СоөЖ. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары



бет2/6
Дата22.04.2020
өлшемі19,93 Kb.
#64247
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
соөж (2)
История, урок №6, дүние тарих ұбт, 4апта
Прокуратура. Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық мәртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтарымен реттелген.

Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры басқарады, ал оған облыстық прокуратуралар, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған (көлік, табиғат қорғау, сондай-ақ арнаулы объектілердің прокуратуралары) прокуратуралар кіреді. Республиканың Бас Прокурорын Республика парламенті Сенатының келісімі мен Президент тағайындайды.

Сонымен, прокуратура мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді және т.с.с. Сөйте тұра, прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды, ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет