Некроз морфологиясы
Некроздық массаның түсі оның құрамындағы қанға және әр түрлі бояутектерге байланысты. Өлген тін ақшыл немесе сарғыш болады, ол көбіне қызыл-қоңыр желектелген. Шіріп ыдыраған өлі тін арнайы өзіне тән жағымсыз иіс береді. Некроздың микроскопиялық белгілері жасушалар ядроларының және цитоплазмалардың қайтымсыз өзгерістерінен құралады. Бастапқы кезде ядро бүріседі және тығыздалады — кариопикноз жасалады. Содан кейін ядро ыдырайды — кариорексис. Ақыр соңында ядролы зат ериді — кариолизис. Жасушалық ядроның жоғалуы — некроздың бірден бір негізгі белгісі. Осындай құбылыстар цитоплазма өлімінде де байқалады — плазморексис және плазмолизис. Ақырында, бүкіл жасуша еріп кетеді — цитолиз.
Некроз аяқталуы
• қолайлы аяқталу, дәнекер тінмен пайда болған ақаудың орнын толтыру, ол тыртық болып қалыптасады — дәнекер тінмен некрозға ұшыраған бөлікті ұйымдастырылу, немесе қоршау (инкапсуляция). Бұл жайда некрозды жер петрификацияланады. Кальцификацияланған өлі еттенген жерде қуыс жасалады, оны киста деп атайды.
• қолайсыз аяқталу, ол тіннің немесе мүшенің тіршілігінің жоғалтуына (некроз) байланысты аурудың өлімімен аяқталуы (мысалы, миокард инфарктысы немесе ұйқы безінің некрозы).
Некроздың клинико-морфологиялық түрлері
Жасалатын орнына қарай және некроз ерекшеліктеріне қарай келесі клинико — морфологиялық түрлері бар.
Гангрена — тіндер некрозы, сыртқы ортамен шектескен. Бұнда гемоглобин темірі, некрозға ұшыраған тіндерде ауадағы күкіртсутегімен қосылып темір сульфидін жасайды, некрозға ұшыраған тіннің түсін өзгертеді, — қара түске бояйды. Гангрена теріде, аяқтарда, ішектерде, өкпеде, қынапта, жатырда және басқа жерлерде дамиды. Гангренаның бірнеше түрлері бар.
• Құрғақ гангрена сұйықтығы аз мөлшерде болатын тіндерде дамиды. Бұндай өзгеріс көбіне аяқ-қолда, сонымен бірге басқа да жерлерде,
• Дымқыл гангрена сұйықтыққа бай тіндерде дамиды, сондықтан өкпеде, жатырда, ішектерде кездеседі.
• Анаэробты немесе газды гангрена жасалады, егер жаралы жерге анаэробты бактериялар түссе. Некроздалған бұлшықеттерде коагуляциялық некроз дамиды, олар қара-сұр түсті, басқан кезде газ көпіршіктері шығады.
• Төсекжара — шығу тегі трофоневротикалық, әлсіреген ауруларда қысым әсерін, теріде, тері асты майлы тінінде, кілегей қабықта пайда болады. Төсекжара сегізкөз, бөксе, өкше сүйек аймақтарында дамиды.
Инфаркт — ішкі ағзалар тінінде некроз, даму себебі қанайналымының жедел бұзылуы нәтижесі, тамырлар бітелуі (обтурация) немесе артерияларда ұзаққа созылған спазм. Ең айқын мысал — миокард, ми, өкпе, бүйрек, талақ инфарктері.
ҚАБЫНУ — ол мәнді жалпы патологиялық процесс, мақсаттылығы қорғаныс-бейімделу қызметін атқарады, жарақаттаушы ықпалды жоюға және жарақатқа ұшыраған тінді қалпына келтіруге бағытталған.
Қабыну — күрделі жиынтықты процесс, 3 өзара байланысқан реакцияларден тұрады: альтерация (жарақаттану), эксудация және пролиферация.
Қабынудың компоненттері:
1. Алтерация
2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері
3. Пролиферация
Алтерация – зақымдану - жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қантамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері.
Қабыну ошағында зат алмасу өзгерістері
Зат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері:
Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасы зақымдануы лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы
Түзілу үрдістерінің төмендеуі
Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2 және Н2О (митохондрий мембранасы зақымдануы әсерінен) тыныстық коэффициенттің ( ТК = бөлінген СО2/қабылданған О2).
Достарыңызбен бөлісу: |