Жиілік коэффициенті ( Кж)- кәсіпорындағы есеп беру мерзімі кезінде 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиға санын көрсетеді.
Кж=H/Р*1000; мұндағы
Н- есеп беру кезеңіндегі, үш күннен артық жұмыс күнін жоғалтуға әкелген жазатайым оқиғалар саны;
Р- кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа тізім саны;
Ауырлық коэффициенті(Ка )- кәсіпорындағы, есеп беру кезіндегі әр жазатайым оқиғаға келетін жоғалтылған жұмыс күндері саны.
Ка=Д/Н; мұндағы
Д- жазатайым оқиғалар нәтижесінде жоғалтылған жұмыс күндерінің жалпы саны;
Н- есеп беру кезеңіндегі жазатайым оқиға саны;
Аталған екі коэффициенттің көбейтіндісін пайдаланып жұмыс күнінің жоғалу коэффициентінКк.ж табуға болады.
Кк.ж= Кж*Ка= Д/Н*1000, мұндағы
Кж- жарақат, ауру нәтижесін 1000 адамға шаққандағы есеп мерзіміндег жоғалған жұмыс күндері.
Экономикалықәдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы
Шб – барлық шығын;
Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;
Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын
...
&&&
$$$002-004-100$ Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары {Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1.Өндірістегі жарақат түрлері қандай және олар қалай жіктеледі ?
2. Өндірістік жазатайым оқиғағалар қалай тергеп-тексеріледі ?
3. Өндірістік жарақаттанудың себептері және оны сараптау тәсілдері
4.Кәсіби аурулардың себептері ?