1-тапсырма
Сұрақ-жауап әдісі бойынша кіріспе жасалады:
1.Жас ерекшелігі психологиясы пәніне кіріспе
Жас ерекшелік психологиясы- адам психикасының дамуы және оның жас тұрғысынан әр түрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жасерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.
Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайықты мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |