Әділет органдары. Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Әділет органдары туралы" заңы реттейді.
Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттеріне:
• заң жобасын дайындау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу;
• заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
• құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
• сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету және басқалар (Заңның 3-бабы) жатады.
Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге бағынысты ұйымдардан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |