Тақырып №1 Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері



бет1/31
Дата07.02.2022
өлшемі227,12 Kb.
#94249
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Лекция


Тақырып № 1 Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері
Дәріс жоспары:

1. Қазақстан экономикасы үлгісінің пайда болуы


2. Қазақстан экономикасы дамуының негізгі бағыттары.
3. Қазақстан экономикасы үлгісінің қағидалары.
4. Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері

Басқару обьектілерінде жүргізіліп отырган терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеліп соғады.Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін(шааруашылық) бұрынғы қалыптағы әдіске салуга болмайды.Керісінше,әдістер өзгертіліп отырган экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс.Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару субьектісі ретінде,екінші жагынан натқылы елдегі әлеуметтік экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығылушылықы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.


Бұрынғы орын алган мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болады.Олардың қатары төмендегідей:
-қоғамның дағдарыс жағдайыннан шығуын,қолда бар өндірістік,экономикалық интелектуалдық әлуетінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етпеді.
-нарықтық қатынастарды өндіру мен дамытуға жағдай тудырды,жоғарғы өнімді ынталандрудың және тетіктерін енгізуді , кәсіпкерлікпен бісекені жетілдіру мүмкін етпеді.
-басқару органдарының әдістері мен нысандар(формалары)ескіше болды.Мемлекетік басқару мен тікелей шаруашылықты жүргізу қағидалары ұштасып жатты;
-салық басқару органдарында (министерліктер мен мекемелер) қайта болу қызметі басым болып,кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу орын алды;
- елеулі кемшілік болып қабылданган басқарушылық шешідерге жауапкершіліктік орын алмауы табылады;
-келісімсіз әрекет жасау,қызметі қайталау,атқарушылық органдарда кең етек алды.
Экономикалық тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселері мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтілігін қажеттілігін тудырады.
Республикада «Қазақ КСР-мемлекетік билік басқару құрылымын жетілдіру және Конституцияға толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданып аталған заңға сәйкес басқару құрылымын қайта ұйымдастырудың төмендегідей қағидалары анықталды:
-заң шығарушы,атқарушы және сот билік тармақтарын жіктеу;
-мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарын қалыптастырудағы республиканың дербестігі;
-жергілікті және республикалық органдар қызметі мен өкілеттілігін нақты шектеу,жергілікті биліктің экономикалық негізін күшейту мақсатында оларға өкілетілікті барынша беру;
-экономиканы мемлекетік басқару мен тікелей шаруашылықты жургізу қызметтерін жіктеу;
-кәсіпкерлік тәуелсіздігі,шаруашылық әрекетті орталықсыздандыру,экономикалық дербестікті жетілдіру.
Нарықтық қатынастарға өту саясатын жасап шығару мен жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президенті үйлестіретін мемлекеттік басқарудың арнаулы функциясы болып табылады.
Терең де батыл өзгерістердің басты мақсаты – әрбір тауар өндірушіге меншік формасына қарамастан,заңдық кепілмен шаруашылық әрекетінің еркіндігін беру.Осындай жағдайда икемді макроэкономикалық басқару органдарының жаңа жүйесі нарыққа бейімделе отырып жасалуы тиіс.
Көрсетілген талаптарға орай,ҚазаҚстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтары мен қаулыларды қабылданған.
Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығына сәйкес жүргізіледі.
Аталған құжат мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген «ҚР дағы мемлекеттік органдар жүйесін реформалардың кезекті шаралары» атты Президент Жарлығының жалғасы болып табылады.
Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құрылымы келесідей:
- Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі;
- ҚР Көлік және коммуникацияллар министрлігі;
-ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;
-ҚР Энергетика,индустрия және сауда министрлігі;
-ҚР Білім және ғылым министрлігі;
-ҚР Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі;
-ҚР Стратегиялық жөніндегі агенттігі;
-ҚР Табиғи монополияларды реттеу,бәсекелестік қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік;
-үкімет құрамына кірмейтін бірқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар.
Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1559 қаулысына сәйкес,үкіметтегі міндеттер былайша бөлінген:
Қазақстан Республикасының Премьер министрлігі:
-үкімет қызметіне басшылық жасау;
-Мемлекеттік органдарымен қарым-қатынаста үкіметтің өкілі болу;
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелер;
Шетелдік инвестицияларды тарту,экология,табиғи ресурстарды пайдалану,экспорттық бақылау мәселелері;
Әлеуметтік және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;
үкіметтің кадр мәселелері;
Астана қаласын дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру қызметін орындайды.
Экономикалық саяси, әлеуметтік саладағы басқада мәселерді шешу міндеттерін Премьер-министрдің орынбасарлары жүзеге асырады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрі қарай жетілдіру экономика мен шаруашылық тетіктерін нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты.Басқару құрылымды әрі қарай жетілдірудегі негізгі талаптар болып мыналар табылады:
-ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негізгі заңдылықтарына ,дәл келгендегі мақсаттарға сәйкес болуы керек және болашақтағы дамудың негізі болуы тиіс;
-ұйымдастырушылық құрылымның жақсару шаруашылықтық экономикалық тетігінің өзгеруімен қатар іске асырылуы керек;
-бұрын өзін-өзі ақтаған басқаруды ұйымдастыру нысандары,қағидалары және әдістерді жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және обьектінің жағдаймен байланысты болған соң,ұйымдастырушылық мәселелерді өтпелі кезеңнің әр сатысында зертеліп отыруы қажет.Ол мәселелер мынандай топтарға жинақталады:
- Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасын оңтайландыру,яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын,құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру.Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар,фирмалар,бірлестіктердің шаруашылық дербестігін елеулі көтеру;
- республикалық,аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы міндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
-еңбекті ұйымдастырудың пайдалы нысандары,шешім қабылдаудың әдістерін және басқару құрылымдары пайдалана отырып,басқару аппаратының жұмысын тиімді етіп құру.
Осы аталған мәселелер кешені аппаратты құруды жан-жақты қамтиды.Осының өзі ұйымдастырушылық жүйелердің талдау обьектісі болып табылады.
Жалпы диалектикалық тұрғыдан қарасақ ұйымдастырушылық құрылым мен оның басқаратын обьектісі бір-бірімен өте тығыз байланысты,бір-бірінсіз жеке дара қызмет ете алмайды.Басқаратын обьект(процесс) болмаса басқарушы органдардың да қажеті шамалы.Сондықтан да бұл екі ұғым (органдар мен обьект) диалектиканың нысан және мазмұн деген категорияларына сәйкес келеді. Мазмұн өзгерсе нысан өзгеруі заңды құбылыс.

Тақырып бойынша сұрақтар:


1. Қазақстан экономикасын басқару әдістері.
2. Қазақстан экономикасын басқару әдістерінің ерекшеліктері.
3. Қазақстан экономикасын басқару әдістерінің мәні мазмұны.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет