Дәріс 2 Тақырыбы



бет1/5
Дата20.06.2022
өлшемі28,71 Kb.
#146872
  1   2   3   4   5
Байланысты:
daris 2


Дәріс 2


Тақырыбы: Жарақаттар. Қабыну. Жылу реттелу патологиясы. Қызба.

Жарақат немесе альтерация — бұл жасушалардың, жасушааралық сұйықтықтардың немесе тіндердің өзгерістері, ағзалар функциясының бұзылыстары бірге жүреді. Жарақат 3 процесстердің біреуінен болуы мүмкін: дистрофиялармен, некрозбен немесе апоптозбен. Жарақат себептері экзогендік, яғни физикалық, химиялық, термиялық, биологиялық факторлар, сондай-ақ эндогендік әсерлер, жасушалар мен тіндерде зат алмасу бұзылыстарынан туындауы мүмкін.
ДИСТРОФИЯЛАР НЕМЕСЕ ЖАСУША ІШІНДЕ ЖИНАЛУ
Дистрофия — патологиялық процесс, оның негізінде тіндік немесе жасушалық, немесе екеуінде де метаболизм (зат алмасу) бұзылыстары жатады, ол өз кезегінде жасушаларда немесе жасушааралық заттарды морфологиялық өзгерістерге әкеледі, сонымен қатар жасушалар аралық өзара қатынас бұзылады. Дистрофия негізіне трофика бұзылыстары жатады.
Дистрофия этиологиясы көптеген факторлар қатарынан тұрады, олар жоғарыда айтылған жасушалық және жасушадан тыс трофика механизмдерінің бұзылуынан дамиды. Олар гипоксия, биологиялық (вирустар, микробтар т.б.) токсикалық заттар әсері, физикалық және термиялық, химиялық әсерлер, солармен бірге туа біткен немесе жүре пайда болған ферменттер жетіспеушілігі (ферментопатиялар), жүйкелік немесе эндокриндік жүйелер аурулары, дерттерде қанның немесе несептің өзгерістері және тағы басқалар.
ЖІКТЕЛУІ
Бір немесе басқа метаболизм бұзалысына байланысты дистрофиялар бөлінеді:
• нәруызды (диспротейноздар);
• майлы (липойдоздар);
• көмірсулы ;
минералды ;
• аралас;
• сулы;
• КНЖ бұзылысты.
Қандай да бір тіндердің құрылымдарында метаболикалық жарақаттардың басымдылығына байланысты дистрофияның келесі түрлерін ажыратады:
• паренхиматозды (жасушалық), паренхиматозды ағзалар жасушаларында басым дамиды;
• строма-тамырлы (мезинхимальды), ағзалар стромасында (жасуша аралық матриксте) және тамырлар қабырғаларында дамиды;
• аралас, жасушаларда, сондай-ақ жасушааралық матриксте дамиды.
Процесске генетикалық факторлардың қатысу қатыспауына байланысты дистрофиялар:
тұқым қалайтын;
• жүре пайда болған.
Дистрофия процесінің денеге таралуына қарай дистрофиялар түрлері болуы мүмкін:
• жалпы;
• жергілікті.
Метаболикалық жарақаттардың дәрежесіне байланысты дистрофиялар болуы мүмкін:
• қайтымды;
• қайтымсыз.
Дистрофияның дамуы 4 механизмнің 1-нің әсер етуімен жүреді:
инфильтрация, қанмен жасуша ішіне немесе жасушалар арасына, оларға тән метаболизм заттары түседі, бірақ қалыптыдан қарағанда артық көп мөлшерде енеді;
бұрмаланған синтез, жасушаларда немесе жасуша аралық матриксте осы жасушаларға, тінге тән емес (аномалды ) заттар түзіліп жиналады;
трансформациялар, бір түрлі зат алмасу орнына басқа бір метаболизмге тән заттар жасалады;
декомпозиция немесе фанероз, дистрофия жасушалық және жасушааралық құрылымдардан пайда болған күрделі химиялық косындылар ыдырауынан дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет