Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы



Дата10.11.2016
өлшемі443,05 Kb.
#1456


Астана қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ___________

___/__-_ қаулысына қосымша


Астана қаласында ерекше реттелетін объектілерге мониторинг жүргізу қағидалары
Осы Астана қаласында ерекше реттелетін объектілерге мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарына, Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Осы Қағида нормативтік құқықтық акті болып табылады және ерекше реттелетін объектілерге автоматтандырылған мониторинг жүргізу тәртібі бойынша талаптарды белгілейді, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді және осы қызметтің барлық субъектілерімен, сондай-ақ ерекше реттелетін объектілердің құқық иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен орындау үшін міндетті болып табылады.

Осы Қағида ерекше реттелетін объектілерге автоматтандырылған мониторинг жүргізудің ұйымдастырушылық негіздерін, мақсаттарын, міндеттерін, мониторингтің негізгі іс-шаралары мазмұнын айқындайды, мемлекеттік органдармен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері, пайдаланушы ұйымдар, ерекше реттелетін объектілердің құқық иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында қарым-қатынасты реттейді.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер.
1. Осы Қағидалардағы мақсаттар үшін мынадай түсініктер қолданылады:

автоматтандырылған мониторинг – объектіде құрастырылған автоматтандырылған мониторинг жүйелерін қолданумен ерекше реттелетін объектіге тұрақты түрде мониторинг жүргізу немесе зерттеу және өлшеу деректерін автоматты түрде өңдеу үшін аппаратура жинақтарын пайдаланумен ерекше реттелетін объектілерге уақытылы (мерзімді) мониторинг жүргізу.

инженерлік құрылымдарды (бұзылмайтын) мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі (ИҚМАЖ) – ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын бағалау, тұрақсыз факторларды анықтау, сондай-ақ оларды ескерту немесе жою бойынша шешімдер қабылдау үшін Астана қаласының Орталық мониторинг пунктіне хабарламалар жіберу мақсатында құрылыс құрылымдарының (геодезиялық, динамикалық, деформациялық және т.б.) әртүрлі өлшемдері туралы ақпарат жинауға және өңдеуге мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық құралдар жиынтығы;

ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелерін мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі (ИЖМАЖ) – тұрақсыз факторларды уақытылы анықтау, сондай-ақ оларды ескерту немесе жою бойынша шешімдер қабылдау үшін Астана қаласының Орталық мониторинг пунктіне апаттар мен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі мен фактілері туралы хабарламалар жіберу мақсатында инженерлік-техникалық қамсыздандыру жүйелері жағдайының әртүрлі өлшемдері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді жүзеге асыратын бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;

ерекше реттелетін объектілер – қала құрылыстық заңнамаға сәйкес жауаптылығы бірінші және екінші деңгейлі бірегей, техникалық күрделі объектілерге жататын ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, сондай-ақ ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылыстық белгілеуді талап ететін жылжымайтын мүліктің жеке объектілері;

пайдалану қауіпсіздігі – азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік немесе муниципальдық мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге зиян келтіруге байланысты қауіп-қатерге жол берілмейтін жағдай;

Астана қаласын мониторингілеу жүйесі (мониторинг жүйесі) – АМЖ, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды пайдалануды және техникалық қолдауды жүзеге асыратын, мамандандырылған ұйыммен ерекше реттелетін объектілердің техникалық жағдайына автоматтандырылған бақылауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің (АМЖ), уәкілетті органның ұйымдастырушылық іс-шаралар жиынтығы;

мониторинг нәтижелері туралы ақпарат – Астана қаласының аумағында ерекше реттелетін объектілердің техникалық жағдайы туралы деректер жиынтығы;

объектілерді мониторингілеу – сәулет, қала құрылысы және құрыылс қызметі объектілерінің жағдайын және өзгерістерін бақылау жүйесі;

мониторинг объектісі – оның меншік түріне, осы объектінің мықтылығына және пайдалану сипатына әсер ететін негізгі құрылымдық элементтеріне, осы объектіні жылумен, сумен, энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін инженерлік желілерге, сондай-ақ инженерлік жабдықтарға байланыссыз мониторингілеуге жататын ерекше реттелетін объекті;

инженерлік-техникалық қамсыздандыру жүйесі (ИТҚЖ) – сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, желдету, ауаны баптау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, байланыс, ақпараттандыру, диспетчерлендіру, қоқысты шығару, тік көлік (лифтілер, эскалаторлар) немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету функцияларын орындауға арналған ғимараттың немесе құрылыстың инженерлік жүйелерінің бірі;



мамандандырылған ұйым – мамандандырылған сәулет ұйымы болып табылатын және олардың техникалық жағдайын және пайдалану ресурстарын айқындау, Астана қаласының сәулет-құрылыс кешені, инновациялық технологияларды, жобалауды, ерекше реттелетін объектілерді мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін құру және автоматтандырылған жүйелерді пайдалану мен техникалық қолдау, ерекше реттелетін объектілердің техникалық жағдайын және олардың инженерлік жүйелерін зерттеу бойынша қызмет көрсету жөнінде жұмысшыларын оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін Астана қаласының ерекше реттелетін объектілерінің мониторинг нәтижелерін жинау, өңдеу және жинақтау бойынша функцияларды жүзеге асыратын ұйым;

мониторинг объектісінің техникалық жағдайы – жөндеу, пайдалану кезінде өзгеріске ұшыраған және белгілі бір уақытта осы объектіге техникалық құжаттамамен белгіленген белгілермен және оның элементтерімен сипатталатын мониторинг объектісі мен оның элементтері құрамының жиынтығы;

уәкілетті орган – құзыретіне мониторинг жүйесін басқару кіретін, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын Астана қаласының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

мониторинг объектісінің пайдалану ресурсы – күрделі жөндеуге дейін тұрғын үйді пайдаланудың қалған мерзімін бейнелейтін болжамды көрсеткіш;

мониторингтің орталық пункті – мамандандырылған ұйым құрамында құрылған мониторингтік ақпартты талдау және жинақтау нәтижелері бойынша әрекет етудің тиімді сценарийлерін анықтаудан, ерекше реттеу объектілерінен мониторингтік ақпаратты қабылдауға және өңдеуге арналған бағдарламалық-техникалық құралдар кешені.
2-тарау. Мониторинг жүйесінің мақсаттары, міндеттері мен принциптері
2. Астана қаласында ерекше реттелетін объектілерді мониторингілеу жүйесінің негізгі мақсаттары:

1) ерекше реттелетін обхектілерде және іргелес аумақта орналасқан азаматтардың өмірі мен денсаулығын, мемлекеттік және басқа да мүлікті, қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ осы объектілердің және оларда орналасқан ұйымдардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

2) тұрақсыз факторларды уақытылы анықтау арқылы ерекше реттелетін объектілерде апаттық және төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу, сондай-ақ объектінің кезекші-диспетчерлік қызметінің персоналына және Астана қаласының Орталық мониторингілеу пунктіне апаттық, төтенше жағдайлардың пайда болу қауіптері мен фактілері туралы хабарламалар жіберу;

3) ерекше реттелерін объектілерде мүмкін болатын апаттар мен төтенше жағдайларды (ТЖ) ескерту, оқшаулау және жою бойынша басқару органдарымен шешімдер қабылдауды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілермен, сондай-ақ Астана қаласының аумағында ерекше реттелетін объектілердің құқық иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен ерекше реттелетін объектілердің

автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібі бойынша талаптарды белгілеу болып табылады.

3. Мониторинг міндеттері:

1) объектілерді күтуге, техникалық қызмет көрстеуге және жөндеуге бағытталған бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

2) мониторинг объектілерінің пайдалану ресурсын және күрделі жөндеу жүргізудің соңғы мерзімдерін анықтау;

3) оларды салуды, қайта жаңартуды және күрделі жөндеуді аяқтағаннан кейін кепілдеме кезеңдер ішінде орындалатын жұмыстар сапасының мониторинг объектілерінің пайдалану ресурсына әсер етуін есепке алу;

4) мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;

5) ерекше реттелетін объектілерді күту және жөндеу саласында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін және толықтығын бағалау;

6) мониторинг жүргізу жөніндегі қызметте қатысатын әр түрлі субъектілермен қалыптасатын ақпараттық ағындарды біріктіру.

4. Мониторинг жүйесінің негізгі принциптері:

1) мониторинг объектілерінің техникалық жағдайы туралы ақпарат алу заңдылығы;

2) мониторинг объектілерінің техникалық жағдайына үздіксіз бақылау жасау;

3) мониторинг жүргізу нәтижелеріне қолжетімділіктің ашықтығы болып табылады.
3-тарау. Астана қаласының мониторинг жүйесі

5. Астана қаласының мониторинг жүйесі осы Қағидалармен және Астана қаласының аумағында мониторинг объектілерінің техникалық жағдайы туралы ақпараттың толықтығын, салыстырмалылығын, уақтылығын және дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, ұйымның және мониторинг жүргізу принциптерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істейді.

