Гигрометр МВ–1 аспабы–ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы( 1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді
Гигрограф аспабы –ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады.