Дәріс 2 Тақырыбы



бет2/5
Дата20.06.2022
өлшемі28,71 Kb.
#146872
1   2   3   4   5
Байланысты:
daris 2

АПОПТОЗ және НЕКРОЗ


Ағзаның барлық құрылымы белгілі бір шектелген уақыт өмір сүреді. Берілген уақыт өткеннен кейін генетикалық қасиетпен бағдарланған механизм іске қосылады, ол уақыты жеткен жасушалардың өлуін және бір уақытта өлген жасушалар орнына жаңаларының түзілуін шақырады. Тірі ағзада осындай жасушалардың физиологиялық өлімі апоптоз деп аталады. Өкінішке орай әр түрлі әсерлердің нәтижесінде тіндер жиі өледі. Жасушалар мен тіннің тірі ағзада осындай өлімі некроз деп аталады.
АПОПТОЗ
Апоптоз бөлек жасушаларда дамиды, олар әуелі басқа көршілес жасушалармен жанасуын жоғалтады, одан әрі көлемі кішірейеді, ядроларында хроматин конденсацияланады, ядро одан әрі тығыздалады және осы бір уақытта цитоплазма ыдырауы жүреді, жасуша ішіндегі құрылымы сақталған. Нәтижесінде жасуша ыдырайды, әрқайсысы мембранамен қоршалған апоптозды денешіктер пайда болады. Апоптозды денешіктер айналасындағы жасушалармен тез фагоцитоздаланады (жұтылады). Бірақ апоптозға жауап ретінде қабынулық реакция еш уақытта дамымайды, ал өлген жасуша орнына сол тіннің жасушасы қайта жаңадан жасалады.
НЕКРОЗ
Тіндердегі биохимиялық процестер ерекшелігіне байланысты өлген массалар консистенциясына (тығыздығына) қарай некроз болады:
• коагуляциялық ( құрғақ, тығыз), ыдыраған нәруыз коагуляциясынан (ұюынан) жасалады, бұлшықет тіндерінде және көбінесе ішкі ағзаларда; коагуляциялы некроздың бір тірі — казеозды (ірімшікті) некроз қабынудың кейбір түрлерінде дамиды;
• колликвациялық (дымқыл), бұнда тін былжыраңқы, сұйықтығы мол (мысалы, бас миында).
Некроз шақырушы факторлардың әсер ету механизміне қарай бөлінеді:
• тікелей некроз, тін өлімін шақыратын себептердің тінге тікелей әсерінен дамиды;
• тікелей емес некроз, тін өліміне себептер; қанайналым бұзылыстары, жүйке функциясы өзгерістері немесе аллергиялық реакциялар.
Некрозға ұшыраған тіндер гидролиздік ферменттер әсерінен ыдырайды — аутолиз. Некроз ошағы ауданында ағзаның өлген бөлігіне жауап реакция ретінде барлық жағдайда қабыну реакциясы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет