Тақырып №11. Қаржы нарығын қалыптастыру
Дәріс жоспары:
Қаржы нарығын қалыптастыру
Банк жүйесі, оның қалыптасу қағидалары.
Қор нарығы және оның қалыптасуының ерекшеліктері.
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері.
Әлемдік қаржы дағдарысының әсері.
Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:
1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;
2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;
3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.
4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.
5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.
6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.
7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.
Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.
Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді..
Мемлекеттің тікелей араласуы- ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.
Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.
Елдің ақша-несие саясаты
1. Ақша жүйесінің түсінігі мен элементтері.Ақша сұранысы мен ұсынысы.
2. Қазіргі нарықтық экономикадағ несиенің қызметі мен ролі
3. Несие-банк жүйесінің құрылымы
4. Елдің несие-ақша саясаты
Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.
-Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.
-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.
-Баға арқылы реттеу
-Ақша-несие арқылы реттеу
-Әлеуметтік саясат
-Әкімшілік реттеу
-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері : протекционизм және фритредерство.
Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған . Мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына, яғни қаржы жүйесіне:
мемлекеттік қаржы,
шаруашылық жүйесінің қаржысы,
кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.
Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:
мемлекет және оның институттары,
компаниялар, кәсіпорындар,
үй шаруашылығы.
Қаржы негізінде төрт қызмет атқарады: Бөлу,реттеу, ынталандыру,бақылау.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.
Табыстар
|
Жеке баптар %
|
Шығындар
|
Жеке баптар %
|
Салық, акциз, баж салығы
|
75-80
|
Халық шаруашылығы
|
30-40
|
Салықтық түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар)
|
5-8
|
Әлеуметтік шығындар (денсаулық сақтау, білім, жергілікті органдарға субсидия)
|
25-30
|
Мақсатты бағыттағы қорларға түсімдер: әлеу-меттік – медициналық қам-сыздандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жұмыссыздық қорынан
|
10-12
|
Қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары
|
20-10
|
|
|
Құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары
|
10-15
|
|
|
Мемлекеттік қарыз төлемі
|
5
|
Барлығы
|
100
|
Барлығы
|
100
|
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады.
Мемлекеттік бюджет екі деңгейден тұрады: республикалық және жергілікті (облыстық, аудандық, селолық).
Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері.
Салық сипаты тұрғысынан:
Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.
Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:
Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі
Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады.(қосымша құн салығы - 15%)
Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.
Американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой-пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Графиктегі мұндай көрініс «Лаффер қисығы» деп аталады.
Кесте 14. Лаффер кисығы. |
Егерде салық өсімі О -ден
100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің
төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |