СоөЖ. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары



бет1/6
Дата22.04.2020
өлшемі19,93 Kb.
#64247
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
соөж (2)
История, урок №6, дүние тарих ұбт, 4апта


СОӨЖ. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары.

  1. Құқық қорғау органдары туралы түсінік және түрлері;

  2. Әр органның міндеті және оған мінездеме.


Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қадалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т.б. қызметі жатады.



Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

Сот. Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды.

Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - ҚР Әскери соты және басқалар) және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады.

Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.

Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады.

Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.

Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді:

- адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

- ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;

- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігінің аталған принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет