СоөЖ. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары



бет3/6
Дата22.04.2020
өлшемі19,93 Kb.
#64247
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
соөж (2)
История, урок №6, дүние тарих ұбт, 4апта
Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығымен реттеледі.

Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:

- жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;

- қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- қылмысқа қарсы күресу;

- өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау;

- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған жүргізушілер мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және т.с.с.

Қазақстанның ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесі - Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және басқа мекемелерден құралады.

Ұлттық қауіпсіздік органдары. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.

Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" заң күші бар Жарлығы реттейді.

Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, оның жергілікті органдарынан және басқа да тиісті мекемелерінен құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет