Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Топырақ гигиенасы»


Жұқпалы және паразиттік ауруларды таралуындағы топырақтың ролі



бет6/10
Дата15.06.2020
өлшемі62,02 Kb.
#73503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
гигиена назкен
Паскаль бағдарламалау тілі1, Паскаль бағдарламалау тілі1
Жұқпалы және паразиттік ауруларды таралуындағы топырақтың ролі

Топырақ ортасы патогендік микрофлораның тіршілігін сақтап қалуына қолайлы қоздырғыштардың болып табылмайды, алайда оның эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені елді мекендердің топырақтарына жұқпалы аурулар мен ивазиялардың қоздырғыштары үнемі түсіп отырады, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар болмағанда да, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің тіршілік қасиеттері мен вируленттігін сақтап қала алады. Топырақты ластаушы көздер – нәжіс, зәр, қи, қоқыс, өліктер, ағынды сулар және басқалар болып табылады. Топыраққа түскен көптеген

14

микроорганизмдер күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды, сондықтан тіршілікке қабілетті негізгі бөлігі топырақтың бетінде емес, 1 см-ден 10 см-ге дейінгі тереңдігінде болады. Мұнда да олар белгілі уақыттан кейін өздерінің жойылуына әкеп соғатын қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл қолайсыз әсерлер - топырақ микрофлорасы, бактериофагтар мен топырақтағы антибиотиктік заттардың антагонистік әсері, қоректік субстраттың жоқтығы, температуралық-ылғалдылық режимнің тұрақсыздығы және т.б. Алайда, тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдердің топырақта аз уақыт болуының өзі, олардың топырақтағы сумен бірге жер асты және жер бетіндегі су көздеріне, топырақ шаңымен бірге ауаға түсу, көкөністер мен жидектердің, адамның қолы мен терісінің басқа бөліктерінің ластануы, кеміргіштер, шыбындар мен басқа насекомдар арқылы олардың таралу қаупін туғызады. Осыған байланысты жұқпалы аурулар мен инвазиялардың топырақ арқылы берілуі мүмкін жолдары: нәжіс - оралды, жанасу, ауа-шаң арқылы. Топырақ арқылы әр түрлі аурулар берілуі мүмкін, атап айтқанда: ішек инфекциялары, антропозооноздар, аса қауіпті инфекциялар, гельминтоздар, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, энтеровирусты инфекциялар, микозды аурулар. Бұл инфекциялардың көпшілігі нәжіс - оралды жолмен: кір қол, азық-түлік өнімдері, су, көкөністер, жемістер, жидектер арқылы беріледі. Түйнеме ауруының споралары, туберкулез микобактериялары, полиомиелит, Коксаки мен ЕСНО вирустары, актиномицеттер де ауа-шаң арқылы беріле алады. Түйнеме ауруын, газды гангрена, сіреспе, анкилостомидозды жұқтыру жанасу жолмен де - адам ағзасына терінің жараланған бөлігі, немесе шырышты қабықтар арқылы жүреді. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде CI.Botulinum спораларымен ластанғанда және одан кейін олардың ары қарай өсіп, көбеюі кезінде пайда болады. Қоздырғыштардың вегетативті түрлері топырақта бірнеше аптадан бірнеше айға дейін ал спора түзуші бактериялардың споралары – ондаған жылдар бойына сақталады. Сондықтан спора түзуші бактериялардан туындайтын аурулардың пайда болу қаупі ешқашан жойылмайды. Спора түзуші микробтардың, атап айтқанда, сібір жарасының қауіпті көздері - осы аурудан өлген жануарлардың көмілген, қайтыс болған адамдардың жерленген орындары болып табылады. Топырақ гельминтоздардың таралуында ерекше роль атқарады. Ауру адам мен жануарлардың нәжісімен бірге топыраққа гельминттердің жетілмеген жұмыртқалары – аскаридалар, қылбастар,тағы басқалардың орасан зор мөлшері түседі. Олар топырақта инвазиялық қасиеттерге ие болуына



15

мүмкіндік беретін өздерінің даму циклын аяқтайды, осыған байланысты бұндай гельминттер геогельминттер деп аталады. Топырақ бетіндегі гельминттердің жұмыртқалары инсоляция мен кебуден өледі, ал 2-10 см тереңдікте жатқандар өз тіршілігін 7-10 жылға дейін сақтап қалады (Е.И.Гончарук, 2006). Гельминттер нәжіс-оралды жолмен, ал анкилостомалар – жараланбаған тері арқылы жұғады. Аскариданың жұмыртқалары алуан түрлі объектілерде, әсіресе климаты орташа ылғалды және ылғалды климатты аймақтарда кездеседі. Аскаридоз бен трихоцефалезді көбінесе, жеке бас гигиенасының ережелерімен жеткілікті дәрежеде дағдыланбаған балалар жұқтырады. Адам ит аскаридасын да жұқтыруы мүмкін. Қалаларда иттердің көптігі және оларды ұстау ережелерін сақтамау топырақтың гельминт жұмыртқаларымен ластануына әкеп соғады. Токсокароз – иттер аскаридасының личинкалары тудыратын ауру, ол анық аллергиялық белгілермен (есекжем, тұншығу және тағы басқа) және қарқынды өтуімен сипатталады. Бактериялық ішек инфекциялары; тырысқақ, эшерихиоз, сальмонеллез болады. Энтеровирустық инекциялар: гепатит, полиомиелит, коксаки және ЕСНО вирустарынан пайда болатын менингит. Протозойлы инвазиялар: амебиаз, лямблиоз және басқалар. Ішекұрт инвазиялары: аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, стронгилоидоз және басқалар. Саңырауқұлақ инфекциялары: актиномикоз, кандидоз және басқалары.Спора түзуші микроағзалардан туындайтын аурулар: сіріспе, газды гангрена, ботулизм және басқалар. Топырақ пен өсімдіктер, таспа құрттардың жеке бунақтары бар адам нәжістерімен ластану салдарынан, топырақ сиыр мен шошқа цепеньдері туғызатын биогельминтоздардың тарауына себеп болады. Оларды ірі қара малдар мен шошқалар жұқтырады, ал осы гельминттердің личинкалары бар етті пайдаланған кезде – адам жұқтырады. Айта кету керек, алайда, ластанған топырақтан алынған азық-түлік өнімдері ас қорыту жолына түскенде, адам сиыр цепенінің аралық иесі де бола алады. Топырақтың, содан кейін көкөністердің, аскөктің, судың эхинококтердің немесе жетілген бунақтарымен ластануы адамның ауыр паразиттік ауруы – эхинококкоз пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы, сондай-ақ оның түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылатын шыбын, бүрге, москиттер личинкалары дамитын орта екендігіне байланысты. Бұдан басқа, топырақта кенелер мен трансмиссивті инфекциялардың кейбір басқа тасымалдаушылары, сонымен қатар қауіпті антропозооноздардың – оба, туляремия, лептоспироз, құтыру ауруларын туғызатын кеміргіштер де мекендейді.

16



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет