Орындаған Еділбаев Бекет



Дата07.02.2022
өлшемі15,71 Kb.
#85263
Байланысты:
АСФ-5


Орындаған Еділбаев Бекет
Тобы ПГС-05
Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеудегі дене шынықтыру мен спорттың рөлі
«Біздің болашағымыз-жастар» деп биік мінберлерден үнемі айтылып жатады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арнаған жолдауларында «Жастарды ұлттық патриотизм мен шығармашылық жағынан жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық мінез –құлыққа, биік талғампаздыққа, тектілікке, білімділікке, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп тәрбиелеуіміз керек»-деген болатын.Осы орайда алға қойылған бұл міндеттерді жүзеге асыруда дене тәрбиесі мен спорт ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының Дене тәрбиесі және спорт туралы Заңында : «Дене тәрбиесі-дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген , моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабылетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» - деген анықтама берілген. Жан-жақты дамыған тұлғаның қоғамдағы құбылыстарға көзқарасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, еңбекке ынтасы оның қоғамдағы орнын анықтауға септігін тигізеді.Олардың физикалық, психологиялық қабылеттері дене тәрбиесімен, спортпен айналысу барысында дамып, қалыптасады. Кәсіптік мектептердегі дене тәрбиесі жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелейтін құрал ретінде қарастырылады, оларды еңбексүйгіштікке, Отан қорғауға даярлайды, олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді, алдарына қойған мақсаттарын орындап шыға алатын қоғамның белсенді мүшелерін тәрбиелейді. Кәсіптік мектептерде оқитын жастардың дене тәрбиесі сабақтарында немесе спорттық жарыстар кезіндегі ұжымдасып әрекет етуінің тәрбиелік мәні өте зор. Бұл ұжымды құрметтеу, қастерлеу қасиеттерінің даму,қалыптасу кезеңі –деп білеміз. Өз күшін қоғам мүддесіне сарқа жұмсауға, қоғам алдындағы парызын сезінуге, өз міндеттерін мүлткісіз орындауға деген құлшыныс әуелгі кезеңде ұжымда ғана қалыптасады. Ұжымнан қуат алған жас тұлға өздігінен қоғамдық белсенділік танытып, басқа адамдармен бірге жұмыс істеуді үйренеді, өзара көмекке даяр тұруға, алға қойған мақсаттарға ұжыммен бірге жетуге жұмыстанады. Өзіне талап қоя білу, өзгені сыйлау сияқты қасиеттер осы кезеңде дамиды. Дене тәрбиесі мен спортта жетістіктерге жету үшін жүйелі түрде шұғылдану, дене тәрбиесіне, спортқа деген ынта-жігер, қоғамдық пайдалы мақсаттарға ұмтылыс қажет. Дене тәрбиесі мен спортпен жүйелі түрде айналысу мінез-құлықтың оң өзгеріске ұшырауына айтарлықтай септігін тигізеді.Бір спорттың түрімен ұдайы айналысқан жасөспірім адамның жеке күн режимі қалыптасады, ол өз уақытын тиімді пайдалануды үйренеді.Спорттық жарыстарға қатынаса жүріп, аға буын майталман спортшыларға қарап бой түзейді.Еңбексіз еш нәтижеге қол жеткізуге болмайтынын түсінеді. Ұйымшылдық, ынтымақтастық, темірдей тәртіп, кішіпейілділік,үлкенге құрмет, кішіге көмек қолын созу, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Спорттық жаттығулардың қиындығына төселе келе, өзіне деген сенімділік пайда болады, қарсыласын сыйлауды, жеңілісті мойындай білуді, жеңіске масаттанбауды үйренеді.Спорт жастарды төзімділікке, батылдыққа,ептілікке тәрбиелейді.Спортпен саналы түрде айналысатын жастар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінеді.Олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, өз пікірлерін ашық айта алады,өзгенің пікірін тыңдай біледі.Үлкен жетістіктерге жетіп, түрлі деңгейдегі жарыстарға шығып жүрген спортшылар ел таниды,өзге халықтардың салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен танысады, елімізді өзгелерге таныстырады.Сонымен қатар, жасөспірімдерге спорттық жаттығулармен бей-берекетсіз айналыса беруге болмайтынын білген жөн.Жаттығуларды шамадан тыс орындау , зорығуға (утомление) ұрындырады.Спортпен шұғылдану барысында тәжірибелі маманның көмегіне жүгінген абзал.Спортпен өз бетінше айналысқан кезде қалыптасқан қате қимылдарды (стереотип) жою, кейіннен өте қиын болады және бұл қимылдар көптеген келеңсіздіктерге ұрындыруы мүмкін. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық спорт түрлерінің маңызы өте жоғары. Қазіргі жастарға «Шекпен киіп, өгіз мінген бабаларымыздың» өр рухы жетіспей жатқанын мойындауымызға тура келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет