М еншік субъектісі меншік объектісі
Адам, отбасы, әлеу- Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар
меттік топтар, ұжым, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік
халық, мемлекет, басқару органдары. ақша, асыл заттар, ақпарат,
жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар
Меншік қатынастарын теориялық талдау оның әрі құқықтық, әрі экономикалық қатынасын сипаттайды. Меншіктің экономикалық мазмұны заттың бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастары білдіреді. Меншіктің экономикалық мазмұны келесі қатынастармен сипатталады:
Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару.
Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншіктің құқық мазмұны мынадай элементтерден тұрады.
(Оноре тізімі бойынша):
Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.
Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салу құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Олардың ең бастылары: жалпы, жеке меншік,ұжымдық меншік және аралас меншік болып саналады.
Нарықты экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестері арқылы жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |