Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.
Өндірістік жарақат-танудың себептері.
Өндірістегі зардап шегумен күресудің негізгі жағдайының бірі- жазатайым оқиғалардың себептерін талдап, сараптап отыру. Сараптау нәтижесінде орын алған кемшіліктермен күресуге немесе олардың алдын алатын нақты шараларды ойластыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік туады.
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Зерттеу, сараптау барсында бір тектес жұмыс жағдайлары, жұмысты ұйымдастыру әдісі, жабдық, құрылғы, пайдаланған материал әсері, технология сбептері қарстырылады.
Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін талдау жасалатын мерзімдегі мекеменің картасын, жазатайым оқиға болған бөлімшелерін, жұмыс орнын, құрылғы, жабдықты шартты белгімен көрсетіп отырады. Жазатайым оқиға көп болған орынға ерекше көңіл бөліп, еңбек жағдайларын жақсарту қажет екендігі картада көрінеді.
Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффи-циенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сан-дық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |