Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Қошанов А.К. и др. «Формирование государственного предпринимательства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики». Алматы, 2000 г.
Ұлттық экономика: Оқулық./А.В.Сидоровичтің,Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялауымен.- Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 616 б.
Ө.Қ.Есқараев. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007. – 232б.
Тақырып №6. Қазақстан экономикасында еңбек қатынастарының қалыптасуы
Дәріс жоспары:
1. Еңбек қатынастарының мәні мен мағынасы.
2. Қазақстан экономикасында еңбек нарығының рөлі.
3. Қазақстан экономикасында еңбек нарығының объектілері мен субъектілері.
Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтежесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделеріне кері әсерін тигізгені белгілі. Осыпардың барлығы еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауынан орасан экономикалық шығындарға жол берілді. Бұған тиімді, қанағаттана аларлық жұмыспен қамту жолы тек еңбек нарығында жатқаны айқын бола түседі.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек қабілеті) тауар түрінде сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификатциялы еңбек беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етуі ықтимал. Осының арасында жұмыс күшінің бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың істеген еңбегінің саласына деген талап одан әрі күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті, жұмысқа деген ынтасы бар және іскер жұмыскерлерді қатал іріктеу қажет. Міне, сонда ғана кәсіпорынның табысы мол, экономикасы дами беретіні сөзсіз.
Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары қозғалысына, шаруашылығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.Нарықта жұмыс күшіне сұраныс пен сұраныс заңы әрекет етеді. Сол арқылы жұмыс күшін белгілі бір мерзімге сату жүзеге асырылады. Дамыған экономика жағдайында еңбек нарығының бір- бірімен байланысқан түрлері мол болады, ол еңбек қортындысына төленетін еңбек ақының мөлшері белгіленеді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар бір- бірімен кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілеттілігін ұсынушы жұмыскерлер сатушы болып есептеледі.
Жұмыс күшінің дамуына көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде мыналарды айтуға болады:
Елдегі әлеуметтік – экономикалық жағдай;
Жұмысбастылық деңгейінің ахуалы;
Тиімді еңбек заңдылығының барболуы;
әлеуметтік қорғаудың қазіргі нақты жүйесі т.б.
Олай болса ол тауарлы экономикаға сәйкес келетін еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық ьұлғасы деп айтуға болады:
Жұмыс күші тауарлы тұлғаға айналып қозғалысқа түседі;
Мамандық пен қызметтің іс-әрекет түрін еркін таңдап алу;
Жұмыс күшінің жалдану құқығы мен жқмыс берушінің жұмыстан босатылуы;
Жұмысбастылықпен жұмыссыздық арасында әр бір қызметкер өзінің қалауынша таңдау жасауы
Көшіп қону және тұрақты жерде тұратындығына еркіндік алу
Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеті және рухан күштерінің жиынтығы, адам санының нәтижесінде материалдық және рухани игіліктерді өндіреді, оларды өз игілігіне пайдалануға жаратады. Жұмыс күші өндірістің белсенді бөлігі, ол өндіріс құрал – жабдығын жасап, қимылға келтіреді немесе іске қосады, жұмыс істейді.
Еңбек нарығын реттеу жүйесінің маңызды әдісі – мемлекеттік реттеу табылады. Оны реттеу халыты жұмыпен қамту және әлеуметтік қорғаудың жалпы ортақ статегиясын дайындауға бағытталады. Еңбек нарығы саясатының белсенді шараларының негізін - жұмыссыздықты жоюға бағытталған немесе қысқартуға және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша үкімет органдардың қызметімен байланысты. Еңбек нарығын реттеудің белсенді шараларына төмендегілер жатады:
Жұмыс табуға жәрдемдесу және жұмысқа орналасу процесін жетілдіру;
Жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта даярлау арқылы біліктілігін жоғарлату;
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Жұмыс орындарын жасауды тікелей және жанама түрде ынталандыру;
Кәсіпкерлік пен өзі жұмыспен қамтуды қолдау;
Жұмыссыздық әлеуметтік қорғаудың қазіргі таңда мынандай түрлері қалыптасқан:
Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Жұмысшыларды кәсіби даярлау және қайта оқыту;
Қоғамдық жұмысты атқаратын жұмыссыздарға ақы төлеуді жетілдіруді;
Табысы аз азаматтарға жатқызылған жұмыстарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл даму кезеңі мәндігі зор тұрғындардың әлеуметтік және демографиялық құрылымының өзгерістері мен сипатталады. Экономикалық фактордың кедейшілік, жұмыссыздық, төмен өмір сүру деңгейі сияқты әлеуметтік прцестердің азаюына ықпалын тигізуі үшін жыл сайын экономикалық өсу елімізде 5-8% болуы қажет.
Жұмыссыздық пен алдын ала күресуге еңбек биржаларының (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) атқаратын қызметі айтарлықтай. Нарық қатынастары дамыған елде еңбек биржасы әдепкі кезде жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарынының дамуына байланысты. Оның мақсаттары мен атақаратын қызметтері бір шама өзгерді.
Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме болвп табылады. Бұрынғы одақ кезінде ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нарықтық жағдай еңбек нарығының барлық элементтерін жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржасының негізгі атақаратын қызметі мына төмендегілер:
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты аықтау;
Жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу;
Жұмысын ауыстыруға және жұмықа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру;
Жұмыс істеп жүрген адамдарды оқыту және қайта дайындауды ұйымдастыру;
Жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын тиянақты жүргізу.
Адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау;
Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделер мен есепке ала отырып биржалар арқылы еңбек нарығына үлкен әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жалдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды. Ол тек қана ұсыныстық сипаттама ретінде болады. Себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет.
Сонымен, еңбек биржасының көмегімен мемлекет жұмысқа орналасу проблемасын реттеп отырады. Сондай – ақ, еңбек биржасы жұмыссызларды ғана есес жұмыс түрін өзгертуді қалаушылардың талаптарын қанағаттандыруды жүзеге асырады. Еңбек биржасы тек аудандағы, қаладағы, облыстағы ғана емес, бүкіл республика бойынша жұмы күшіне сұранысты және ұсынысты зерттейді. Еңбек биржасында еңбектің құны анықталады. Оның құны және мөлшері нарық экономикасы конъюнгктурасында байланысты және қалыптасқан өндірістік қатынастармен анықталады.
Қазіргі кезде еңбек биржасын еңбек нарығының қалыптасрыудың маңызды инструменті болып жұмыпен қаамту саясатын жасап, әрі оны өмірге ендіре бастады.
Биржаның түрлелі:
Еңбнк биржалары – ерекше тауар – жұмыс күшін сатып алу – сату процестерін ұймдастыруға маманданады;
Валюта биржасында – көп мөлешерде валюталарды саудалау іске асырылады. Валюта биржалары қор биржаларында болуы мүмкін;
Бағала қағаздарды – саудалау, аукциондағы сату процесі бойынша іске асырылады, онда оларды ең жоғары бағаны ұсынған сатып алады;
Қор биржалары - деп бағалы қағаздар нарығын айтады – онда бағаларды белгілеу арқылы бағалы қағаздарды сатып алу – сату туралы мәселелер жасалады;
Тауар биржасы бұл материалдармен заттай объектілердің яғни шикізаттар, құралдар, астық, метал және т.б. ұйымдасқан нарығы. Мұндай мамандандырылған биржалар деп аталады. Әр түрлі тауарлар түсетін тауарлар әмбебеп биржалар деп аталады.
Қорытындылай келе, еңбек биржасы жұмысбастылық және жұмысқа орналасуын шешетін проблема еңбек нарығының бірден бір түрі болып табылады. Ол экономика секторында жұмыс күшін көбірек ұтымды және тиімді пайдалануға жәрдемдеседі, солай болғандықтан ол еңбек негізінде өз қызметкерлерінің ерекше істерінде сипатталады.
Қазақстан республикасында соңғы кездерге дейін еңбек нарығы өз дәрежесінде болған емес. Напрықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң қатаң талап әрі қатаң таңдау жүргізіледі. Еңбек рыногына қабілетсіздерді талдау, әлсіздерді ешқандай да аямайды. Сондықтан оларды жұмыс күшіне қатыстырмайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылықты ынталандырады.
Республикада қалыптасқан отырған еңбек рыногы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату әліде болса жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құықтық және экономикалық факторлармен шектеліп осы кезге дейін паспорттық құжаттың режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр. Еліміздің тәжірибесінде енді өзіне ғана тұрғындарды жұыспен қамту қатынастары терең дағдарысқа ұшырап отырғаны мәлім.
Қазіргі нарықтық экономикада жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті түрде болуын ойластыру қажет, сонда ғана жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады.
Республикада алдағы жылдары тіркелетін жұмыссыздар саны көбеюі мүмкін. Бұл процесс мемлекеттің алдын-ала дайындалғаны жөн және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, оны реттеуді үйренгені дұрыс-ақ. Тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негіздегі, арнайы мекемелер бөлімшелерін, экономикалық тетіктер жүйесін ендіреді. Осы жағдайда мемлекет әлеуметтік саясатында міндетті шараларды жүргізуге міндетті: әсіресе, жұмыссыздарға жәрдем төлеу, біліктілікті арттыру мен жаңа жұмыс орнын құру және әлеуметтік саясатты жетілдіру және т.б.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі дәрежедегі адамдарға дифферанциалды түрде қарау межеленген. Әсіресе жастарға. Осы мақсатта.
Мемлекеттік саясат әлеуметтік-экономикалық құрылымға және жалпы қоғамға тікелей ықпал көрсетудің жиындық шаралар болып табылады. Мұндай ықпал қалай активті және солай пассивті сипаттамада болуы мүмкін. Активті мемлекеттік саясат басқа да құықтық, экономикалық және еңбек нарығының кешені ретінде еңбек қатынастары мен жұмыс берушілер және жалданушы жұмысшылар арасында реттеушілік пайда болады. Бұл саясаттың белгісі экономикалық субъектілердің еңбек нарығының ең жақсы жұмыс орнына орналастыруда кәсіпкерлерді дайындау, қайта дайындау, сол сияқты қайта оқуда бәсекелестілік қабілеттілікті арттыруда мүмкіндік береді, ал пассивтік саясат ұсынысқа, онда әрбір еңбекке жарамды адамдар ешкімнің көмегінсіз дербес тіршілік ету үшін табыс табуға негізделген. Мемлекет бұл жағдайда қызметкерлер және жұмыс берушілер арасында тек делдал ретінде бөледі, ол елде жұмысбастылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сөйтіп, ұсынысы көлеміне тең болуы тиіс.
Еңбек нарығында мемлекет сол немесе басқа да саясат үлгісін жүзеге асырады негізгі мақсатты белгілер мүмкін болады.
Еңбек процесінде жұмыссыздықтарды жұмысқа орналастыру,
азғантай ғана уақытты алған жөн. Қалай жұмыс орны босайтын болса, нарыққа құрылымдардың сұранысқа өзгерістері жөнінде дабыл түседі, сөйтіп өзінен-өзі қызметкерлерді ынталандырудан кейін өздерінің қызметін ұсынады;
Мемлекет барлық субъектілердің теңдігін қамтамасыз етуі тиіс,
кім жұмыс іздесе ол оны табуы тиіс. Егерде нарықта қажетті орын немесе айқын мамандыққа мұқтаждық болмаса, мемлекет дербес жұмыс орнына отырғызуы мүмкін, сөйтеп жұмысбастылық деңгейін барынша теңестіру және жұмыссыздықтардың санын азайту.
Бүгінде мемлекеттің еңбек саясаты елдегі экономикалық-әлеуметтік өмірінің маңызды проблемаларын шешуге бағытталған. Мемлекеттің бірден-бір елеулі мақсаты халықты әлеуметтік қолдау болып табылады, жұмыс бастылық көрсеткіштерін реттеу, тек қана экономикада жұмыс күшін ең тиімді болуға мүмкіндік берумен қатар, өмірдің жалпы деңгейін арттырады, сол себепті әрбір адамға табыс табуға қолайлы қамтамасыз ету және тсұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін, жұмыс бастылық және жұмыссыздықтағы оралымдыққа мүмкіндік беру.
Сонымен, нарық кез келген сыртқы ортадағы немесе нарық тірегіндегі элементтердің біреуіненде кез-келген өзгерістерге әсер тигізуге қабілеттілік алады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Еңбек нарығындағы заңнамалық актілдер
Әлеуметтік тұрақтылықтың қалыптасуы және жұмыссыздық проблемалры
Еңбек нәтижелілігін бағалау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |