Тақырып №12. Экономикалық әлеует және ұлттық байлық
Дәріс жоспары:
Экономикалық әлеует, оның түсінігі, белгілері және қағидалары.
Экономикалық әлеуетті сипаттайтын факторлар.
Ұлттық байлық ұғымы.
Ұлттық байлықты сипаттайтын факторларының жіктелуі.
Ұлттық байлықты көбейту және теңестіру стратегиясы.
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тендеция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді:
өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рөл атқаруы;
аймақтардың өзара байланыстыры едәуір ұлғаюы;
еңбек ресустары жылыжымалылығының күшейе түсуі;
аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;
территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі есептелді. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана эконмикалық жауаптымын деп есептеуікерек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамутыдың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін-өзі басқару, серіктік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар рыногы, валюталық қаражат және басқа элементтер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерінің барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық өңдірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық қағидаларды және экономикадағы ұлттық ерекшеліктерді тотаритарлық жүйе тұсында елемеу крделі зиян келтірді.
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар. Олар ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі – аралық территориялық құрылымдар және соған сәйкес, билік ететін органдар мен басқару. Екіншісі – ең төмендегі (негізгі) әкімшілік- территориялық құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық басқару органдарды сипатайтын негізгі белгі – дербестік өмір сүру мүмкіндігі. Оның шарты: өзіне қарасты (автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.
Сонымен, аралық орган дегеніміз – аймақтарды, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргізуге тырысады.
Жергілікті билік жүргізетін – ол төменгі әкімшілік орындар. Олар өз қызметтерін қалалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдарды қаражаттандырудың негізгі үш кіріс көзі бар: салықтар –мемлекетке міндетті түрде қайтырылмайтын төлемдер; салықтық емес табыстар – басқа да барлық табыстар (әр түрлі жәрдемдер ,займдар) субсидиялар – пайыссыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезенде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағынан қарауға болады. Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтың өз ішіндегі субъектілерде нарықтық қарым-қаныстарды қалыптастыру арқылы білінеді, сонан кейін, аймақ шеңберінен тыс шаруашылық субъектілеріндің жалпы ұлттық болмаса дүние жүзілік рынокпен ұштасумен көрінеді.
Оған көп себебтердің бірі – рыноктық факторлардың аймақтық саралануы «дифференциация». Материалдық элементтер, ұйымдық құрылымдар, өндірістің әр
Түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әр түрлі болады. Бұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әр түрлі орналастырылуы
мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі
Бағыттарда жүргіілуі керек.
аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз ету, соның мүдделі пайдалануының бақылау тетіктерін әзірлеу;
жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қодаудың нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге еңгізу;
экономикалық даму жағынан арта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару объектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару объектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылыс, өндіріс күштерінің орналастырылуы мен адамдардың, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстыра, т.б. жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсендету үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі – аймақтық басқару объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі (ұлттық-мемлекеттік деңгей, т.б.), екіншісі – оның субъектісі яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді. Республикалық өзін-өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей жағдайларды енгізілуі қажет:
- териториялық деңгейдегі мүдделі жүйесі және басымдылықтар;
- өзін-өзі басқарудың субьектілер жиынтығы, олардың функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
- өзін-өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндіріс материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
- экономикалық кешеннің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер;
- мемлекеттік басқару мен территориялық өзін-өзі басқару мәселелері үйлесімді болуы қажет.
Өзін-өзі басқарудың нәтижесі нақтылы территориядағы тұрғындардың мұқтажын қамтамасыз ету деңгейі және сол өңірдің ұлттық табысқа қосқан үлесі. Осы екі өлшемнің біртұтастығы территориялық басқарудың үйлесімді көрсеткіші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі,аумақты, өз ерекшілігі мол әкімдік-шаруашылық кешен. Оның көлеменде көпдеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өзбетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік , саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады. Бұл эконмикалық бостандықтың белгісі.
Осыған орай біздің экономика ғылымның шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, райондар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процестерін зерттеу болып табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олар мыналар:
тотолитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;
өз кезңіндегі салалық басқарудың қүйреуі;
Республикада жалпы экономикада салалық негіздерінің әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;
Республика егемендік алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу кажеттілігі. Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді;
Нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.
Қазақстанда оңтайлы құбылыстың бірі – аймақтық басқаруға бетбұрыс жасалуы Мысалы, үкіметтің 1996-1998 жылдары қабылданған бағдарламасында аймақтық басқарудағы негізгі бағыттары белгіліенген. Нақтылы айтқанда онда қабылданған қағидалар төмендегідей:
негізінде эконмиканы басқаруды аймақтық деңгейге ауыстыру;
аймақтық деңгейде орталықтандырылған және орталықсыздандырылған сәйекестікті ұқыпты іске асыру, орталық үкіметтің көптеген өкілектігін жергілікті органдарға өткізу;
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімдікке кеңейтілген өкілекттік беру.
Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау арқылы олардың толықтай потенциалды мүмкіндіктерін ашу мақсатында құрылады. Осы тұрғындар Қазақстанның барлық аймақтары төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың керемет қорларымен және де ғылыми өндірістік потенциалдың қарқынды дамуының жоғары импульсі бар облыстар.
Екінші топ – жоғары ғылыми-өндірістік потенциалды ауыр индустриялды салардағы ашық көрсетілген мамандандыру, жоғары технологиялық ғылыми көлемді өндіріс үшін жағымды экономикалық шарттары мен жағдайлары бар облыстар.
Үшінші топ – АӨҚ салаларында маманданған облыстар. Олар республикада азық-түлік қорларының алдыңғылары болып табылады.
Төртінші топ – экстремалды табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайларымен, экономикалық ептілік мүмкіндіктерін қатан шектелуімен, халық шаруашылығының салалық құрылымының өте тиімсіздігі және экономикалық дағдарыстағы аудандармен көрсетілітін депрессиялық облыстар.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты реформалардың салмақ орталығын аймақтар өзін-өзі басқару қағидаларын дамытуы ескеріле отырып жүзеге асырылуы керек.
Үкіметтік бағдарламада инвестициялық жобалар мен ниеттерге сәйкес алдағы кезеңде аймақтардағы өндірістік күштердің дамуы жеке-жеке көзделген.
Бұл тұрғыдан республикамыздың барлық аймақтарын сипаттаудың қажеті жоқ. Мысалыға кейбір аймақтарды алсақта жеткілікті. Атырау облысы бойынша мұнай-газ өндірудің және мұнай өңдеудің көлемін арттыру, мұнай машиналарын жасауды, химия және мұнай өндірісін, сондай-ақ тамақ, бірінші кезекте – барлық өнеркәсібін дамыту көзделінген. «Ембі мұнай-газ» АҚ кең орындарын жайластыру және қазіргі заманғы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құру, Теңіз ГӨЗ (Гурьев өңдеу зауыты ) қуатын кеңейту белгіленді. Алматы облысында Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-інің құрылысын салу және АЭС құрылыстарының әлеуметтік және техникалық-экономикалық негіздемесін орындау, түсті металургия мен металл өңдеуді, құрылыс материалдары өнеркәсібін, сондай-ақ бұқаралық туризм мен демалыс индустриясын дамыту жүзеге асырылады. Егіншілікке, бірінші кезекте су мелиорациялық жұмыстарына байланысты интенсивті технологияларды игеру, көкөністер мен жемістер өсіру, қайта өңдеу және сақтау жөнінде мамандануды күшейту белгіленген. Сондай-ақ басқа да өндіріс орындарының дамуы қарастырылған.
Аймақтық басқару жүйесіндегі болашақтағы күрделі мәселелердің бірі 2000-2005 жылдардағы кезеңге арналған «Селоның әлеуметтік-экономикалық даму» туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Қоғамдық ұдайы өндірістің түсінігі, белгілері және қағидалары.
Қоғамдық ұдайы өндірістің мәні.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің ұлттық ұдайы өндіріске әсері.
Экономикалық әлеуетті арттырудың негізгі жолдары.
Ұлттық байлықтың қалыптастыру бағыттары.
Ұлттық байлықтың құрамы мен оны өлшеу тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |