Тақырып №1 Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет12/31
Дата07.02.2022
өлшемі227,12 Kb.
#94249
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Лекция

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ә.К.Отаров, Б.С.Мырзалиев. Нарық жағдайында жоспарлау және болжамдау механизмді жетілдіру. – Алматы, 2009

  2. Ұлттық экономика: Оқулық./А.В.Сидоровичтің,Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялауымен.- Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 616 б.

  3. Ө.Қ.Есқараев. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007. – 232б.

  4. Ә.К.Отаров, Б.С.Мырзалиев. Нарық жағдайында жоспарлау және болжамдау механизмді жетілдіру. – Алматы, 2009


Тақырып №5. Кәсіпкерлік ортаны және кәсіпорындардың кәсіпкерлік мінез-құлқын қалыптастыру

Дәріс жоспары:


1. Кәсіпкерліктің түсінігі және мағынасы.
2. Бәсеке және жауапкершілік экономикалық ұғымдар ретінде
3. Кәсіпорынның кәсіпкерлік субъектісі ретінде дамуы
4. Кәсіпкерлік факторлары және кәсіпкерлік ортаны құру

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені нарықтық экономиканың өзі кәсіптік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту нарықтық экономиканы дамытудың кепілі.Сондықтан да,кәсіпкерлік төңіріндегі көптегенмәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.


Жалпы өркенетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйеді.Себебі кәсіпкерлік халықтыңәл-ауқатын арттырумен қатар,қосымша жұмыс орындарының ашылуынады себебін тигізеді.Кәсікерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.Техникалық прогресс ,тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымастық құруы келешегі зор бағыт.Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктердіқабылдауға анағұрлым қабілетті,нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді.Сондай-ақірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады,мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді.Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп,монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді.
Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік ,брокерлік , маркерлік , делдалдық, жарнама қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп,белсенді рөл атқарады.Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп,жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады.Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекеленген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды.Дегенмен де серіктестіктерде,кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүліктік толық немесе ішінара біріктіреді.Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш ,маңызды фактор болып есептелінеді.Сонымен қатар,ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы,ортақ меншіктің құруы ,осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез-келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеу керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді? Кез келген экономиканың бүгінімен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады.кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы,шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі,қабылданатын шешімдерге,одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтың базасы,әлеуметтік-экономикалық шарттары қабылдануы керек. Республикамыдағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігінен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық,экономикалық,әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада,түрде,типте болуын қалайды.кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен-кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметінің ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басынағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық –құқықтық құрылысы,масштабы,қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар:шаруашылық серіктестіктері,акционерлік қоғамдар,өндірістік кооперативтер,сондай-ақ мемлекеттік секторында-мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне қарай:толық,аралас,шектеулі болып бөлінеді. Акционерлік қоғамдар-бұл жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Олар екі түрге бөлінеді:ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар.
Кәсіпорын есейген сайын,оның табысқа жету мүмкіндігі де арта түседі. Басшысы бір,ұзақ өмір сүрген кәсіпорын,басқа кәсіпорындарға қарағанда жоғары және тұрақты табыс табады. Бизнес субъектілерінің сәтсіздікке ұшырауы кәсіпкерлердің дайындаға төмен болуымен айқындалады. Кәсіпорын басшылары жұмысты бірлесіп атқарады,онда тиімділік артады. Себебі,бірлескен шешім қабылдаудың маңызы өте зор.бір мезетте пайда болып,сондан кейін жоқ болатын қоғамдық қажеттіліктерді тұрақты түрде іздестіру және оған бейімделу бизнес стратегиясының негізін құрайды.
Бизнес-бұл адамдарды,яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына,кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өндірістің,нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сонымен,нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік-шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұйымдылық жағдайда көздейді дей тұрғанмен,ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экононмиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы мен дүниетанымы бар. Бұл жағдайға қарап,біз кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін айтуымызға болады. Кәсіпкерлік философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен өзгеріп тұрады. Себебіқоғамдық өмір менадамдардың қатынастары өзгеріп тұрады,ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Республикамызды кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып,бірқатар заңдар мен жарлық,қаулылар қабылданған.Атап айтқанда,алғашқы құжаттардың бірі болып «жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып,онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны,басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз-аталған қызметті орындаудағы құқықтық,эко-лық және ұйым-лық жағдайды қалыптастыру,мемлекетте жаңа эко-лық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикамызда «кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» қоры құрылып,президенті жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996жж. Арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты-экономикада жеке меншіктің инфрақұрылымын жетілдіру болып тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөнінде құқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесін зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайында форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып,оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Әрине,кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізінде құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші,тексеруші органдардың көптігі,кеден және салық заңдарының жетілгені,кемшіліктер,несие алудың қиындығы,кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы,бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерініңсандық үлесі артса да одан түсетін салықтың кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Сеюеюі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақстанда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  • Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

  • Мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

  • Жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

  • Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

  • Тексеруші органдар санын қысқарту;

  • Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету,т.б.

Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға»,салық төлеуден жалтаруға итермелейді.Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі-несие алудың жоқтығы ғана емес,сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын,жаңа нарықтарды,жаңа тауар түрлерін алады,сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.
Сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына,әр түрлі ресурстардың жылдам айналуына,кәсіпорындар арасында тиімді қатынастар орнауы үшін қолайлы жағдай құрылуына нарық инфрақұрылым элементтерінің дамуы да үлкен әсер етеді. Бизнесті дамыту үші нарық инфрақұрылымына үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені нарықтық инфрақұрылым дамымай шағын және орта бизнесті алға баспайды. Банктер,тауарлық және басқадай биржалар,сақтандыру компаниялары,аудиторлық және консалтингтік компаниялар ,транспорттық және байланыс кәсіпорындары нарық инфрақұрылымның басты элементтері болып саналады.
Қазақтсанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған .бұнның дәлелі,Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес,экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет.сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік:динамикалық түрде дамуы мүмкін,тұтынуышылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді,бәсекелес нарқытық қатынастарға ықпал етеді,экономиканың құрылымдық қайта құруына әсер етеді,жаңа жұмыс орындарын ашады,жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылылуына жағдай жасайды,елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады,мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы салаларын береді.
Заңдық құжаттарды көрсетілгендей,кәсіпкерлік-өзінің,қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар,Қазақстан және басқа елдердің азаматтары,шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі,заңға қайшылық етпесе,шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымды құрылған. Олар:Кәсіпкерлер Конгресі,Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы,Шағын кәсіпорындар Одағы,т.б. кәсіпкер азаматтармен,олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен,еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс,сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.
Кәсіпкердің мемлекетпен арадағы қатынасы да белгіленген. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпкерлермен экономикалық әсер ету механизмнің әр түрлі тұтқаларын қолдана отырып қатынасқа түседі. Ол тұтқалар мыналар:

  • Салық және қаржылық-несиелік саясат,соның ішінде экономикалық санкция шаралары;

  • Баға белгілеу саясатын реттеу;

  • Монополияға қарсы заңдылық;

  • Мемлекет мүлік резерв жүйесі,лицензия,лизинг;

  • Сыртқы сауда және валюта саясаты;

  • Мемлекеттік тапсырыстар;

  • Ғылыми-техникалық,экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар;

  • Республика кәсіпкероерінің бар көңілі мен энергиясы белгілі бір нарық нәтижелерге бағытталуы тиіс. Олар мынадай сипатты белгілерге ие болады;

  • Шешімдерді өз бетімен қабылдау;

  • Жаңалықтарға икемді болу;

  • Бизнеске белсенді қатысу;

  • Жаңалықтарды батыл енгізу.

Тақырып бойынша сұрақтар:



  1. Кәсіпкерліктің қазіргі экономикадағы мәні.

  2. Мемлекеттік кәсіпкерліктің сипаттамасы.

  3. Жеке ұдайы өндірістің классикалық көрінісі.

  4. Экономиканы ырықтандырудың қажеттілігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет