Тақырып №13. Қазақстан Республикасында инновациялық экономиканы қалыптастыру. Инвестициялар
Дәріс жоспары:
1. Инновациялар түсінігі, белгілері және инновациялық саясатты іске асыру.
2. Қазақстан Республикасында инновациялық экономиканы қалыптастыру.
3. Инвестициялық саясат және оның қажеттілігі.
4. Қазақстан Республикасында инновациялық экономиканы қалыптастыру жөнінде заңдылық базасы.
Қазақстандағы инновациялық қызмет индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы қабылданғаннан кейін ғана дами бастады. Əрине сол күнге дейін республикамызда инновациялық қызметтің дамуына қажетті жағдайлар жеткіліксіз түрде жасалынып отыр. Əйтсе де, инновациялық кор мемлекеттік қаржыландырудың арқасында көптеген инновациялық жобалар жасап, оларды іске асырып отыр.
Инновациялық өнімдердің құрылымында ең үлкен үлесті жетілдіруге ұшыраған өнімдер алып отыр. Яғни бұл белгілі бір өнімдердің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, ең жоғары тиімді компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан да көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешенді өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға арналған қолда бар өнім болып табылады.Бұл əрине инновациялық қызметті белсенді жүргізуге, сондай-ақ сыйымды өндірісті жедел дамытуға, кəсіпкерлік қызметтің инновациялық сипатын күшейтуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына мемлекеттің экономикалық саясатын дамытып, экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге өз үлесін қоса алады. Бұндай тауарлар Қазақстанда барлық инновациялық өнімдердің 64,3%-ын алып отыр. Ал қайтадан немесе елеулі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер инновациялық өнімдердің 28,6 %-ын алып отыр. Яғни бұл технологиялық сипаттамалары ескірген немесе шамаланған пайдалануда болған тауарларға жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Қазақстанда көбінесе мұндай иновациялар негізіндегі жаңа технологияларда немесе бар технологиялардың жаңа пайдалануға сəйкес келуі немесе зерттеулер мен əзірлемелер нəтижесін пайдалануда негізделді. Осылардың ішінде ең аз үлесті (7,1%) өзге де инновациялық өнімдер алып отыр. Бұл біздің республикамызда өндірістің күрделі салалары бойынша инновацияның даму деңгейінің əлі төмен екендігін көрсетеді.
Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.
Бұл өнеркәсіптік өндірісті инновациялық, инвестициялық және құрылымдық тұрғыдан қайта құрумен, қызметтің жаңа түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Шикізатқа деген тәуелділікті азайту үшін отандық экономика салаларын әр-тараптандыру, жіліктеу әрі олардағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды қарқындата дамыту керек. Осы факторлардың бәрі бүгінгі таңдағы ең басты мәселеге – экономиканың бәсекелестікке қабілетті болуына жұмыс істейді.
Бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанға әлемдік нарықтағы өз «қуысын», яғни жақын болашақта бәсекеге жарай алатын өнеркәсіп салаларын таба білу әрі дамыта алу қажет. Бүгінгі заман тауарларының құндылығы олардың бойындағы озық ғылыми-техникалық жетістіктердің молдығымен ерекшеленетіндіктен, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық даму деңгейімен өлшенеді.
Қай елдің болсын ғылыми-техникалық әлеуеті сол елдің алдында тұрған экономикалық дамуды шешуге мүмкіндік беретін мамандық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық ресурстардың жиынтығынан тұратыны мәлім. Қазақстанда отандық ғылыми сыйымдылығы мол өндірісті дамытуға, жаңа ақпараттық технологияны жасауға және меңгеруге, нәтижеде бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қолға алуға бағыт-бағдар қабылданды. Осы жолда жаңа технологияны енгізу үшін, ғылымның өндірістен алшақтығын жою үшін, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр.
салаларындағы нəтижелер; биотехнология, биохимия шаралар қолдануы ұсынылады[3].
Шет ел фирмаларымен бірігіп, дүниежүзілік нарықта орын алуларына мүмкіндік беретін Қазақстанда ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген бағыттар бар. Қазақстанның экономикалық түрлі салалары түрлі техникалық деңгейге сай. Олар бəсекеге қабілетті, сондықтан олар үшін де жеке жобалар жасалуы қажет. Мемлекетте ғылыми-техникалық өндірістік орталықтар Алматы, Қарағанды, Өскемен, Астана, т.б. қалаларда шоғырланған. Олардың кейбіреулерінде қазіргі кездің өзінде технопарктер құрылған. Ал олар өз кезегінде болашақта интеллектуалды өнім, ғарыштық қызмет, ақпараттық технология, радиоэлектроника, атом технологиясында көп мүмкіндіктер береді.
Ғылыми негізде ядролық отын, уран ерітінділерін, мыс-берилл ерітінділерін, тантал-ниобий түрлерін игеруге, титан гупкасы өндірістік базаларын кеңейтуге болады. Бұларға сұраныс атомдық, ғарыштық, радиоэлектронды өндіріс салаларының өсуіне байланысты артып отырады.
Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы аяқталған, бірақ тауарлық түрге жеткізілмегендігімен, ғылыми зерттеулер санының көп болуымен сипатталады. Бұл айтарлықтай əлует жəне оны қолдану инновациялық қызметтің дамуының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Қазақстандық ғалымдармен 10 жыл ішінде 877 патент алынды, жаңа техниканың 136 нұсқасы өнделді. Ғалымдармен орындалған ғылыми зерттеулер жаңа фундаменталды білімдерге жəне олардың негізінде – отандық ғылым мен технологияның бəсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағдарланған. Геолог-ғалымдармен өткізілген зерттеу нəтижелері қара жəне түсті металлургияның өндірістік кəсіпорындарын шикізатпен тұрақтықамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ғылыми сыйымды өндірістер қатарын құру мақсатында жобалық-конструкторлық жəне техникалық құжаттама дайын елде отандық технологияларда қолдану негізінде бар химиялық жəне мұнай химиялық өндірістерді қалпына келтіру жəне кеңейту, сонымен қатар мұнай, газ , көмірді жəне басқаны қайта өңдеу бойынша кіші жəне орта тиімді жəне бəсеке қабілетті өндірістер құрылыс жобалары дайындалуда.
Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоғары тиімді биотехнологияларды құру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп үшін биотехнологиялық өнім өндірісі, теориялар мен технологияларды өңдеу саласындағы қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар қара жəне түсті металлургияның кəсіпорындарында жаңа технологиялық үрдістерді игеру басымдық негізге ие.
2005 жылғы 25 сəуірдегі ҚР Үкіметінің №387 « ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сəйкес келесі мақсаттар мен міндеттері анықталған: ғылыми əлеуетті дамыту, инновациялық кəсіпкерлік ортасын дамытуды құру мен қолдау, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту, ҰИЖ элементтері арасындағы тиімді арақатынасты қамтамасыз ету, заңдық-құқықтық базаны жетілдіру. Осы міндеттерді мемлекет тиімді жүзеге асыратын болса, болашақта экономиканың барлық сферасына жағымды əсер ететін Ұлттық Инновациялық Жүйені қалыптастыруға мүмкін болады. Осының нəтижесінде,2015 жылы келесі жетістіктерге жетуге болады:
-ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтер көрсетудің ЖІӨ-гі үлесі 2005 жылдағы 0,8%-дан 2015 жылы 1,7%-ға өсуі;
- 2003 жылмен салыстырғанда Қазақстанның инновациялық жəне ғылыми-техникалық қызметіне тартылатын инвестициялардың 2015 жылы 10-15 есе өсуі;
- қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды бюджеттік қаржыландыру жүйесін жақсарту.
Президенттің 2004 жылғы Жолдауында ұлттың бəсеке қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады деп көрсетілген. Сонымен қатар «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасын» қабылдау қазақстандық білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігінде шоғырлану үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ғылым мен техниканың жаңа бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдар түйісіндегі жетістіктер жоғары жəне орта кəсіби білімі бар мамандарды дайындау үрдісі құрылымдық қайта қарау қажеттілігін талап етеді. Əлемнің дамыған елдерінің тəжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология жəне тағы басқа облыстарының мамандарына сұраныс аса жоғары жəне тұрақты болады.
Қазақстанның инновациялық əлеуетін көтеру үшін келесі шаралар кешенін ұсынылады:
1) мемлекет бюджетінен тиімділігі жоғары жəне технологиялық даму бағдарламаларын, мемлекеттік маңыздылығы бар инновациялық жобаларды, коммерциялық жағынан тиімді инновациялық жобаларды толығымен жəне үлесті қаржыландыру;
2) жоғары технологиялық өндіріске қаражаттарын салатын инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жəне оларды ынталандыру;
3) əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіпорындарға инновацияларды игерген кезеңде) жеңілдіктермен несиелер, субсидиялар, субвенциялар беру;
4) ғылыми сыйымдылығы бар құрал-жабдық лизингін жəне инновациялық өнімді дамыту;
5) инновациялық жобалар мен оларды іске асырушыларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру;
6) экономика саласында шағын, тиімді жəне тез сатылатын инновациялық жобалардың үлестік салмағын арттыру;
7) инновациялық сфераға шағын кəсіпкерлік субъектілерін тарту;
8) заңдық-құқықтық базаға өзгертулер енгізу;
9) экономикалық ынталандыру жүйесін құру, яғни салықтық, несиелік жəне т.б.жеңілдіктер жасау;
10) ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Инновацияларды құру мен сатудың негізгі факторлары.
Инновациялық экономиканы қалыптастыру ерекшеліктері.
Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.
Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары.
Шетелдік инвестицияларды тартуды реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |