Тақырып №1 Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері


Тақырып №15. Ғаламдану және халықаралық өңірлік экономикалық интеграция. Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның экономикасы



бет31/31
Дата07.02.2022
өлшемі227,12 Kb.
#94249
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Лекция

Тақырып №15. Ғаламдану және халықаралық өңірлік экономикалық интеграция. Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның экономикасы

Дәріс жоспары:




  1. Интеграция түсінігі, белгілері және қағидалары.

  2. Халықаралық өңірлік экономикалық интеграцияның даму кезеңдері.

  3. Қаржылық дәрменсіздіктің факторларының жіктелуі.

  4. Халықаралық өңірлік экономикалық интеграция қатысу стратегиясы.

  5. Интеграция процестерінде ТМД рөлі.

Өтпелі кезеңде реттеулі нарықтық экономикаға айтарлықтай әсер ететін факторлардың бірі – республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту.Ол байланыстарды кеңіту үшін серіктестіктердің өзара ынталарын кепілдендіретін ,шетел фирмаларының меншігін сақтайтын ,валюталық операцияларды реттейтін ,бірлескен кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ететін заңдар қабылдануы талап етіледі.


Осы талапқа байланысты біздің Республикамызда Президенттің «Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қайта құру мезгілінде Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлығы шықты.
Осы Жарлық бойынша Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылықшы субъектілер заңды мекеме мәртебесінде болса, онда олар меншіктің нысанасына қарамастан арнайы тіркеусіз-ақ сыртқы экономикалық қызметін іске асыруға құқығы бар.Мемлекеттік мәні бар өнімдер тек мамандырылған мемлекеттік коммерциялық құрылымдар мен өндіруші кәсіпорындар арқылы экспортқа шығарылады.Республика территориясында лицензиясы бар банктерге валюталық операциялар жүргізуге рұқсат берілген, барлық заңды мекемелер мен азаматтарға валюталық шот ашуға құқығы бар. Сонымен қатар Қазақстан территориясында заңды мекемелер мен азаматтар арасындағы есептер мен төлемдер шетелдік валютамен жүргізуге тыйым салынды және валюталық рынокты дамыту шаралары белгіленіп, шетелдік валюталарды ауыстыратын орындарды көбейту көзделеді.
Сыртқы экономикалық қатынастарды басқарудағы күрделі әдістердің бірі –Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту бағдарламасы. Бұл бағдарлама келесі жағдайларды қамтиды:

  • біздің елімізге шетел бизнесмендерінің келуіне байланысты барлық әкімшілік процедураларды оңайлату;

  • салықтық жеңілдіктерді енгізу (салық демалыстары, жеңілдетілген кедендік баждар, т.б.);

  • тапсырыс,демеу қаржы ,субсидия сияқты нысандарды пайдалану;

  • шетке шығаратын капиталға үкіметтік кепілдікті күшейту;

  • тікелей инвестициялармен шұғылданатын арнайы мемлекеттік мекеме құру..

Осы бағдарламаға байланысты шешілген мәселенің бірі- Республикада инвестиция жөніндегі ( Қазақстан Республикасының Президенттің 1996 ж. 8 қарашадағы Жарлығы ) мемлекеттік комитеттің құрылуы. Аталмыш Жарлыққа сәйкес елімізде жалғыз өкіметті мемлекеттік мекеме құрылып, сол арқылы тікелей инвестицияларды тартуды ынтымақтандыру мемлекеттік саясаты іске асырылады. Бұл мкеменің басқарушылық қызметі мына мүдделерге жетуге бағытталған:

  • жаңа жұмыс орындарын тағайындау;

  • Қазақстан кадрларын кәсіпкерлікке дайындау мен оқыту ;

  • инфрақұрылымды дамыту;

  • отандық өнімдердің сапасын көтеру;

  • экспорттың көлемін ұлғайту ;

  • басымдық аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру ,т.б.

  • Қазіргі кезеңде Қазақстан республикасы Президенттінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Инвестциялар жөніндегі агенттігі , функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігіне берілді.Ендігі жерде сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуы, оның әрі қарай дамуы осы мемлекеттік мекеменің қызметімен тікелей байланысты.

Басқару барысында Қазақстан экономикасын әлемдік шаруашылық байланыстарына тарту мынандай қағидаларға негізделеді:

  • сыртқы экономикалық қызметті іске асыру республиканың дербестігіне байланысты және ақша- қаражат , валюта жүйелері бірлігін сақтауы;

  • сыртқы экономикалық байланыстарда барлық субъектілерінің теңдігі;

  • мемлекеттік реттеу –экономикалық тұтқалар негізінде (кедендік баждар, субсидиялар, салықтар, пайыздық мөлшерлемелер, лицензиялау және т.б.).

Республиканың сыртқы экономикалық қатынастарының дамуындағы негізгі мәселе – ол экспорт мәселесі. Сондықтан республиканың экспорттық әуелетінің жүзеге асырылуы екі бағытта жүргізілуі керек:
- экспортқа мамандандырылған өндірісті дамыту;
- жұмыс істеп жатқан өндірістердің көпшілігінде экспорттық өнім өндіру;
- өндіретін өнімдердің және шикізаттың сапасын үнемі қадағалап отыру.
Қазақстанның экспорттық саясатын басқару – ол ең алдымен валюталық ресурстарды молайту және экспорттың құрылымын ,шикізаттық бағытты өзгерту (азайту).
Келтірілген шаралардың бәрі еліміздің валюталық ресурстарын ұлғайтуға , нығайтуға тікелей және халықаралық экономикалық қатынастарды білікті басқаруға әсер етеді.
Қазақстан егемендік алғаннан бері сыртқы экономикалық сферада үлкен жұмыс тындырды. Тәуелсіз Қазақстан халықаралық экономикалық қоғамдастықта , халықаралық қоғамдық еңбекті бөлісуде ,еліміздің абройын көтеруде және экономикалық қауіпсіздігімізді қорғауда көрнекті қатысушысы екенін мойындатты.
Қазақстан экспортының шикізаттық бағытын азайту (жеңу), экспорттың тұрақты өсуін тек әлемдік тауар рыноктары конъюнктурасының ыңғайлығы ғана қамтамасыз етеді.Бұл мәселеде сыртқы сауданы басқару ерекше рөл атқарады.
Қазақстан экспортының негізін қалайтындар : шикізат ресурстарының байлығы , ең алдымен : мұнай , түрлі түсті металлдар (мыс, қорғасын, цинк), хром ,мұнай өңдейтін және химия өнеркәсібінің өнімдері ; бидай, мақта және т.б. агроөнеркәсіп кешендерінің өнімдері.
Қазақстанда импорттың құрылымы мынандай:
- Ресей мен Өзбекстаннан газ, Қырғызстаннан электроқуаттын сатып алу;
- мемлекеттік инвестициялық займдар;
- Қазақстандық сауда компанияларының тұтыну тауарларды Қазақстанға тасып келтіруі.
Тұтыну тауарлары импорттың 60 пайызға жуығын құрайды.
Қазақстанның негізгі сауда серіктері Ресей , Еуропа Одағының елдері , Оңтүстік –Шығыс Азия ,Қытай.
Қазақстанның экономикалық өміріндегі күрделі оқиғалардың бірі- Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Бірлестік арасындағы серіктестік пен келісімінің бекітілуі. Қазақстан халықаралық с уда жүйесімен ықпалдасуы оның стратегиялық дамуының компоненті.Сауда нақтылы экономикалық және әлеуметтік мүдделерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы өте қажетті қадам.
Осы мүддені іске асыру үшін сыртқы экономикалық саясатта басымдық бағыттары болып төмендегілер табылады:
- Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына (ДСУ) кіруі және оның тетіктерін белсенді пайдалану ,ішкі рынокты шетелдік импортшыларының теріс пиғылды бәсекесін қорғау;
- ұлттық экономиканың дүниежүзілік сапалы өзгеріп жатқан байланыс жүйесіне бейімделуі ;
- еліміздің әлеуетті (потенциальный) бәсекеге мүмкіндігі бар тауар өндірушілер мен қызмет қөрсетушілерді қорғау мен қолдау;
- Қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетуді әлемдік рыноктарға шығаруға жақсы жағдайларды қамтамасыз ету;
- халықаралық саудада көпшілік таныған мөлшер мен ережелерді іске асыру қағидаларының әрекеттестігі;
- ішкі рынокта әкімшілік кедергілерді жою арқылы бәсекестік ортаны жақсарту;
- Қазақстан үшін «Нарықтық экономикасы бар мемлекет» мәртебесін алу;
- Қазақстанды инвестициялық тартымды және орнықты экономикалық өсуі бар ел ретінде халықаралық абыройын көтеру ;
- елімізге сапасыз тауарларды енгізбеудегі қорғау шараларын жандандыру, т.б.
Ғылыми- техникалық саясат негізінде икемді өндірістерді , жаңалықтарға тез бейімделетін , шағын және орта бизнесті қолдайтын бағамға бағдарланады.
Басқарудағы түйінді мәселенің бірі - экспортқа шығаратын өнімдердің тізімін кеңейту, сапасын жоғарлату, жаңа , бәсекелестігі жоғары , өнімдерді ұлғайту.
Сыртқы экономикалық қатынастарды басқарудағы өзекті мәселе – ол экспортқа шығаратын өнімдердің сапасы. Сапаның көрсеткіші жақсарған сайын тауар өтімді, бағасы жоғары, сүранысы көп, тұтынушылық құны биік, бәсекелілігі артық болады.
Өнімнің сапасын арттыру негізінде микродеңгейде басталады, яғни кәсіпорындарда. Сондықтан кәсіпорынның техника- технология деңгейі, жұмыскерлердің кәсіпкерлігі, өндірістік құрылымының оңтайлығы, білікті басқарылуы өнім сапасын көтерудегі негізгі факторлары болып табылады.
Сапаны сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы бар.
Олар мыналар: өнімді тағайындау көрсеткіштері (қайда пайдаланылады,неменеге керек, не үшін тағайындалады); сенімділік көрсеткіштері( бұйымдардың сақтаулығы,жарамдығы және ұзақ мерзімді пайдалануы); технологиялық көрсеткіштері(конструкторлық- техникалық шешімдердің тиімділігі,еңбек өнімділігіне әсері, материалдық шығындарды тиімді бөлу); экономикалық көрсеткіштері (адам мен бұйымның әрекеттестігін, бұйымды пайдаланғанында адамның ,физиологиялық және психологиялық сезімін көрсетеді),т.б.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде елдің табиғи байлығымен қатар, ішкі өнімді сыртқа шығару да (экспорт) бар. Экспорттың жалпы көлемінде сапалы, тиімді өнімдердің үлесі көбейген сайын сыртқы қатынастардың үйлесімділігі арта түседі.
Сыртқы экономикалық қатынастарды басқару және реттеу үкіметтің қызметі. Мемлекеттің сыртқы саясатын іске асыру жөнінде үкімет ерекше рөл атқарады, ол соның негізгі орындаушысы және жоспарлы түрде дамытушысы. Мемлекет үкімет арқылы сыртқы экономикалық қатынастарды іске асыруды басқарады. Бұл жөнінде үлгі алатын елдің бірі- Жапония. Ол ең дамыған және өркениетті елдердің алдыңғы қатарына жатады.
Сыртқы экономикалық қатынастарды теттеудегі алдын-ала ойластырылған мемлекеттік саясат елді дамытудағы басты тетіктердің бірі.Осындай саясат арқылы Жапония әлемдік шаруашылыққа өзінің ұлттық ерекшеліктерін мейлінше ескеру арқылы күрделі халықаралық экономикалық,ғылыми-техникалық,қаржылық және сауда орталығына айналып отыр.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарапынан реттеу тәжірибесінде кеңінен пайдаланатын әдістер бар; заң шығаратын, әкімшілік – құқықтық, экономикалық, бейресмилік. Осылардың бәрі қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде Жапония тәжірибесі мөлшерлі – құқықтық негізге сүйенеді. Барлық шаралар жүйесінде және әкімшілік – құқықтық реттеуде ерекше орын алатын « валюталық айырбас және сыртқы сауда заңы».Бұл заң мемлекеттік реттеуде жалпы тұжырымдаманы анықтайды, еркін және жан- жақты сауда жүргізу қағидаларын қамтиды.Бұл заң сыртқы экономикалық операциялар еркіндік қағидасына сүйенгендіктен тек ең аз мөлшерлі керекті мемлекеттік бақылауды қамтиды.
Сыртқы экономикалық қызметте бұл Заң толық реттеу өкілеттігін әрбір салаларда заңнан басқа (төмен) актілерге береді. Бұлар төменгі сатыдағы сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бөлшектерін реттейтін заңдар:экспорттық –импорттық операциялар.Кедендік –тарифалық сфера ;сыртқы саудаға қызмет ету ;стандарттар мен техникалық талаптар; интеллектуалдық меншіктік құқылар ,т.б.
Сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу экономика құрылымын қайта құру мақсаттарымен тығыз байланысты.Кедендік тариф ұлттық өндірушілерді қорғайтын құрал болып қала береді.
Қазақстанда сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік деңгейде тиімді басқару үшін Жапонияның және де басқа өркениетті елдердің тәжірибесін егжей- тегжей зерртеп, оның ішінде біздің елімізге сәйкес келетінін іріктеп алып пайдалану өте қажет.Пайдалану процесінде Қазақстанның территориялық, тарихи, әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктері барынша ескерілуі керек.
Жалпы алғанда , өтпелі кезеңде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыруда және оны іске асыруда мемлекеттің рөлін арттыруға мүмкіндік туғызу өте тиімді шара.Жапон тәжірибесінде көңіл қоятын жвғдайлардың бірі – үйлестіруші органдардың қызметі; екіншісі- ішкі рынокты қорғау.

Тақырып бойынша сұрақтар:



  1. Экономикалық интеграцияның проблемалары.

  2. Қазақстан Республикасы Кедең Одағындағы позициясының заңнамалық- нормативті базасы.

  3. Қазіргі кезеңдегі әлемдегі негізгі халықаралық экономикалық интеграциялық топтар.

  4. Қазақстанның төлем балансы ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Нұрпеисов Е.Қ., Котов А.К.Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. Оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001

  2. Ихданов Ж. Мемлекеттік басқару теориясы : оқу қҗралы / Ж. Ихданов, Ғ. Н. Сансызбаева, Р. Ғ. Есенжігітова ; Т. Рысқулов атындағы ҚазЭУ. - Алматы : Экономика, 2007. - 216 с

  3. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселері : оқу қҗралы / Ж. О. Ихданов, О. Орманбеков ; Т. Рысқҗлов атындағы Қазақ экономикалық ун-ті. - Алматы : Экономика, 2002. - 218 с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет