1. Институционалдық функциялар Үйлестіру функциясы: қоғамның қалыпты өмір сүруі мен эко-номиканың жүмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі қоғамдық топтардың, әлеуметтік-экономикалық топтардың, әр түрлі деңгейдегі жүйелердің келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттілігін білдіреді. Демократиялық, қүқықтық мемлекет жағдайында азаматтық қоғам институттары мен азаматтардың мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қатысу механизмдерінің ойдағыдай жұмыс істеуі қарастырылады.
Әкімшілік-құқықтық функция: заңнама, нормативтік база әзір-леу мен олардың сақталуын бақылауды қамтиды.
Қорғау функциясы: елдің ұлттық қауіпсіздігін (елді қорғау, құқық қорғау, ақпараттық қауіпсіздік), меншік құқығын қорғау-ды қамтамасыз етеді.