Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Ұлттық экономика: Оқулық./А.В.Сидоровичтің,Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялауымен.- Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 616 б.
Ө.Қ.Есқараев. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007. – 232б.
Ә.К.Отаров, Б.С.Мырзалиев. Нарық жағдайында жоспарлау және болжамдау механизмді жетілдіру. – Алматы, 2009
Тақырып №4. Мемлекеттің экономикалық рөлі. Экономиканы мемлекеттік реттеу
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттің экономикалық рөлінің мазмұны
2. Қазақстан экономикасындағы мемлекеттің рөлі
3. Мемлекеттің экономикалық саясаты
4. Мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары.
Қазақстанның ұлттық экономикалық жүйесі мемлекеттің барлық ішкі экономикалық процестерге ойдағыдай әрі үдайы ықпал етуші болып қалыптасып, тиімді дамып келеді.
Мемлекеттің экономикалық рөлі қоғамның дамуының әр түрлі кезендерінде өзгереді. Қазіргі ғаламдық қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстанның экономикалық жүйесінің трансформациясы анықталған кезеңде мемлекеттің жаңа экономиканың ұлттық үлгісі осы кезеңіне тән жалпы заңдылықтар да, сонымен бірге нарықша тенденциялар да белең алуда.
Мемлекеттің экономикалық рөлін оның әлеуметтік-экономикалық даму мен саяси нысанының деңгейіне қарамастан, мемлекеттің және қоғам өмірінің басқа да, оның ішінде экономикалық факторларының арақатынасы туралы іргелі қоғамдық (әлеуметтік) байлыққа сүйене отырып, дүрыс түсініп бағалауға болады. Мсмлекет өзінің тегі бойынша экономикалық ортаның бөлігі институтына жатпайды. Ол қоғам өмірінің саяси саласына қатысушысы жөне қоғамның саяси билігінің үйымы болып табылады. Осыі орайда мемлекет — бұл саяси билік институттарының белгілі бір жүйесі. Мемлекет қүқық пен мәжбүрлі күшке сүйене отырып, бүкіл қоғамның өмірін ұйымдастыратын функциялардың жиынтығын іске асырады, оның мүдделерін қорғап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Даму кезеңіне, басқару нысанына (монархия, республика), мемлекеттік қүрылым нысанына (біртүтас мемлекет, федерация, конфедерация) және мемлекеттің тұрпатына қарамастан мемлекет коғамның орнықты өмір сүруін, оның тыныс-тіршігіні қолдап, жалпы еліміздің біртұтас мүдделерін қорғауға тиіс. Мемлекеттің қызметі әр түрлі ішкі және сырткы функциялар арқылы іске асырылады, олардың бөлігі ғана сол немесе басқа дәрежеде экономикамен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің сыртқы саясат міндеттерін, қорғанысты қолдау, тәртіпті күзету, мәдениетті құру және дамыту және т.б. шешуге қатысты функ-циялары экономикалық ресурстарды жұмсауды қажет етсе де өзінің мәні бойынша мемлекет қызметінің экономикалық емес функциясы мен бағыты болып табылады.
Кез келген қоғамда мемлекет өзінің қызметінің негізгі бағыты ретінде экономиканың субъектілері мен жалпыұлттық экономика-нын тиімді жұмыс істеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, бәсеке-лестікті жоғарылату мен еліміздің экономикалық қауіпсіздігін кам-тамасыз ету үшін жағдай жасауға бағытталған өзінің экономика-лық функцияларын аткарады. Мемлекеттің осы фунюдиялары адам-дардың экономикалық мудделерімен тікелей байланысты болса да (салық функциясы, еңбек қатынастарын реттеу, бюджетті қалыптастыру мен пайдалану және т.б.), алайда мемлекет оларды да мемлекеттік басқару жүйесі арқылы, соньшен бірге заңнама актілерін шығарып, олардың орындалуын бақылау, мемлекеттік институттар күрып, оларды реформалау және т.б. арқылы да іске асырады.
Мемлекет өзінің функцияларын орындау барысында ұлттық экономиканың мақсаттарын іске асырады, яғни еліміз бен оның халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді, мемлекет-тің біртүтастығын сақтайды, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арт-тырып, әлемде оның экономикалық және саяси мүдделерін қорғай-ды. Ол қоғамның қоғамдық түғырдың элементі ғана емес, сонымен бірге экономикалық базистің қажетті құрамдас бөлігі, экономиканың микросубъектілерімен қатар оның ерекше субъектісі ретінде экономикалық жүйенің аралас түрін қалыптастырады. Бүл өндірістің қоғамдастырылуы артқан (өндіріс пен капиталдың шоғырла-нуы), шаруашылық байланыстар мен жалпыэкономикалық тыныс-тіршілік күрделеніп, дағдарыстар мен әлеуметтік қарама-қайшы-лыктар тереңдеген, халықаралық бәсекелестік ушыққан нарық-тық-каииталистік экономиканың (тарихта XX ғасырдың басы) дамуының белгіленген сатысының заңцы салдарына айналды.
Сөйтіп, мемлекет өзіне тән тәсіл мен әдістермен даму кезеңіне қарамастан букіл елдің мемлекет пен ұлттық экономиканың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды жүзеғе асырады. Осы орайда ол «коғамдық мүдденің» өкілінің рөлін атқарады.
Қоғамда мемлекеттің экономикалық рөлі экономикалық функ-ңиялармен ғана экономика субъектілерінің қызметі мен олардың экономикалық мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын өзінің қызметінің нысандары мен әдістерінің жиынтығымен де қамтамасыз етіледі. Ол мемлекет пен экономика өзара ықпалдасатын негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш бағыттардың арасынан келесі бағыттар ерекше бөлінеді:
Біріншіден, мемлекет пен оның институттарының тікелей қаты-суымен үлттық экономиканың даму стратегиясының негізгі бағыттары әзірленіп, еліміздің экономикалық бағыты қалыптастырылады. Еліміздің даму тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдау және оны тиісті қүжаттарда нақтылау — мемлекеттің қызметінің маңызды кезеңі мен бағыты. Экономикалық бағытты әзірлеуде үлттық эко-номикалық жүйенің мазмүны мен ерекшеліктері, сондай-ақ еліміздің дамуының осы кезеңін, оның одан арғы ілгерілеуінің қазіргі уақыттағы сыртқы және ішкі жағдайын бағалау да ескеріледі. Шын мәнінде мемлекеттің экономикалық саясатын әзірлеу ғана емес, сонымен бірге экономиканы мемлекеттік басқару әдістері мен нысандарын таңдау да экономикалық бағытқа негізделеді.
Екіншіден, мемлекеттің экономикалық саясатының сипаты мен мазмұнын анықтаудың өзі — мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі бағытының бірі. Ұлттық экономикалық жүйенің тұрпаты экономикалық саясат нысандарының жиынтығы мен оның сол немесе басқа нысандарының басымдықтарын анықтайды. Аралас экономика жағдайында нарықтық қатынастар белең алған жағдай-да экономикалық саясаттың нарықтық қатынастарды реттеп, өз-ара ықпалдасуға бағдарланған нысандары басымды рөл атқарады. Осы жағдайда экономиканың дамуын қамтамасыз ету үшін нарық пен мемлекеттің өзара оңтайлы ықпалдасуы негізгі проблемаға айналады. Экономикалық саясаттың нысаны мен мазмүнын анықтауда мемлекет өзінің даму кезеңінде шешуі тиіс үзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді міндеттерінің арақатынасы-ның маңызы артады.
Үшіншіден, экономиканың қызметін институционалдық қам-тамасыз ету - еліміздің Конституциясында бекітілген мемлекеттік билікті ұйымдастырудан туындайтын мемлекеттің экономикалық қызметінің бағыты.
Дамыған елдерде XX ғасырдың екінші жартысында нарыктық экономиканы саналы реттеудің дамуының қисынды салдарынан аралас экономика пайда болды. Аралас экономикада нарықтық негіздің анықтаушы рөлі сақтала отырып, экономиканы нарықтық және мемлекеттік үйлестіру нысандары үйлесті. П. Самуэльсонның ойынша мемлекепің аралас экономикадағы жаңа рөлінщ салдары-нан «ел үкіметі нарық жұмысын өзгертуде маңызды рөл атқаратын болады». Мемлекеттің экономикадағы рөлі өзгерген жағдайда, «ел үкіметі нарықтың жүмысын өзгертуде маңызды рөл атқарады». Мемлекеттің экономикадағы рөлінің өзгеруі желілік процесс емес екенін атап өту керек. XX ғасырдың соңынан бастап нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің рөлінің біршама тө-мендетіп (бүрынғы социалистік елдердің экономикалары жөнінде айтпаса да болады), осының салдарынан ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығынның үлесі мен мемлекеттік меншіктің үлесі де қысқарды. Бұған постиндустриялық дамудың күшеюінен экономиканың бірқатар секторындағы өндірушілердің дербестік алуы, әлеуметгік әріптестік пен әлеуметтік қолдаудың оралымды нысаидарының нығаюы есебінен әлеуметтік қарама-қайшылықтардың төмендеуі, сонымен бірге халықаралық және өңірлік экономикалық және сая-си үйьшдардың рөлінің артуы, «мемлекеттің күйреуі» (бюджеттік проблемалардың шиеленісуі, мемлекеттік шығыс пен мемлекеттік меншікті үтымсыз пайдалану, жемқорлық, лоббизм, мемлекеттен-дірілген экономикалардың келеңсіз мысалы және т.б.) себеп болды. Сөйте түра көрсетілген тенденцияны түсініп, оны асыра бағалау қажет емес.
Біріншіден, өзінің экономикаға қатысу параметрлерін азайтуын басқа параметрлерді күшейтумен өтейді (атап айт-қанда, зкономикада көп мекемелердің пайда болуымен).
Екіншіден, әзірше тек шағын тарихи кезеңде қамтитын тенденция қазіргі кезеңдегі экономикалық дамудың желілік емес екенін, мемлекет пен нарықтық-бәсекелік механизмнің бүдан да теадестірілген ара-қатынасын іздестіретінін растайды.
Мемлекеттің нақты елдің ұлттық экономикасындағы рөлін анықтағанда (осы жағдайда - Қазақстан экономикасында) жалпы-әлемдік тенденцияларды ғана емес, сонымен бірге елдің нақты-тарихи ерекшелігін де ескерген орынды. Қазақстанда ел экономи-касының трансформация кезеңі аяқталуда, сол себептен оның эко-номикасын нарығы калыптасып келе жатқан экономикалар тобына жатқызуға болады.
Нарыққа көшу және үлттық экономика үлгісін қалыптастыру кезеңінде мемлекет маңызды рөл атқаруға тиіс.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Мемлекеттік реттеу әдістері мен олардың сипаттамасы
2. Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары.
3. Жанама реттеу әдістері мен құралдары және оларды саралау.
4. ҚР Үкіметіні іс-шараларының нәтижелілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |