Мемлекетиелігінен алу- бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей әкімшіл- әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге көшіру.
Жекешелендіру- жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату немесе тегін беру.
Сонымен қатар, ұлттандыру шаруашылықтың негізгі нысандарын жеке меншіктен мемлекет меншігіне көшірілуі. Денационализация- ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді.
Жекешелендіру мақсаты:
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізілді.
Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.
1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.
1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы.
4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Экономикалық билік және экономикалық тәуелсіздіктің қажеттілігі.