Өткізілетін күні: 17.01.2020 ж
Сыныбы: 5 «в», 7 «ә»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – ұлттың тірегі
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері:
а) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы
тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты,
дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, презентация,жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікірталас
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымыз.
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-ұлт тірегі» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортағасалмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші 1: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде жетті.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Алтын қақпа» ойынына форматында өткізейік.
Жүргізуші 2: Ойынның шартымен таныстырайық:
— Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Ал бұл ойынның мақсаты – білім мен білігіміз және өнерімізді көрсету. Сол үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын IV кезеңнен тұрады. І кезең «Ағаш қақпа», ІІ кезең «Тас қақпа», ІІІ кезең «Күміс қақпа», IV кезең — шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» тапсырмалары сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады.
— Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық.
Жүргізуші 1: І кезең — «Тас» қақпа.
«Тас» қақпаны ашуға арналған тапсырма:
Сұрақ – жауап
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
10. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
11. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)
«Тас» қақпа ашылады.
Жүргізуші 2: ІІ кезең – «Күміс» қақпа.
«Күміс» қақпаны ашуға арналған тапсырма. Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Бұл кезеңде сіздерге суреттер ұсынылады. Осы суреттерден мақал-мәтелдер құрау керексіздер.
1.Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
2. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
3. Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
4. Ағайын — алтау,
Ана — біреу.
5. Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
6. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
7. Өз үйім өлең төсегім.
8. Ата – баланың қорғаны.
9. Ананың жүрегі күннен де ыстық.
Жүргізуші 2: ІІІ кезең. «Күміс қақпа» тапсырмасы
Ендеше кезекті сөз сайысына берсек. «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істейсің?
3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай? Сыныптасың ретінде не айтар едің?
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?
Жүргізуші 2: IV кезең — шешуші кезең- «Алтын қақпа».
«Алтын қақпа» тапсырмасы ән көңілдің ажары демекші сіздерден музыкалық сәлем сұраймыз.
«Әке-ана» әнімен Казанкапова Асем және Ибрагимова Аяна.
Сынып жетекшінің қорытынды сөзі. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Қорытынды: «Алтын» қақпаны ашқан топ мүшелерін құттықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |