нансыз тіршілік жоқ. Одан тәтті тоқаш,бөлке нан, печенье, макарон өнімдері жасалады.


Саралаңыз: «Ақ бидай» ертегісіндегі нанның қалай келетіні жөнінде айтып берді.
Талқылаңыз: Қолдануы туралы айтқан топқа қосарымыз, бидайдан спирт жасалады. Бидайдың бірнеше сорты болады.

Оқушы бұл сабақта аз ғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсе ала алады деп ойлаймын.


3 –сыныпта татар жазушысы И.Базидің «Жеміс бағында» деген шығармасымен танысқан кезде Ішкі-сыртқы деген стратегиясын қолдандым. Оқушылар алма туралы білетіндерін ортаға салды.
Ішкі – алма- жеміс, бақта өседі, түсі қызыл, сары, жасыл болады. Дәмі тәтті, жұпар иісті, бірнеше сортты болады.
Сыртқы – алма бағына күтім керек, көктемде ағаш діңін әктеп, артық бұтақтарын кесіп, топырағын қопсытады, мезгілімен суарады. Күзде алма піскенде, сатыға мініп қолмен жияды. Жәшіктерге қағазға орап салып, дүкендерге жөнелтеді. Алманы кептіріп құрғақ жеміс әзірлейді.
Осы сыныпта Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы», С.Сейфулин «Ақсақ киік» шығармаларын оқыған кезде Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді стратегиясын қолдандым.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

Киік қой сияқты момын жануар, адамға еш залалы жоқ, шөппен қоректенеді

Киікті ақбөкен деп те атайды, оның қаруы аяғы, жауынан қашып құтылады, қажет кезде айла да қолданады

Мүйізінен қандай дәрілер жасалады?

Қанша жыл өмір сүреді?


Қолға үйретуге бола ма?

Неліктен киікті қорғау керек?



Үйренгім келеді бөлімінде пайда болған сұрақтарға оқушылар өздері ізденіп шығармашылықпен айналысады.


Сабақты қорытындылаған кезде Бес жол өлең стратегиясын қолдану да өз нәтижесін береді.

Киік


Сұлу мойын

Суатқа келі, жоса жөнелді

Шөппен қоректенеді

Бір теке оншақты қасқырды алдап кетті


Сахараның ботагөзі. Бұл ақпаратты синтездейтін және материалды қысқа ғана түсіндіретін немес тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең жолдары. Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңызды өнер. Бұл іс-әрекет тақырып туралы толғаныстың терең, бай түсініктің негізінде болуын талап етеді.
Оқушыларға мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. INSERT – белгі қойып оқу, мәтінді түсіну үшін керек бірден-бір құрал. Ол оқушыларға өзі оқыған әңгіме түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық етеді. Бұл кезеңде оқушы тақырыпқа өз бетімен жұмыс істеп белсенділік танытады. 4 – сыныпта Машқар Гумеровтың «Бақшада», Әбіш Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі», Сәбит Мұқановтың «Жылқы», Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімелерін оқыған кезде Белгі жқойып оқу стратегиясын қолданғанды жөн көрдім.
3 – сыныпта «Құстар айтысы» ертегісін оқыған кезде ой қорыту кезеңінде Қарама –қарсы элементтер стратегиясын қолдану арқылы мәтіндегі оқиға желісін түсінуге мүмкіндік туды.


Құсбегі
орманға барады
Тор құрады
Тордың артынан жүріп отырады

Ойлайды
Ойы рас болады


Торды ұстап алады
Үйіне апарып қамайды

Құстар
Торға түсіп қалады
Ақылдасады,бірлесіп қимылдайды

Торды көтеріп әкетеді

Жанжалдасады

қанаттарын ақырын қағады


Ұсталып қалады

Оқиға желісі

Бірлесу


Жанжалдасу

Қолға түсу


Дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні зор. «Дүниетану» пәні негізінен үш блокты: «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бірлестіретін пән болып табылады. Яғни: өмір әліппесі болып саналған «Дүниетану» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын дүниетану сабақтарында қолдану, оқушылардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытады. Сабақта сөйлемейтін оқушының да өз пікірін ашық, еркін түрде баяндап беруі қуантады.


Сөзім дәлелді болуы үшін, өз тәжірибемнен мысал келтірсем, 2 сыныпта «Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын оқыған кезде, оқушыларды үш топқа бөліп Т- кестесін толтыруды ұсындым.


Адам

Тағам, Жылу

Таза ауа сыйлайды, үй салуға

Пайдаланады



Өсімдік

Өсімдік шаруашылығын ұйымдастырады

Жылдың әр мезгіліне тән еңбек етеді.

Осылайша келесі топтар Адам – жануар, Өсімдік – жануар деп аталатын кестені толтырады. Т – кестесі графикалық органейзерді ң бір түрі, ол екі жақтылықты немесе салыстырғанда қарама-қарсылықты талқылауға пайдаланылады.

3 – сыныпта «Көбелек» тақырыбымен танысқан кезде «Көрнекілік» стратегиясын қолдануды жөн деп таптым. Оқушылар өз қиялдары арқылы көбелектің бірнеше түрін салып шықты.
«Денім сау болсын десең» тақырыбымен танысқан кезде Еркін жазу стратегиясын пайдаландым. Оқуш денсаулықты күтудің, оны шынықтырудың өзі білетін тұстарын қағазға түсіріп басқа оқушылармен ой бөліседі.
«Ұстаз» тақырыбын оқыған кезде «Екі жақты күнделік» стратегиясын қолданған тиімді. Мұнда оқушы оқып отырған мәтіннен негізгі, маңызды нәрсені іздеп тауып өзі соған түсінік береді.
«Тау жыныстары» тарауын қорытындылаған кезде Семантикалық картаны пайдаландым.





Гранит

құмтас

құм

Саз

Қатты майда
Түйіршікті
Әйнек
Су өткізгіш
Сарыарқа таулары

Қайрақ
Ыдыс –аяқ


Кірпіш
ескерткіш


+

+

+



+
+

+


+

+
+


+
+

+

+
+

Оқушы белгіні не үшін қойғанын, екі аралықтағы байланысты ашып көрстеді.

Қай жастағы бала болмасын, табиғатынына сұраққа толы. Олардың сұрақтары білім алуда ең кіші жетекші болып табылады Бұл бағдарламаны өз тәжірибеме енгізгеннен бері жаңа күш жаңа бір серпіліс пайда болңандай. Осындайда ойыма ұлы ұрыс педагогы К.Д.Унискийдің «Кімде –кім оқытам десе ол оқушы талабына, оның іші сыртына көз салуы керек – деген сөзі оралады.

«Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасын қолдана отырып өткен сабақтарда, оқушы сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді еркін ойлау отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен, қызығу танытып шығармашылық қаситтері ұшаталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар және топтық жұмыстар жүргізу арқылы өз ойларын ашық айта білу пікір айта білуге үйрену, пікір таластыру, ойлаеып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдық білім деңгйелернің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып олардың өз мүмкіндіктеріне орай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады.

Сондықтан әр сабақта оқушынығ жан дүниесін еніп, бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жүн. Өйткені бала өміріміздің болашағы. Оларды білім мен сусындатып, өмірге деген көзқарасын қалыптастап, саалы Азамат етіп тәрбиелеу - барша ұстаздың, қасиетті міндеті.



ф

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет