Қазақстан Республикасының адвокатурасы. Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.
Адвокаттардың құқықтық статусы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы "Адвокаттық қызмет туралы" Заңымен реттеледі.
Жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс.
Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда, қалаларда адвокаттар алқасы және жекеменшік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді.
Адвокаттар төмендегідей қызмет көрсетеді:
- шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;
- талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;
- анықтау, алдынала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді және т.б.
Нотариат. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландаруға, 1997 жылғы шілденің 14-де қабылданған "Нотариат туралы" заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |