Сұрақ-жауап әдісі бойынша кіріспе жасалады


Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас)



бет8/8
Дата20.05.2020
өлшемі21,62 Kb.
#69921
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3016 6975 89654 (2)

Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас). Бұл жаста жалпы деңгейде адамның дене дамуы аяқталады: бой өсуі мен қаңқаның сүйектенуі аяқталады, бұлшық ет күші өседі, осы жастағылар жоғары дене жүктемелерін орындай алады. Қан қысымы қалыпқа түседі, ішкі секреция бездері қалыпты жұмыс жасайды. Осы жаста жыныстық жетілу аяқталады. Мидың, оның үлкен жарты шарлары қабығының дамуы жалғасады. Организмнің жалпы пісіп-жетілуі жалғасады.

Жастық шақ – бұл дүниеге көзқарастың, мінез-құлықтың, өмірлік бағдардың қалыптасу кезеңі, өзіндік сананың белсенді өсуі, ізденіс, үміт, армандау уақыты.

Жоғары сынып оқушыларында оқу пәндеріне деген қатынас таңдамалы болады. Қабылдау – мақсаттылықпен, назар – тұрақтылықпен, ес- логикалық сипатпен сипатталады. Ойлау қабілеті біртіндеп теориялық және сыни бағытқа ие бола бастайды.

Жоғары сынып оқушыларының ойлау қабілеті гүлдену кезеңінде болады, олар табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының мәнін білуге, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіруге ұмтылады.

Егер жеткіншектер дене күшін көбірек бағаласа, жоғарғы сыныптықтар интеллектуалдық сапаларды жоғары қояды. Осы жаста адамды кешенді бағалау білігі қалыптасады, ақылы мен дене күші үйлесімді дамыған адамдарға табынады, оларға еліктеу өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандырады.

Жастық кезеңде этикалық мәселелерге қызығушылық күшейеді. Мінез-құлықта саналы мотивтер күшейеді. Тұлғаның ұжымдағы жағдайы, ұжым мүшелері арасындағы қатынас сипаты маңызды орын алады.



Мамандық таңдау алдында тұрған ересек мектеп жасындағылардың өмірлік жоспарлары, құндылық бағытталуы қызығушылықтары жағынан ерекшеленеді, бірақ бәрі де өмірден өз орнын алуды көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет