Қауіпсіздік мәселесі
Кейбір қауіпсіздік мәселелері әйелдер гигиеналық құралдарын қауіпсіз пайдалануға
қатысты бұрын туындаған. Негізгі проблемалар сеппелердегі талькқа және
Lactobacillus
қалыпты флорасына
лубриканттың жағымсыз әсеріне байланысты болды.
Тальк
Бетке арналған ұнтақты опа мен сәбилер сеппесі сияқты тальк әйелдер сеппесіне қатысты тальк
қауіпсіздік мәселелерін тудырды. Біріншіден, асбестпен ластану ең үлкен проблемалардың бірі болды. Алайда,
косметикалық сападағы тальк көптеген ғылыми ұйымдармен бағаланып, ол асбестпен ластанбағаны
анықталды. Қосымша ақпарат алу үшін 4-тараудың 3-бөлімінен қараңыз.
Талькқа байланысты тағы бір мәселе, егер ол жыныс мүшелерінің сыртқы аймағында пайдаланылса, аналық
без обырын тудыруы мүмкін бе деген сауал. Тальк жыныс мүшелері аймағында (немесе гигиеналық төсемдерге,
қалпақшаларға немесе презервативтерге) қолданылған кезде аналық без обырын тудыруы мүмкін деген
болжам айтылды. Тальк пен аналық без обыры арасында байланыс орнату үшін зерттеулер жүргізілді. Алынған
деректер бірдей емес: кейбір зерттеулер сәл жоғары қауіп туралы, ал кейбіреулері ұлғаюдың жоқтығы туралы
хабарлайды.70–72 Адамдарға жүргізілген зерттеулердің шектеулі деректерін негізге ала отырып, Халықаралық
обырды зерттеу жөніндегі агенттік (IARC) тальктың жыныс мүшелеріне әсері 2B тобы (мүмкін адам үшін
канцерогенді) деп жкітеді.70
,
73 Осылайша қазіргі уақытта әйелдер сеппелері (балалардікі сияқты) талькқа
емес, жүгері крахмалына негізделген.
Лубриканттардың
Lactobacillus
түрлеріне әсері
Бұрын айтылғандай, спермицидті емес лубриканттар да
қынаптағы қалыпты
Lactobacillus
флорасына теріс әсер етуі мүмкін.
Lactobacillus
түрлері әйелдер жыныс
жолдарын қолдау үшін маңызды, өйткені олар сүт қышқылы мен сутегі асқын тотығын шығарады.
Lactobacillus
spp
көлемінің төмендеуі инфекциялардың және аурулардың таралуын жеңілдетеді. Демек лубрикантты
қолданғаннан кейін
Lactobacillus
түрлерінің өміршеңдігін тексеру маңызды. Тест агары бар тостағандарда
Lactobacillus
түрлерін өсіру, лубрикантты жағу және тежеу аймағы мен колония құрушы бірліктерді (КҚБ)
бағалау үшін
in vitro
жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар
ex vivo
зерттеулері жасушалық желілерді пайдалана
отырып жүргізілуі мүмкін.59
Достарыңызбен бөлісу: |