6. Мониторинг жүйесіне:

- уәкілетті орган;

- мамандандырылған ұйым;

- Орталық мониторинг пункті (бұдан әрі мәтін бойынша – ОМП);

- ерекше реттелетін объектілерді мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелері;

- байланыс пен басқарудың автоматтандырылған жүйелері кіреді.

7. Мониторинг жүйесінің негізгі мақсаты қағаз және электронды жеткізгіштерде мониторинг нәтижелері туралы ақпараты бар мониторинг объектілерінің техникалық жағдайының бірыңғай ақпараттық деректер қорын қалыптастыру болып табылады.

Мониторинг объектілерінің техникалық жағдайының ақпараттық деректер қоры Астана қаласының ақпараттық ресурсы болып табылады.

8. Мониторинг жүйесі аясында ақпараттық өзара әрекет ету, сондай-ақ оның өзге де ақпараттық жүйелермен немесе деректер қорымен өзара әрекет етуі нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады.

9. Объектілердің техникалық жағдайының ақпараттық деректер қорының құрамы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген мониторинг объектілерінің техникалық жағдайын зерттеу нәтижелері;

2) мониторинг объектілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған мониторинг объектілерінің құрылымдық элементтерінің ақаулары туралы ақпарат;

3) мемлекеттік бақылау органдарымен объектілерді тексеру кезенде анықталған ерекше реттелетін объектілерді пайдалану бойынша нормативтерді бұзу туралы деректер;

4) мониторинг объектілерінде және ерекше реттелетін объектілерді пайдаланушылардың өтінімдеріндегі апаттық жағдайлар туралы апаттық және диспетчерлік қызметтермен тіркелген ағымдағы ақпарат;

5) мониторинг объектілерінің техникалық жағдайын сипаттайтын өзге де ақпарат болып табылады.

10. уәкілетті органның немесе ерекше реттелетін объекті иесінің ОМП-ға мониторинг объектілерін пайдалану сипаттамалары туралы ақпарат беруден дәлелсіз бас тартуы осы объектілерді пайдаланушыларға немесе онда тұратын азаматтарға жол берілмейді.

11. Мониторинг нәтижелері туралы ақпарат мониторинг объектілерін күрделі жөндеудің жыл сайынғы және келешектегі жоспарларын қалыптастыру, қаражат қажеттілігін бағалау үшін бағытталған.

12. Мониторинг объектілері техникалық жағдайының бірыңғай ақпараттық деректер қорындағы мониторинг нәтижелері туралы ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпараттық ресурс болып табылады. Мониторинг объектілері техникалық жағдайының ақпараттық деректер қорындағы мәліметтерді пайдалану тәртібі, сондай-ақ қызығушылық танытқан жеке, заңды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға сұратуы бойынша оларды беру тәртібі уәкілетті органмен айқындалады.

13. Мониторинг объектілерін мониторингілеу кезінде ақпарат алу тәртібі уәкілетті органмен айқындалады.
4-тарау. Автоматтандырылған мониторингке

жататын объектілердің санаты
14. Міндетті автоматтандырылған мониторингке мынадай объектілер санаты жатады:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес жауаптылығы бірінші және екінші деңгейлі бірегей және техникалық күрделі объектілерге жататын объектілер;


2) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 4 және 6 бөлімі 1, 3, және 4 тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілері;

3) бі уақытта 500 және одан да көп адамға арналған мәдени-көріністік, спорттық объектілер және әкімшілік ғимараттар.

15. осы тараудың 1-тарауында көрсетілген объектілердің иелері оның меншік түріне байланыссыз осы тараудың 1-тарауында объектілерді мониторингтің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.

16. ерекше реттелетін объектінің жауаптылық деңгейі мен күрделілігіне байланысты уәкілетті органмен келісу бойынша жол беріледі, объектіні жабдықтауды бұзылмайтын құрылымдар мониторингінің автоматтандырылған жүйесімен жүзеге асырмау.

17. Объектілерді мониторингтің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықтау ерекше реттелетін объектілерді жаңадан салу, күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде жүзеге асырылады.
5-тарау. Мониторинг жүйесін құру және пайдалану

тәртібіне талаптар
18. Жаңадан бағаланатын ерекше реттелетін объектіге арналған жобалау құжаттамасының құрамында инженерлік (бұзылмайтын) құрылымдарды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін құру туралы бөлім қарастырылу қажет.

Жобалау құжаттамасы құрамында инженерлік (бұзылмайтын) құрылымдарды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін құру туралы бөлім болмаған жағдайда сараптама органдары жобалау құжаттамасына оң жақты қорытынды беруге құқығы жоқ.

19. Ерекше реттелетін объектіні салу барысында салынып жатқан ерекше реттелетін объектінің құрылыс құрылымдарының тұрақты немесе уақтылы мониторингі, оның жақын жердегі объектілерге және қоршаған табиғи ортаға әсері қарастырылу қажет. Осы талаптарды орындау үшін құрылыс салушы жауапты болып табылады.

Ерекше реттелетін объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға енгізу оларды мониторингтің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықтағаннан кейін жүзеге асырылады.

20. Ерекше реттелетін объектіні пайдалану кезінде уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте және талаптарда Орталық мониторинг пунктіне мониторингтік ақпаратты берумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Осы талапты орындау үшін ерекше реттелетін объектіні пайдаланушы ұйым жауапты болып табылады.


2-бөлім. МОНИТОРИНГ САЛАСЫНДА БАСҚАРУ
6-тарау. Астана қаласы әкімдігінің мониторинг саласындағы өкілеттігі
21. Мониторинг саласында Астана қаласының әкімдігі:

1) Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларына және қала құрылыстық нормаларға сәйкес Астана қаласында ерекше реттелетін объектілерді мониторингілеу саласында саясатты әзірлейді және іске асырады;

2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша:

- мониторинг саласында автоматтандырылған мониторинг жүргізу тәртібін;

- ерекше реттелетін объектілер мониторингі автоматтандырылған жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешендеріне бірыңғай техникалық талаптарды;

- мониторинг объектілері техникалық жағдайының ақпараттық деерктер қорына келіп түсетін ақпараттар (көрсеткіштер) тізбесін, сондай-ақ оларды беру мерзімі мен тәртібін бекітеді.

3) Астана қаласында ерекше реттелетін объектілерді күрделі жөндеудің мақсатты бағдарламаларын әзірлеу және орындау кезінде мониторинг жүйесін қолдануды қамтамасыз етеді;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылық ететін орталық мемлекеттік органмен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.


7-тарау. Мониторинг саласындағы басқару органы
22. Мониторинг саласында қызметті ұйымдастыру және басқару уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

23. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді және мониторинг саласында кешенді басқаруды жүзеге асырады;

2) мониторинг саласында құқықтық актілердің және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және Астана қаласының әкімдігімен бекітуге енгізеді:

3) мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;

4) мониторинг саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

5) автоматтандырылған мониторинг саласында мамандарды даярлау және оқыту үрдісін ұйымдастырады;

6) Астана қаласы әкімдігімен келісім бойынша мониторинг жүргізу үшін мамандандырылған ұйымдарды тартады;

7) халықты, ұйымдарды және билік органдарын мониторинг нәтижелері және тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы дер кезінде ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.

24. Уәкілетті орган апаттардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғау саласында Астана қаласының билік органдарымен және ұйымдарымен мониторинг мәселелері бойынша өзара әрекетті ұйымдастырады.

Өзара әрекет етудің ортақ сызбасы Осы қағидаларға қоса ұсынылады.

25. Уәкілетті органның оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қабылданған шешімдері барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті және тек сот тәртібінде ғана шағым беруге жатады.

26. Уәкілетті органның және мамандандырылған ұйымның жүргізілген мониторинг сапасы және берілген ұсынастары үшін жауапкершілігі заңнамамен белгіленеді.
8-тарау. Орталық мониторинг пункті
27. Астана қаласын мониторингілеу жүйесінің негізгі түйіні және жұмысшы элементі Орталық мониторинг пункті болып табылады.

28. Орталық мониторинг пункті ерекше реттелетін объектілерді мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелерімен басқару органдарымен тікелей күнделікті өзара әрекет ету, келіп түскен ақпаратты талдау және жинау, құрылымдық жүйелерде және ИТҚЖ объектілерінде жағымсыз жағдайлардың дамуын болжау, объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тиісті іс-шаралар жүргізу бойынша объектілердің иелеріне ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы апаттардың және төтенше жағдайлардың пайда болу жолдары мен фактілеріне әрекет ету жөніндегі Астана қаласының барлық құрылымдарының әрекеттерін үйлестіру үшін құрылады.

29. ОМП құрамы, штаттық саны, өкілеттігі және міндеттері уәкілетті органмен айқындалады.

30. ОМП техникалық жабдықтауда жергілікті есептеуіш желісімен біріктірілген пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарынан тұратын зияткерлік бағдарламалық-техникалық кешені, сондай-ақ ұжымдық пайдалану құралдары бар жағдайлық орталығы және төтенше жағдайлар туралы ақпаратты (хабарламаларды) қабылдау мен өңдеуді, төтенше жағдайларды жағдайлық талдау және басқару шешімдерін шығаруды қамтамасыз ететін арнайы фукнционалдық тапсырмалар кешені болуы керек.


3-бөлім. Мониторинг жүргізу
9-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі
31. Автоматтандырылған мониторингке жататын объектілерді мониторингілеу процестерін автоматтандыру осы объектілерді мониторингтің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықтау және оларды Астана қаласының уәкілетті органына пайдалануға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

32. Астана қаласының аумағында мониторинг жүргізу тәртібі Осы қағидалармен және уәкілетті орган актілерімен белгіленеді.

33. Автоматтандырылған мониторинг жүргізу тәртібімен:

- автоматтандырылған мониторингке жататын объектінің инженерлік жүйелер тізімі және олардың өлшемдері;

- мониторингтің автоматтандырылған жүйелерімен берілген ақпараттың құрылымы мен өлшемдері;

- мониторинг жүйесімен басқару органдарына ақпарт беру мерзімдері белгіленуі тиіс.

34. Мониторинг объектілерінің техникалық жағдайы туралы ақпарат Астана қаласы әкімдігімен белгіленген тәртіпте мониторинг объектілері техникалық жағдайының ақпараттық деректер қорына енгізіледі.

35. Мониторинг уәкілетті органмен әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.


10-тарау. Автоматтандырылған жүйелерге және мамандандырылған ұйым қызметкерлерінің біліктілігіне жалпы техникалық талаптар
36. ОМП бағдарламалық-техникалық кешенінің (БТК) ерекше реттелетін объектілер мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында деректерді өңдеу мен берудің біртектес техникалық және бағдарламалық құралдарын пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

37. Автоматтандырылған жүйелер мен бағдарламаның бағдарламалық-техникалық кешендеріне бірыңғай техникалық талаптарды әзірлеуді және бекітуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

38. Мамандандырылған ұйым қызметкерлерінің біліктілігіне талаптар ды уәкілетті орган бекітеді.

39. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу, ұйымдастыру және пайдалану үшін бірыңғай технологиялық база құру, жобалау, салу процестерін көзбен шолу және ерекше реттелетін объектілерді пайдалану сатысында тікелей мониторингілеу мақсатында инновациялық технологиялар, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық үлгілеу технологиялары (ВІМ-технология) қолданылу қажет.


4-бөлім. Осы Қағидалардағы талаптардың сақталуын бақылау және Осы Қағидалардағы талаптардың сақталмауына жауапкершілік
11-тарау. Осы Қағидалардағы талаптардың сақталуын бақылау
40. Ерекше реттелетін объектілерді мониторингілеу саласында қызметтің жүзеге асуын бақылау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Осы Қағидалардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

41. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасау тексеру түрінде және басқа да нысандарда жүзеге асырылады.

42. Тексеру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың басқа түрлері заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
12-тарау. Осы Қағидалардағы талаптардың

сақталмауына жауапкершілік
43. Осы қағидалардың ережелерінің бұзылуына жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес белгіленеді.
5-тарау. Қорытынды ережелер
44. Осы қағидаға өзгерістер Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласы әкімдігінің ұсыныстары бойынша енгізіледі.

45. Осы қағидалардың әрекет етуі жобалауы 2016 жылғы 1 қаңтардан басталатын ерекше реттелетін объектілерге қатысты.

_____________________

Астана қаласында ерекше

реттелетін объектілерге

мониторинг жүргізу қағидаларына



1-қосымша

Орталық мониторинг пунктінің Астана қаласының кезекші-диспетчерлік қызметтермен өзара әреке етуінің жалпы сызбасы


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет