Тақырып №8. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы. Мемлекеттік бағдарламалар
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік қорғау түсінігі.
2. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі азаматтардың орны.
3. Әлеуметтік жеңілдіктер түрлері және олардың сипаттамасы.
4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Еңбек нарығына үш жақты түсініктеме беруге болады:
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін жалдаумен және еңбекті ұсынумен байланысты экономикалық қарым-қатынастар жүйесі.
Еңбек нарығы – бұл еңбек деген айрықша тауарды сататын және сатып алушылардың бір-бірімен кездесіп, жұмыс күшімен қамтамасыз ететін аясы.
Еңбек нарығы – нарық субъектілерінің бірігуі арқылы еңбек жағдайларын және еңбек ақы көлемін келісуді қамтамасыз ететін механизм.
Жұмыссыздық - бұл еңбек нарығымен тығыз байланысты құбылыс. Жұмыссыздық деп еңбек нарығындағы еңбек ұсынысының еңбекке деген сұранысқа қарағанда сәйкес болмайтын, саны мен сапасы жағынан сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігін айтамыз.
Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыз деп қазіргі таңда жұмысы жоқ, оны іздеумен айналысып жүрген, жұмыс істеуге дайын және басқа табыс көздері жоқ азаматты айтамыз.
Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес (6 бап) жұмыссыз деп кәсіпкерлік іс – әрекетпен айналыспайтын, өздеріне байланыссыз себептермен табысы жоқ, қолында жұмыссыз деген статусы туралы ресми құжаты бар, еңбек етуге дайын және жұмыспен қамту органдары лайықты жұмысты ұсынбаған азаматтарды айтады. Жұмыссыз деген ресми атақты беру арнайы жұмыспен қамту мекемесі тіркеуден кейін 8 күн өткен соң шешім қабылдайды.
Лайықты жұмыс деп жұмыскердің кәсіби жарамдылығын, кәсіптік дайындығының деңгейін, денсаулық жағдайын және жұмыстық көлік жағынан жету мүмкіндігін ескеретін еңбекті айтады.
Жұмыссыз деп төмендегі азаматтарды айта алмаймыз:
1. Еңбеккке қабілеті бар жасқа толмағандар.
2. Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес зейнетақыны немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындар.
3. Жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркеліп 7 күннің ішінде лайықты жұмыстан бас тартқандар.
4. Тіркеуге тұрып болған соң белсенді түрде жұмыс іздеу үшін арнайы жұмыспен қамту органына 7 күннің ішінде себепсіз бір рет болса да келмеген азаматтар.
Жұмыссыз деген статусына ие болу үшін жұмыспен қамту арнайы мекемесіне келесі құжаттарды дайындап өткізу қажет:
Жеке куәлігі
Еңбек кітапшасы немесе алдыңғы еңбек еткенін дәлелдейтін құжаттар;
Кәсіптік біліктілігі жөніндегі құжаттар;
Табыстар және мүлік туралы салық органдарының анықтамасы;
Қазақстанның еңбек нарығындағы ең басты проблема – ол жұмыссыздықты есепке алу жүйесі нағыз жағдайға сәйкес келмеуі болып табылады. Себебі жұмыссыздардың көпшілігі еңбек биржаларында тіркелмей, өз бетінше жұмыс іздеп немесе жеке меншік делдал фирмалардан көмек сұрайды.
Жұмыссыздықтың толық бейнесін оның көрсеткіштер жиынтығынан көруге болады және ең маңыздысы болып жұмыссыздық деңгейі есептеледі. Әлемдік тәжірибе бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейі төмендегі формуламен есептеледі:
UR = * 100% , яғни бұл дегеніміз
Д жұмыссыздық = * 100%
Басқаша айтқанда жұмыссыздық деңгейі - бұл экономикалық белсенді халықтың ішінде жұмыссыздардың үлесін білдіретін көрсеткіш.
Әр мемлекетте жұмыссыздық деңгейі әртүрлі ерекше болып келеді, себебі ол сол елдің экономикалық жағдайын көрсетеді және жұмыспен қамту саясатына тікелей байланысты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Авятралияда жұмыссыздық деңгейі - 8,7%, Австрияда - 5,7%, Белгияда - 14,2%, Германияда - 11,2%, Испанияда - 22,3%, Канадада - 9,8%, Польшада - 13,5%, АҚШ-та - 4,9%, Жапонияда - 3,3%, Швецияда - 8,3%, Чехияда - 3,0%, Ресейде - 3,4%, Қазақстанда - 5,5%.
Қазіргі экономистер жұмыссыздықты нарықтық экономиканың табиғи және құрамдас бөлігі деп қарастырады. Осы тұрғыда жұмыссыздықтың негізгі типтеріне назар аударуға болады, яғни оларға:
Стагнативтік – бұл ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай жүрген және нәтижесінде жұмысты табу жағынан күдер үзген азаматтарды қамтиды;
Фрикциондық – бұл еңбекті ұсыну жағынан өзгерулердің пайда болуымен байланысты. Негізінен адам еңбек ету сферасын және жұмыс орнын таңдауға еркіндікке құқылы болған соң осы құқығын пайдаланып жұмыс орнын ауыстырады, жаңа жұмыс іздейді, ал жастар алғашқы рет еңбек нарығына келеді. Сонымен осы процесс үздіксіз жүреді және еркін түрде ұйымдастырылған соң экономикаға айтарлықтай әсер етпейді.
Маусымдық – кейбір іс – әрекеттер түрлерінің белгілі уақытта ғана жүргізілетініне байланысты немесе экономика салаларының ерекшелігіне сәйкес пайда болатын процесс (ауыл шаруашылық жұмыстары; балық аулау; орманды тазалау; құрылыс).
Құрылымдық – уақыт өткен сайын тұтынушылық сұраныстың құрамында және өндірістің технологиясында маңызды өзгерістер пайда болып, өз бетінше еңбекке деген сұраныстың құрылымына әсер етеді. Еңбек ұсынысы мұндай өзгерістерге ілесе лмай, кейбір экономика саласында керек емес жұмыскерлер анықталады және дисбалансқа әкеліп соқтырады.
Циклдік - бұл жұмыссыздық түрі өндірістің құлдырауымен және экономикаға инвестициялардың азаюымен байланысты. Экономиканың белгілі циклында тауарлармен қызметтерге деген сұраныс төмендеп кетсе, онда жұмыспен қамтылғандардың саны күрт азаяды.
Жасырынды – бұл еңбек өнімділігінің төмен көрсеткіштері нәтижесінде жұмыс уақытын жоғалтудан және өндіріс көлемі азайғанымен, жұмыскерлердің саны артық болғанын көрсетеді. Жасырынды жұмыссыздықтың ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.
Ресми бөлігіне әкімшілік ұсынысымен төленбейтін демалыста жүргендер немесе толық емес жұмыс күнімен істейтіндер жатады;
Бейресми бөлігіне жұмыспен қамту органдарына қатынамай өз бетінше жұмыс іздеп жүргендерді жатқызамыз.
2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы жұмыссыздық – нарықтық қатынастарға өту процестерімен тығыз байланысты және міндетті түрде пайда болатын құбылыс. Жұмыссыздық ерекшеліктеріне көңіл бөлсек, ол көптеген елдерге ұқсас жерлері де байқалады. Уақыт өткен сайын жұмыссыздыққа деген көзқарас өзгеріп тұрады. Мысалы, ХХ ғасырдың басында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болған кезде оны әлеуметтік зиянкестік ретінде санап күресуге барлық күштерді салу керек деген пікір қалыптасқан.
ХХ ғасыр ортасында экономиканың әрі қарай дамуына байланысты жұмыссыздықты әлеуметтік құбылыс және эпизодтық процесс деп есептеп, оның мемлекет үшін айтарлықтай зияны жоқ деген ойлар қалыптасқан.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында экономистердің көпшілігі жұмыссыздықты қысқа, ұзақ және тоқтап қалған түрлеріне бөліп әрқайсысының әкелетін зияндығын жеке – жеке қарастырды.
Жұмыссыздықтың пайда болу себептер
Экономикалық белсенділіктің төмендеуі немесе жоғарылауы. Экономиканың өзі циклдар бойынша қамтиды, яғни жоғары нүктесіне жеткенде өндіріс тиімді болып, толық жұмысбастылықты байқауға болады. Дегенмен, ерте ме, кеш пе өндіріс іс – әрекеті төмендей бастайды және нәтижесінде жұмыссыздық ұлғаяды.
Өндіріс көлемінен байқалатын эффект, яғни тауарларды шығару үшін кеткен жалпы шығындар деңгейі. Егер өндіріске қажетті жалпы шығындар көп болмаса, онда кәсіпорын да көп көлемде тауар шығаруға бармайды. Нәтижесінде өндіріс деңгейі, табыстар көлемі және жұмысбастылық деңгейі төмен болады, және керісінше өндірістің ұлғаюы пайда әкеліп шығындар өсетін болса, онда барлық көрсеткіштер де арта түседі.
Демографиялық факторлар, туу, өлу деңгейлерінде, халықтың жастық және жыныстық құрылымындағы өмір сүрудің ұзақтығында, миграциялық ағымдағы бағыттарды және басқа да өзгерістердің нәтижесінде экономикалық белсенді халықтың үлесі айтарлықтай өзгереді және еңбек нарығында дисбалансты тудырады.
Техникалық факторлар , ғылыми – техникалық прогресстің типтері және бағыттары өсіп жан – жақты болғандықтан жұмыс күші көптеген сфераларда қажет болмай қалады (электроника, интернет, лазерлік медицина).
Мемлекеттің несие – қаржы саясатының күрделілігі.
Инвестициялар тапшылығы.
Төлем балансының тұрақты түрде кері сальдосы, яғни шығындардың кірістерден асып кетуі.
Жұмыссыздық өзімен бірге күрделі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды алып келеді.
Оның негізгі қауіпті нәтижесі – азаматтардың жұмыс істеу қабілетін жоғалту және қажетті өнімді шығармау. Осы кезде Оукеннің заңы іске қосылады, яғни нақты жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен 1 пайызға асып түскен жағдайда ұлттық ішкі өнімнің деңгейі 2 – 2,5 пайызға төмендейді.
Жұмыссыздық қоғамның алға жүріп дамуына кедергі жасайды және соңында экономикалық өсудің қарқынын төмендетіп ұлттық ішкі өнімнің өсуін тотатады.
Сонымен қатар жұмыссыздықтың айтарлықтай әлеуметтік және моральдық әсері байқалады.
Еңбекке қабілеті бар халықтың басым бөлігі жұмыссыз болып жүрген соң өмірге деген декрессия пайда болып, қоғамның моральді негіздері жойылып, қылмыстың деңгейі өседі, адамдар ажырасады, қоғамда әлеуметтік проблемалар көбейіп, әсіресе адамдар өмірімен қоштасады, әр түрлі психикалық және жүрек аурулары көбейеді.
Американдық зерттеулердің нәтижесі бойынша жұмыссыздық деңгейінің 1 пайызға ғана өсуі келесі көрсеткіштердің өсуіне әкеледі:
Жалпы өлу деңгейі – 2% - ға
Өмірімен қоштасқандар – 4% - ға
Бас бостандығынан айырылғандар – 4% - ға
Психикалық аурулармен ауырғандар – 4% - ға
Достарыңызбен бөлісу: |