Тест сұрақтарының тізімі



Дата11.01.2023
өлшемі23,8 Kb.
#165295
Байланысты:
Физика сұрақтары


Пән: «Физика»
Тест сұрақтарының тізімі
(100 сұрақ)
1.1 моль зат мөлшерінде қанша сутегі молекуласы бар?
2. 20С температураны Кельвин температурасына келтір?
3.Клапейрон теңдеуі қайсысы ?
4. Ашық ыдыстағы қайнау температурасы қалай өзгереді, егер оның атмосфералық қысымы жоғарыласа?
5. Кез-келген кристалл мынандай қасиетке ие?
6. Тұрақты ток тізбегінің кедергісі неге тең, егер оның ток күші 4 А, ал кернеуі 2 В-қа тең
7.Екі тізбектей жалғанған өткізгіштің ортақ кедергісі неге тең. Егер оның әр кедергісі 4 Ом болса?
8.Электрлік ток күшінің өлшем бірлігі?
9.Электр тізбегінің сыртқы кедергісі 2 Ом, ішкі кедергісі 1 Ом, ЭҚК. 18 В болса, ток күшін тап?.
10.Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы?
11.Элементар электр заряды неге тең?
12.Заряд өлшем бірлігі?
13.Энергияның өлшем бірлігі
14.Электр тоғының қуатын анықтайтын формула
15.Газ 300 Дж жылу мөлшері алғанда, ішкі энергия 200 Дж-ге артты. Газдың жасаған жұмысы неге тең?
16. Сұйық күйден қатты күйге өту процессі
17.Молекула- кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі?
18.Құрғақ отынды жағуға кеткен жылу мөлшерін тап, егер оның массасы 20 кг болса (меншікті жану жылуы 1·107 Дж\кг)
19.Жекелеген кристалдарды ...... деп атайды.
20. Электр лампасының кернеуі 4,5 В, ток күші 0,5 А болса, қуатты тап?
21.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал?
22. Альфа-сәуле шығару дегеніміз не?
23. Эйнштейннің фотоэффект құбылысына арналған формуласы қандай?
24. Уранның 29325 U изотобының ядросында қанша Z протон мен қанша N нейтрон бар?
25. Төмендегі ядролық реакцияның екінші затын (өнімін) табыңыз.37Li + 11Н = 24Не+?
26. Атомның планетарлық моделін жасаған-
27.Жиіліктің өлшем бірлігі
28.Жұмыс атқарылмайтын жағдай
29. Массасы 60 кг жүргізуші 200 см/с2үдеумен қозғалған автомобиль орындығының арқасын қысатын күші
30.Бірінші ғарыштық жылдамдық
31. Ньютонның үшінші заңы:
32.Массасы 8 кг дене 0,5 м/с2 үдеу алғандағы әсер күші
A) 40 Н
B) 4 Н
C) 400 Н
D) 20 Н
33. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда тұрақты болатын шама
34. формуласы бойынша анықталатын шама
35. Электр қуатының өлшем бірлігі
36. 3 с ішінде 6 кДж жұмыс жасайтын дененің қуаты
37. Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күш.
38. Жиілігі ең төмен сәуле
39. Томсон формуласы
40.Төменде аталған бөлшектердің арасындағы оң зарядталғаны
41. «Восток» ғарыш кемесінде құрылған радиохабарлағыштың жұмыс істеу жиілігі 30 МГц болса, онда оның толқын ұзындығы.(с =3*108 м/с)
42. Изотоптар дегеніміз.....
43. Ядродағы нейтрондар саны
44. Электрсыйымдылығы 0,5 Ф конденсатор 5 В кернеуге дейін зарядталған. конденсатордың бір астарындағы заряд неге тең?
45. Металдардағы электр тогын құрайтындар қандай электр зарядын тасушылар?
46. Дененің бірдей уакыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы
47. Фотон дегеніміз не?
48. Кернеуі 100 В және ток күші 3 А, 1 минуттағы электр плитасындағы токтың жұмысы
49. Ерекше және жаңа қасиеттер алу мақсатында материямен атомдық, молекулалық және супрамолекулалық деңгейлейлерде амалдар жасау әдістері
50. Қазақстанның қай қаласында ұлттық нанотехнология зертханасы ұйымдастырылды?
51.Ыдыста 5 моль гелии орналасқан. Шамамен ыдыста қанша гелии орналасқан?
52.Изотермиялық процессте қандай шама тұрақты?
53.400 К температура шкаласын Цельсий бойынша келтір?
54.Сұйық қандай қасиетке ие?
55.Кулон заңының формуласын қандай?
56.Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі …
57.Тізбек бөлігінің ток күші 4 А, кернеуі 8 В-қа тең болса, кедергі неге тең В?
58.Электр тогының қуатының формуласы?
59.Ньютон 2заңының формуласы?
60. Авагадро тұрақтысы неге тең?
61. Заттың сұйық күйден газ күйіне өтуі,
62. Зарядты өлшейтін құрал?
63.Жылдамдықтың өлшем бірлігі ?
64.Көптеген майда кристалдардан тұратын кристалдарды ...... деп атайды.
65. Күштің өлшем бірлігі?
66. Екі заттың молекулаларының бір-бірімен араласып, біріне-бірі өту құбылысы қалай аталады?
67. Газға 100 Дж жылу мөлшері берілгенде, оған бөгде күштер 300 Дж жұмыс істесе, ішкі энергия өзгерісін тап?
68. Серпімділік күшінің формуласы?
69. 5 кг эфирді буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек? (Меншікті булану жылуы2·106 Дж)
70. Кедергінің формуласы?
71. Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді қалай атайды
72. Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске қарай жіктеліп, жолақтар немесе сызықтар түрінде көрінуі
73. Сутегінің 31 Н изотобының ядросында қанша Z протон мен қанша N нейтрон бар?
74. реакциясындағы белгісіз бөлшек:
75.Бета-сәуле шығару дегеніміз не?
76. Үдеудің өлшем бірлігі ?
77. Бұрыштық жиіліктің өлшем бірлігі
78. Күш әсер еткендегі дененің қозғалысы
79. Массасы 70 кг жүргізуші 200 см/с2үдеумен қозғалған автомобиль орындығының арқасын қысатын күші
80. Екінші ғарыштық жылдамдық
81. Толық тізбек үшін Ом заңы?
82. Массасы 10 кг дене 0,4 м/с2 үдеу алғандағы әсер күші
83. Өткізгіштерді параллель жалғағанда тұрақты болатын шама
84. формуласы бойынша анықталатын шама
85. Қысымды өлшейтін құрал
86. 4 с ішінде 8 кДж жұмыс жасайтын дененің қуаты
87. Заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі,
88. Кедергі өлшем бірлігі?
89. Жиілігі ең жоғары сәуле
90. Төменде аталған бөлшектердің арасындағы теріс зарядталғаны
91. «Восток» ғарыш кемесінде құрылған радиохабарлағыштың жұмыс істеу жиілігі 50 МГц болса, онда оның толқын ұзындығы.(с =3*108 м/с)
92. Радиактивті элементтердің ерекше сәуле шығаруын қалай атайды
93. Ядролық реакцияның екінші өнімін көрсет
94. Конденсатор сыйымдылығы 5 пФ .Егер де потенциалдар айырымы 500 В болса, онда оның астарларының әрқайсысында қандай заряд болады?
95.Нейтрон бөлшегін ашқан кім?
96. Ток күші өлшем бірлігі атақты қандай физиктің құрметіне?
97. Изобаралық процессте қандай шама тұрақты?
98. Кернеуі 100 В және ток күші 2 А, 1 минуттағы электр плитасындағы токтың жұмысы
99. Нанобөлшектерден тұратын немесе нанотехнология негізінде жасалған макроскопиялық зат
100. Молекулалық деңгейде зақымданған ұлпаларды емдеу және қалпына келтірумен айналысатын қызмет саласын не деп атайды?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет