айналған. Мұнда өз жерлестерімізден басқа тіпті шет елдерден қонақтар келіп демалады.
Менің елімнің гүлденіп келе жатқан Астана деп аталатын Елордасы бар.
Одан басқа
Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Қызылжар сияқты әдемі қалалары да бар.
Кез келген адам өз
туған жерін жақсы көруі керек. Бұл әр адамның парызы болып саналады. Туған жерін
жақсы көрмеген адам өзінің анасын да жақсы көрмейді. «Туған жердей жер болмас, туған
елдей ел болмас»,- дейді қазақ. Әлемнің қай жеріне барып өмір сүрсең де,
туған жеріңдей
болмайды. Бұған тіпті тарихтың өзі де дәлел болады.
Сонау замандарда елінен, жерінен
еріксіз айрылған талай қандастарымыз шет елдерге көшіп барған. Олардың көшкеніне
ғасыр өтсе де, бүгінде Елбасымыздың арқасында атамекеніне көшіп келуде. Тіпті сонау
Қытай ,
Монғолия, Иран,Түркия, Ауғаныстаннан келген қазақтардың саны шексіз. Егер
олар туған жердің қадірін түсінбей, қадірін білмесе, олар өз атамекеніне – Қазақстанына
көшіп келмес еді. Бұл- барлық адамдар өз туған жерін жақсы көреді дегеннің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: