жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
орталықтандырылған
немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты: Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері: Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты: а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты: Табиғи:
желдің қысымы арқылы;
сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;