Тақырып меншік қатынастары және оның экономикадағы ролі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі68,29 Kb.
#85050
  1   2   3
Байланысты:
1 Дәріс


ТАҚЫРЫП 4. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ.

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны


Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары
Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар


Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынас әрқашан маңызды рөл атқарған. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал– жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншік қатынастарын теориялық талдау оның әрі құқықтық, әрі экономикалық қатынасын сипаттайды. Меншіктің экономикалық мазмұны заттың бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастары білдіреді.



Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

  2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару.

  3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

  4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

  5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

  6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.

  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

  3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

  4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салу құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Олардың ең бастылары: жалпы және жеке меншік болып саналады. Осы белгілер бойынша, яғни еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:

  1. Жеке иемдену формасы.

  2. Ұжымдық иемдену формасы.

  3. Қоғамдық иемдену формасы.

Осы келтірілген меншіктің формалары өз кезегінде бірнеше түрлерге бөлінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет